400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Маған керек,аттестацияға керек.Өте жақсы көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:6.1 VI-IX ғасырлардағы Қазақстан.

Мектеп: № 42 орта мектебі, Тараз қаласы

Сынып:6 сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Мұғалім: Жолтай Индира Токсанбаевна

Қатысқандар:25

Сабақтың тақырыбы:

VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

6.3.1.2 -VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

6.3.2.2 - ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындайды:VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін анықтайды, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.

(білу, түсіну)

Оқушылардың басым бөлігі:Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанаттарының өзара қарым-қатынасын анықтап, сипаттайды.(қолдану)

Кейбір оқушылар:Картадан Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына қандай аймақтар қарағанын анықтап, сипаттама береді және баға береді. Кестеде VI-IX ғасырларда билік құрған ерекше қағандардың мемлекетті басқарудағы рөлін анықтайды.

(қолдану, бағалау)

Бағалау критерийі:

-VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін анықтайды, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;

-Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды;

-Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанаттарының өзара қарым-қатынасын анықтап, сипаттайды;

-Картадан Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына қандай аймақтар қарағанын анықтап, сипаттама береді және баға береді;

Тілдік мақсаттар:

«Балалар философиясы» әдісі бойынша үш топқа тапсырма беріп, әр топ берілген тапсырма бойынша постер қорғады. (оқылым, жазылым, айтылым, тындалым). «Кестемен жұмыс» әдісінде жазылым, айтылым дағдылары қалыптасты. «Картамен жұмыста» оқушылар Батыс Түрік қағанаты және Шығыс Түрік қағанатының аумақтарын анықтап, сипаттады ( айтылым, оқылым).

Құндылықтарға баулу:

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана сезім

- тәуелсіздік

Пән аралық байланыс:

Әдебиет, география.

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Бүгін мен алдыңғы білімді еске түсіру үшін үйге берілген тапсырманы «Ойымды жалғастыр» әдісі арқылы қорытындыладым.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:


Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар



Сабақтың басы:

5 мин

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдеп, оқу құралдарын тексеріп, топқа бөлемін. «Қауырсын» әдісі арқылы психологиялық ахуалды жақсартып, кофе таяқшалары арқылы топқа бөлемін. Әр топқа бағалау парағын таратып беремін.

Қауырсын, кофе таяқшалары, бағалау парағы

Сабақтың ортасы:

30 мин














































































Барлық оқушылар орындайды: «Балалар философиясы» әдісі бойынша үш топқа тақырыпты таныстырып, үдерісті түсіндіремін. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беремін. Әр топ берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.

1-тапсырма:

1-топ:VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін анықтаңдар;

2-топ: олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар;

3-топ: Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңдар.


Дескриптор: білім алушы-

- мәтін бөлігі таратылады;

-Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды.

-VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін анықтайды;

-олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

- Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.



Қалыптастырушы бағалау:Ауызша бағалау. Жақсы! Жарайсың! Тамаша! Керемет! .


Оқушылардың басым бөлігі: «Кестемен жұмыс» әдісітопта біріге отырып, жұмыс жасайды.

2-тапсырма:Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанаттарының өзара қарым-қатынасын анықтаңдар, сипаттама беріңдер.

Кесте

Батыс Түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағанат






Дескриптор: білім алушы-

-Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанатының өзара қарым-қатынасын анықтайды;

-кестеге жазады;

-Топтар бір-бірлерімен жазғандарын бөлісіп, қатемен жұмыс жасайды;

-Өзара, топтық бағалау жүреді.


Қалыптастырушы бағалау:«Бағдаршам»


Кейбір оқушылар орындайды: «Картамен жұмыс» Жұппен картаны пайдалана отырып, жұмыс жасайды.

3-тапсырма: Картадан Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына қандай аймақтар қарағанын анықтап, көрсетіңдер.



Дескриптор: білім алушы-

-картадан Батыс Түрік қағанатын табады;

-Шығыс Түрік қағанатын табады;

- Батыс Түрік қағанатының аймақтарын картадан анықтайды, көрсетеді.

-Шығыс Түрік қағанатының аймақтарын картадан анықтайды, көрсетеді.


Қосымша жұмыс: кейбір оқушылар орындайды.

Кестемен жұмыс:

4-тапсырма:кестеде VI-IX ғасырларда билік құрған ерекше қағандардың мемлекетті басқарудағы рөлін анықтаңдар.


Қағандар

Мемлекеттің ішкі саясаты

Көрші елдермен сауда-саттық қатынастары

Көрші елдермен дипломатиялық қатынастар

Тәуелсіздік жолындағы күресі







Бумын





Шегу





Сұлу





Білге





Күл





Қадырхан






Дескриптор: білім алушы -

-Қағандардың мемлекеттің ішкі саясатын анықтап, жазады;

- Көрші елдермен сауда-саттық қатынастарын анықтайды;

- Көрші елдермен дипломатиялық қатынастарын анықтайды;

- Тәуелсіздік жолындағы күресін анықтап, кестеге жазады;

-Сыныппенжазған кестелерін, топтар бөліседі;

-Топтық бағалау жүреді.

Оқулық, мәтін, үлестірме материалдары, интерелсенді тақта,

Постер қағаздары, тақта, интербелсенді тақта, бор, маркерлер, оқулы, карта.

Сабақтың соңы:

5 мин

Кері байланыс. Жазбаша бағалау. «Бағалау нысанасы»

«БББ» әдісі


Білемін

Білдім

Білгім келеді







Бағалау парағы

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бердіңіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың білімін қалай тексересіз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Барлық оқушыларда саралауды мына тәсілдерітапсырма, дереккөздер, қарқын, диалог және қолдау көрсету, бағалау, жіктеу тәсілдерін қолдандым. «Балалар философиясы» әдісіарқылы VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін анықтады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтады. Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтады.

Оқушылардың басым бөлігінде саралаудың тапсырма, диалог және қолдау көрсету тәсілдері арқылы жүзеге асты.«Кестемен жұмыс» жасай отырып, Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанаттарының өзара қарым-қатынасын анықтап, сипаттады.

Кейбір оқушылар: тапсырма, дереккөздер, қолдау көрсету арқылы Картадан Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына қандай аймақтар қарағанын анықтап, сипаттама берді және баға берді. Кестеде VI-IX ғасырларда билік құрған ерекше қағандардың мемлекетті басқарудағы рөлін анықтады.

Ауызша бағалау: Өте жақсы! Тамаша! Керемет! Жақсы! Жарайсың!


Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам»


«БББ» әдісі

Білемін

Білдім

Білгім келеді









Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.



АКТны қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы смарт түрінде құрдым. Сабақ мақсаттары қолжетімді болды. Барлық оқушылар үшін «Балалар философиясы» әдісі арқылы сабақ мақсатыма жеттім. Басым бөлігі : «Кестемен жұмыс» әдісіарқылы сабақтың мақсатына жеттім. Кейбір оқушылар «Картамен жұмыс», кестемен жұмыс арқылы тапсырманы орындады. Оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сабақта бағалау шынайы болды. Уақытты тиімді пайдаландым.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі