400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Вариативтік компонент «Ертегілер еліне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Вариативтік компонент: Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: Бауырсақ (орыс халық ертегісі) сахналау

Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегіні сахналау арқылы баланың сөздік қорын байыту. Сөз арасындағы дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Диалогты сөйлеуге дағдыландыру. Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. 
Қойылымның кейіпкерлері: ата, әже, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі. 
Көрнекілігі: сахна орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар,маскалар. 
Сәлем, көк аспан!
Сәлем, жер ана!
Сәлем, достарым!
Сәлем, қонақтар!
Сәлем, сәлем, апайлар!. 
- Балалар бүгін бізде ерекше күн, біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Бізге ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр
- «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. . 
Музыка әуенімен балалар ертегі кейіпкерлеріне айналады. 
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы: 
Жүргізуші: 
Құрметті қонақтар! Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.  
Жүргізуші: 
Ерте-ерте, ертеде ата мен әже болыпты. Бірде ата әжеге:  
     Ата:   Кемпір, Кемпір маған бауырсақ пісірші. 
Әже: Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 
  Ата:   Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең, бауырсақтық ұн табылар. 
Жүргізуші: 
Әже қойма түбін қырып-қырнап бір уыс ұн тауып, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. 
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі де, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жалғыз аяқ жолмен домалай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем, онан да соны тыңда. 
Жүргізуші:  Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:   
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қоян 
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік. 
 Қоянның тапсырмасы: 
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан) 
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.) 
 Жүргізуші: 
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалай жөнеледі, оның алдынан қасқыр шыға келіп: 
Қасқыр: 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Жүргізуші: 
Бауырсақ әндете жөнеледі 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған 
Қасқыр 
-    жоқ, бауырсақ, өлеңің керек емес, сен менің тапсырмамды орында. 
Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып  алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік. 
1. Сөздерді буынға бөл: сәбіз, бал, қалам, балық. 
Жүргізуші: 
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.   
Аю 
-         Әй , бауырсақ ! Мен сені жеймін! 
Бауырсақ 
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған! 
Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері. 
Жүргізуші: 
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 
Түлкі 
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! 
Жүргізуші: 
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді. 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған!   
Түлкі 
-    Оңай құтала алмассың, менің тапсырмамды орында 
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер. 
     1.  Сылдырдан қорқады, 
      Шошынып жортады. (қоян) 
  2. Үстінен тоны түспеген, 
Сонда да араз қыспенен. (аю) 
  3. Төрт түліктің жауы,  
Түзде жүрер көк сері. (түлкі). 
  Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді. 
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды, біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді. 
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді. 
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді. 
Жүргізуші: 
Әже бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты. 
Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, (отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).    
Қорытындылау: 
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма? 
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық. 
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.) 
- Өте жақсы! 
- Ал, түлкі ше? 
-Түлкі қу, айлакер. 
Жағымды-Жағымсыз 
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан) 
-Ұн неден алынады? (Бидайдан) 
 Жүргізуші: 
Бауырсақтың түсі қандай? 
Бауырсақ: Сары. 
Жүргізуші: 
Бауысақтың пішіні қандай? 
Бауырсақ:  Домалақ, шеңбер. 
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ, нан, күлше, Бәліш, самса және түрлі макарон өнімдері. 
Қатысушылар: Жүргізуші-мұғалім, Әже-Аружан, Ата-Олжас, Бауырсақ-Жасмина, Қоян-Қасым, Қасқыр-Дария,  Аю-Естай, Түлкі-Інжу

















«№ 22 орта мектеп» МКМ











Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: Бауырсақ ертегісі (сахналық көрініс)











Орындаған: Мектепалды даярлық сынып

мұғалімі: Смайлова Ш.К.









Әли ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
1115
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі