жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Вариативті компонент «Ортаңғы топ балаларына арналған музыкалық ойын-сауықтар»
Түсініктеме хат
Сіздердің алдарыңызда ортаңғы топтарында күннің екінші жартысында өткізуге арналған вареативтік компонент « Ортаңғы топ балаларына арналған музыкалық ойын-сауықтар» ұсынылған. Бұл жұмыс 4-5 жастағы балаларға «Тәрбиеші күні», «Орман мейрамы», «Біздің топта мереке», «Ертегілер біздің достар» т.б. 36 тақырыптан тұрады. Ойын-сауықтар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Бұл жұмыстың мақсаты мектепке дейінгі мекеменің іс-әрекеті жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу,
талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес
мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі
мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі
бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу,
қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс
жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін
жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып
тұр.
Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы –
адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар,
әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар
бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін,
мәдениетін
тәрбиелейді
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді
тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің
үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс
қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке
ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер
етеді. Ойын-сауықтар өткізу кезінде ойынның бала өмірінде алатын
орны зор, ойнау балалардың табиғи қажеттілігі, оның өсіп -
жетілуінің негізгі шарты десе де
болады.
Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылып, тереңде жатқан талап - тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізу. Оған тәрбиешілер мен педагогтар жан тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңіру керек.
Күтілетін нәтиже:
Білу:
-
Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
-
Мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.
-
Балалардың сахналаудағы белсенділіктерін арттыру.
-
Ойын-сауықтарға дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.
Қолдану:
-
балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
-
баланы жарыса білуге қалыптастыру;
-
баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік дағдыларымен сәйкес келетіндігін ескеру.
Вариативті компонент
«Ортаңғы топ балаларына арналған музыкалық ойын-сауықтар»
|
№ |
Тақырыбы , мақсаты: |
Өткізілетін сағаты, мерзімі: |
|
1 |
Тақырыбы: Жол жүру ережесі Мақсаты: ЖЖЕ туралы мәлімет беру. Ойын арқылы керекті мәліметтерді бекіту. Топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Кішіпейілдікке тәрбиелеу. |
1 08.09.2016ж |
|
2 |
Тақырыбы: «Көңілді смешариктер» Мақсаты:Мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен, цирктік қойылым арқылы балалардың ағылшын тілі, музыкаға және дене шынықтыру пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Берілген тапсырманың шешуін табуға дағдыландыру. Топпен жұмыс жасауға үйрету. Аудиторияға жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Өзін - өзі ұстау дағдыларын қалыптастыру. |
1 15.09.2016ж |
|
3 |
Тақырыбы: «Кемедегі хикая» Мақсаты: Өз қатарластарына жағымды көзқарас тудыру. Жылы қарым - қатынасты тәрбиелеу, бір-біріне көмек беру қабілеттерін ояту. Достық қарым-қатынасты жандандыру, эмоционалды қатынасты дамыту. |
1 22.09.2016ж |
|
4 |
Тақырыбы: «Біздің топта мереке » Мақсаты: Балаларды топтық мерекесіне шақыру. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суреттерін салдыру. |
1 29.09.2016ж |
|
5 |
Тақырыбы: «Тәрбиеші күні» Мақсаты: Қандай мамандық болса да оған сыйластықпен қарау. Балаларда еңбекті бағалау дағдыларын қалыптастыру |
1 06.10.2016ж |
|
6 |
Тақырыбы: «Ертегілер - біздің достар» Мақсаты: Балаларға шын көңілден шаттық көңіл - күй сыйлап, ертегілер түрлерімен таныстыру. Мерекеге жақсы көңіл-күй керек екенін балаларға ұғындыру. |
1 13.10.2016ж |
|
7 |
Тақырыбы: «Күзгі бал» Мақсаты: Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға салып, сайысқа деген қызғушылығын арттыру. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. |
1 20.10.2016ж |
|
8 |
Тақырыбы: «Ақ тиін күні» Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мәлімет беру. Қоныстайтын жерлерін айқындау, тиіннің еңбекқорлығы жайлы мәлімет беру. |
1 27.10.2016ж |
|
9 |
Тақырыбы: «Қызықты сүт күні» Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балаларға сайысқа қатысу қызығушылықтарын арттыру. Бір - біріне деген көңілді көңіл - күйді орнату. Сүт туралы мәлімет беру. Ағзаға тигізер пайдасы туралы айтып кету. Сүт тағамдару туралы білімдетін толықтыру. Электр құралдарымен қолдануды түсіндіру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Жұмбақтарды шешу, құрастыруларын жалғастыру. Ұжымдық қасиеттерін дамыту. |
1 03.11.2016ж |
|
10 |
Тақырыбы: «Түрлі-түсті бояулар» Мақсаты: Бояулар туралытүсінік беру. Балалардың назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету. |
1 10.11.2016ж |
|
11 |
Тақырыбы: «Джунгли шақырады» Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бір-біріне деген достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. |
1 |
|
12 |
Тақырыбы: «Мыстан кемпір сұлулар арасында» Мақсаты: Балаларды әдемілікке, эстетикаға, өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу. Үлкендерге сыйластықпен қарау, кішіпейілдік дағдыларын қалыптастыру. |
1 24.11.2016ж |
|
13 |
Тақырыбы: «Орман мейрамы» Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй сыйлау.Ұжымдасу сезімдерін дамыту. Бірлестік қабілеттерін, топта жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. |
1 08.12.2016ж |
|
14 |
Тақырыбы: «Қызғалдақты құтқарайық» Мақсаты: Балаларға гүлдер туралы түсінік беру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрету.Қызықты ойындар өткізу. Ойлау қабілеттерін дамыту. |
1 15.12.2016ж |
|
15 |
Тақырыбы: «Шаңғышы күні» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың қысқы спорт түрлеріне қызықтыру, қыс уақытында неғұрлым көп ойын түрлерімен таныстыру. |
1 22.12.2016ж |
|
16 |
Тақырыбы: «Би биле балақай!» Мақсаты: Балалардың музыканы тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту. Музыканы тыңдай отырып, бидің қимылын келтіруге үйрету. |
1 29.12.2016ж |
|
17 |
Тақырыбы: «Ақшақардың туған күні» Мақсаты: Ойын түрінде негізгі физикалық қасиеттерін: ептілікті, жылдамдықты, шыдамдылықты, тепе-тендікті сақтауға, қимыл-қозғалыс ойынында ұқыптылықты дамыту. |
1 05.01.2017ж |
|
18 |
Тақырыбы: «Күн, ауа және су, менің адал достарым» Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін, шапшандықтарын көрсете білуге үйрету. Дененің сау болуына, ауырмауына, денені шынықтыруға тәрбиелеу. |
1 12.01.2017ж |
|
19 |
Тақырыбы: «Су саяхаты» Мақсаты: Балалардың экологиялық сана сезімін қалыптастыру. Судың қасиеттерімен таныстыру, судың жердегі тірізатқа маңыздылығын нақтылау. |
1 19.01.2017ж |
|
20 |
Тақырыбы: «Құстар әлеміне саяхат» Мақсаты: Жалпы құстар туралы, олардың тіршілі мен пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. |
1 26.01.2017ж |
|
21 |
Тақырыбы: «Бауырсаққа қонаққа барамыз» Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып, қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге үйрету. |
1 02.02.2017ж |
|
22 |
Тақырыбы: «Білгір, бағдаршам» Мақсаты: ЖЖЕ туралы мәлімет беру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушылық ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу. |
1 09.02.2017ж |
|
23 |
Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат» Мақсаты: Балаларға өз денелерінің тазалығы туралы білімдерін қорытындылап, оларды қалай ұстау керектігін айту. Өз денсаулықтарын сақтауға үйрету. |
1 16.02.2017ж |
|
24 |
Тақырыбы: «Көңілді петрушка» Мақсаты: Топпен жұмыс жасауға үйрету. Аудиторияға жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Балаларға сайысқа қатысу қызығушылықтарын арттыру. Достық қарым - қатынасты жандандыру, эмоционалды қатынасты дамыту. |
1 23.02.2017ж |
|
25 |
Тақырыбы: «Көңілді күн» Мақсаты: Көңілді күн мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру. Сахналық мәдениетін қалыптастыру. Мерекелік көңіл –күй сыйлау. |
1 02.03.2017ж |
|
26 |
Тақырыбы: «Көңілді балық аулау» Мақсаты: Жылы қарым - қатынасты, тапқырлыққа тәрбиелеу, бір-біріне көмек беру қабілеттерін ояту. |
1 09.03.2017ж |
|
27 |
Тақырыбы: «Қыз болу оңай ма?» Мақсаты:Балаларды бір - бірін құрметтеуге үйрету. Бір-біріне кішіпейіл болу қасиеттерін дамыту. Ұл балаларға қыз бала нәзік жан екенін түсіндіріп, жеткізу |
1 16.03.2017ж |
|
28 |
Тақырыбы: «Ертегілер еліне шолу» Мақсаты: Ертегіні айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын ажырата білуге үйрету. Саусақпен сурет салуға және қағаз қиындыларынан үйшік құрастыруға, өз беттерінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. |
1 30.03.2017ж |
|
29 |
Тақырыбы: «Күлкі күні» Мақсаты:Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Ептілікке, шапшандыққа тәрбиелеу.Мерекенің себебін түсініп, анықтама беруге дағдыландыру. |
1 06.04.2017ж |
|
30 |
Тақырыбы: «Ғарыш, Жер, Әлем» Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірімен байланыстыра отырып түсіндіру. Тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру. |
1 13.04.2017ж |
|
31 |
Тақырыбы: «Көктемгі тамшылар» Мақсаты:Балаларды көктем мезгілімен, өзгерістерімен таныстыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. |
1 20.04.2017ж |
|
32 |
Тақырыбы: «Махаббат күні» Мақсаты: Балаларды анаға, туған жеріне , тәрбиешіге т.б. баулу. Бір-біріне деген махаббатын көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. |
1 27.04.2017ж |
|
33 |
Тақырыбы: «Араларда қонақта» Мақсаты: Балаларды араларға қонаққа апарып, қызықты ойын-сауық өткізіп, көңілдерін көтеру. |
1 04.05.2017ж |
|
34 |
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» Мақсаты: Балалардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік, ептілік , ержүректілік қасиеттерін қалыптастыру. Туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру. |
1 11.05.2017ж |
|
35 |
Тақырыбы: «Біз жазға қонаққа барамыз» Мақсаты: Мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларына жаз туралы мағлұмат беру, оның белгілері мен ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру. Қорыту және жүйелеу үшін жағдай жасау. |
1 18.05.2017ж |
|
36 |
Тақырыбы: «Балалар күні» Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп, айтуға үйрету. Бір - бірін сыйлауға , адамгершілік қасиетін жоғалтпай ұстауға жетелеу. |
1 25.05.2017ж |
|
|
Барлығы: |
36 |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген