400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Вариативтік жұмыс. "Үйшік ертегісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
2кіші топ тәрбиешісіне қажет материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№43 «Арман» балабақшасы












ІІ кіші «Құлыншақ» тобының балаларына ұйымдастырылған вариативтік жұмысы,театр әлемі

Тақырыбы:«Сәулетті үйшік»ертегісі








Өткізген:Бисенғалиева А.К














Атырау-2020 оқу жылы

«Үйшік» ертегісі.

Мақсаты: Ертегіні кейіпкерлендіре отырып, олардың мінез-құлқын келтіре білуге, сезіне білуге үйрету, жақсы мен жаманның айырмашылығын түсіндіру, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Ертегі кейіпкерлері қоян, бақа, қасқыр, тышқан, аю, түлкі атрибуттары, үй, орман макеті.

Билингвизм: Қоян-заяц, қасқыр-волк, аю-медведь, түлкі-лиса.

  • Д/о«Бұл қандай ертегі?»

  • Балалар, сендер ертегі еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Олай болса сендерге жұмбақ жасырайын, соны шешіңдер?

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды кісіні.

(қасқыр)

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(қоян)

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай, шу.

(түлкі)

Балпаң, балпаң басады,

Қыр, жотадан асады.

Паналайды үңгірді.

(Аю)

Автор:

Орманға көктем келіп, жан-жануарлар ұйқысынан оянды. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектер шығып, қөбелектер ұшып жүр. Орман ішіндегі ашық алаңқайда бір кішкентай үйшік тұрған екен. Оның жанынан бір тышқан өтіп бара жатады.

Тышқандар-Айша С,Каусар Е,Әділбек,Ақерке: Мына сүп-сүйкімді үйшікте кім тұрады екен, мен барып көрейік. Бұл үйшікте ешкім тұрмаса, онда біздер тұрайық.

Бақалар-Айару,Амира: Мына үйшікте кім тұрады?

Тышқандар- Айша С,Каусар Е,Әділбек,Ақерке: Біздер тықырлауық тышқанбыз, сендер кімсіңдер?

Бақалар- Айару,Амира: Біздер бақылдауық бақамыз.

Тышқандар-Айша С,Каусар Е,Әділбек,Ақерке Келіңдер, бізбен бірге тұыңдар, көңілді болады.


Қояндар-Айбибі,Амина,: Мына үйшікте кім тұрады екен?

Тышқандар- Айша С,Каусар Е,Әділбек,Ақерке: Біздер тықырлауық тышқанбыз,

Бақалар- Айару,Амира: Біздер бақылдауық бақамыз, сендер кімсіңдер?

Қояндар- Айбибі,Амина Біздер қорқақ қоянбыз.

Бақалар, тышқандар: Келіңдер, бізбен бірге тұыңдар, сендергеде орын жетеді.

Түлкілер-Малика,Ақнұр,Камила: Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқандар, бақалар, қояндар: Біз тұрамыз, сендер кімсіңдер?

Түлкілер-Малика,Ақнұр,Камила: Біз қу түлкіміз.

Тышқандар, бақалар, қояндар: Келіңдер, бізбен бірге тұрыңдар.

Қасқырлар-Сұлтан,Дінмұқанбет,Бейбарыс: Бұл үйшіктк кім тұрады?

Тышқандар, бақалар, қояндар,түлкілер: Біз тұрамыз, сендер кімсіңдер?

Қасқырлар- Сұлтан,Дінмұқанбет,Бейбарыс: Біз азулы қасқырмыз.

Тышқандар, бақалар, қояндар,түлкілер: Келіңдер, бірге тұрайық.

Аюлар-Самгар,Батыр,Амин: Мына сүп-сүйкімді үйшікте кім тұрады?

Аңдар: Біз тұрамыз, сен кімсің?

Аю- Самгар,Батыр,Амин: Біздер аюлармыз, сендермен бірге тұрғымыз келеді.

Аңдар: Сен сыймайсың, үлкенсің.

Аюлар ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.
– Жоқ, сендер дәусіңдер! Сендерді кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасыңдар гой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аюлар олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аюлар қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқандар, бақылдауық бақалар, қорқақ қояндар, қу түлкілер, сұр қасқырлар – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюларға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік тұрғызады.

Ән:«Дос болайық бәріміз»

Ертегі кейіпкерлері рольдерінде ойнаған балалар:

Тышқандар:Айша С,Каусар Е,Әділбек,Ақерке

Бақалар:Айару,Амира

Қояндар:Айбибі,Амина

Түлкілер:Малика,Ақнұр,Камила

Қасқырлар:Сұлтан,Дінмұқанбет,Бейбарыс

Аюлар-Самгар,Батыр,Амин

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі