Авторы:Арипбаева
Сандуғаш Джалдасбековна
Жамбыл
облысы Жамбыл ауданы Гродеково орта
мектебі жанынан ашылғын «Ақерке» шағын
орталығы:
Вариативтік
компонент: Ертегілер елінде
Тақырыбы:
«Шалқан» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: «Шалқан»
ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға
түсінік беру.
Дамытушылық:
«Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым
көрсету.
Тәрбиелік:
«Шалқан» ертегісін көрсете отырып,
балаларға бір отбасының татулығын,
бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер:
Шалқан ертегісінің кейіпкерлері фетрден
жасалған. Ширма
Ұйымдастыру
кезеңі:
Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан»
ертегісі. Ролдерде ойнайтындар:
Атай:
Жайлхан Ринат
Әжей:
Сейтен Ақниет
Немере
қызы:
Аменгелді Рамина
Күшік:
Сейлхан Төреғали
Мысық:
Дурсунов Ислам
Тышқан:
Оразалы Алихан
Автор:
Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал
мен кемпір болыпты.
Бір күні атай
шалқан екті де:
Атай: -
Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным,
мықты боп өс!
Автор:
Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті.
Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай
шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды,
жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке
әжейді шақырады.
Атай:Кемпірім,кемпірім
келіп көмектес.
Әже:
Мен көмекке келдім.
Автор:
Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып,
жұлып ала алмайды.
Әже:
- Атасы, екеуміздің осыған күшіміз
жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды
шақырайық.Қызым,қызым
келіп бізге көмектес
Автор:
Сөйтіп көмекке қызын шақырады.
Қызы
әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан
ұстап тартады. Алайда еш нәтиже
болмайды.
Қызы:
- Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты.
Мен күшігімді шақырайын.Күшігім,күшігім
келіп бізге көмектес.
Автор:
Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі
қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан,
атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ
тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік:
Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық.
Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор:
Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен,
күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан,
атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды,
бері тартқылайды. Тағы жұлып ала
алмайды.
Мысық:
- Менің ойымша бізге тағы да көмек керек
сияқты. Тышқан, тышқан бізге
көмектесші.
Автор:
Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол
кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Әжей
шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі
тағамнан дәм татады. Тышқан тамақты жеп
отырып, былай дейді:
Тышқан: -
Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі
жолы тағы көмегім керек болса, мені
шақырыңдар дейді.Бәрі бір дастарқан
басында отырып
мәз-мейрам
болады.
Саусақ
жаттығуы: "Достық"
жаттығуы.
Біздің
топта
ұлдар мен қыздар өзара дос (қолдың
саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай
саусақтар біз сенімен достасамыз (екі
қолдың саусақтарын
бір-біріне
тигізу)
Бір,екі,үш,төрт,бес(
шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен
бір-біріне тигізу)
Қайтадан
санауды бастаймыз.
Бір,екі,үш,төрт,бес
Дидактикалық
ойын: «Сиқырлы
суреттер?» ойыны.
Ойынның
мақсаты:
Балалардың логикалық ойлау
қабілетін,ес,зейін,қабылдау процесстерін
дамыту
Ойынның
құрал-жабыдықтары:
«Шалқын»
ертегісінің суреттер бөлінділері
Ойынның
мазмұны:Балалар
алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден
«Шалқын» ертегісінің суретін құрайды.
Қорытынды: Балаларды
мақтау, мадақтау. Сау
болыңдар!