жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Видеоабақ "Сүйектің құрылысы" - зертханалық жұмыс
Қозбағарова Гүльжазира Бояугалиевна, биология,химия пәні мұғалімі
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Сүйктің құрылысы, химиялық құрамы.
Мақcаты: Оқушылардың тірек-қимыл жүйесінен алған білімдерін қорытындылау және тексеру, зертханалық жұмыс. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, логикалық ойлау, зейінін, есте сақтауын, бақылаушылық, байқампаздық қабілеттерін дамыту мақсатында.
Сабақ түрі: қайталау-қорытынды сабақ, жорық сабақ, аралас сабақ.
Құрал – жабдықтар: Интер. тақта, компьютер, плакат, спирт шамы,сүйек, тұз қышқылы.
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру (флипчарт)
1. Тест.
2. «Қарлы бұрқасын» бөгеті.
3. Біреуі артық.
4. «Мұздық» бөгеті. Сызба-нұсқа.
6. Тасты жартас.
7. Сөйлемде түсіп қалған сөздерді тауып жазыңдар.
8. «Сен – маған, мен – саған» ойыны.
9. З.ж. «Сүйектің химиялық құрамын анықтау».
Қорытынды.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру (тест, сызба-нұсқа).
Бүгінгі өтетін сабағымыз жорық сабақ. Таудың ең биік ұшар басы — шың, ал адамның өмірінде барлық іс-әрекетті реттеп, ағза үшін ең үлкен қызмет атқарып түрған шың - ми. Ағзаның жүмысын басқарып, қоршаған ортамен байланысын реттеп түрған ми. Ми арқылы адам ойлайды, есте сақтайды, әр түрлі ақпараттарды қабылдайды. Сондықтан адамның шыңы ми деп айтуымызға болады. Сонымен адам шыңы «миға» жорыққа шығамыз.
Жорыққа шыгу үшін ауа-райы қандай болу керек?
Ал бізде ауа-райы қандай?
Күн жоқ, бұлттар қоюланып, аспан түнеріп, қар жауғалы тұр. Ал бізге ауа-райы ашық болу керек екені белгілі. Төзімді және шыдамды болуымыз қажет. Егер біз тапсырмаларды дұрыс орындап, жауап беретін болсақ, бұлттар ыдырап, ауа-райы өзгереді. Күн ашылады.
Тест.
1. Бас сүйек, ми сауытының сүйектерін атаңыз: |
а) бұгана;
в) төбе суйек; б) қабырга; |
|
2. Көкірек қуысының сүйектері: |
а) төс;
в) бұгана; б) қабырга; |
|
3. Иық белдеуі каңкасын құрайтын сүйектер: |
а) шүйде
суйек; в) маңдай сүйек; б) жауырын; |
|
4. Жамбас белдеуінің сүйектері: |
а) омыртқа;
в) тоқпан жілік; б) сегізкөз; |
|
5. Тізе буыны кай сүйектерден құралады: |
а) кәрі
жілік; в) асықты жілік; б) жауырын; |
|
6. Ең жалпақ сүйектерді атаңыз: |
а) қабырга; б) омыртқа; ә) жауырын; в) бұгана. |
|
7. Ересек адамның қандай сүйек-терінде қызыл кемік майы болады: |
а) асықты жілік; б) қабырга; ә) ортан жілік; в) бұгана? |
|
8. Органикалық заттар сүйектерге қандай қасиет береді: |
а) иілгіштік; б) тітіркенгіштік ә) серпімділік; |
|
9. Сүйектің құрамы қаңдай заттардан тұрады: |
а) органикалық заттардан; ә) бейорганикалық заттардан; б) жасуша аралық сұйықтан; в) судан? |
|
10. Сүйек неден түзілген: |
а) жасуша
аралық заттан; б) дәнекер ұлпасынан; в) әр турлі ұлпадан ?
|
|
11. Қозғалмайтын сүйектерге жатады: |
а) жамбас; б) омыртқа жотасы; ә) иық; в) бас суйегі |
|
12. Адам қаңқасында қанша сүйек бар: |
а) 50; б) 400; г) 100 ә) 80; в) 200; |
|
— Жақсы,
тапсырмаларды орындап, бұлттардан
аспанды ашып құтқардық.
Күн
ашылды, жорыққа шығу үшін қолайлы жағдай
туды.
Енді жолға шығуға дайынбыз ба? Шыңға шығу оңай шаруа емес. Оған бірлік, еңбекқорлық, төзімділік, шыдамдылық қажет. Осындай қасиеттер көрсетіп, шыңды ала аламыз ба? Онда жолға шығайық. Бірақ алдымызда бөгеттер бар екен.
2. «Қарлы бұрқасын» бөгеті.
Қар ұшқындап жауып тұр. Тауда қар көшкіні болу қаупі бар. Қар көшкіні деген не? Қар көшкіні қыруар зиян келтіріп, адамдарды да басып қалуы ықтимал. Сондықтан қар көшкінін болдырмау үшін, «Қарлы бұрқасын» бөгетін алуымыз керек. Ол үшін оқушылар біреуі артық жұмысын орындау керек.
3. Біреуі артық.
1.Дене қанқасы омыртқа жотасы мен тоқпан жілік жатады.
2.Тірек-қимыл жүйесінің қызметі: тірек, қозғалу, қан жасушасы түзіледі, зат алмасу,рефлекстік.
3.Бас сүйекте ми, омыртқа жотасында жұлын, кеуде қуысында жыныс мүшелер орналасады.
4.Ми сауытына жататын сүйек: маңдай, самай, жақ, төбе.
5.Бас сүйектің бет бөлігі сүйектері: астыңғы жақ, үстіңгі жақ, шүйде.
6. Кеуде қуысы – омыртқа, жамбас, қабырға, бұғана.
7. Иық белдеу – жауырын, қабырға, бұғана.
8. Қол сүйектер – ортан жілік, кәрі жілік, білек, қол басы сүйектері.
9. Аяқ сүйекткр – ортан жілік, кәрі жілік, жіліншік, асықты жілік, табан сүйек.
10.Жамбас белдеуін құрайтын сүйектер – жамбса, ортан жілік, жауырын,асықты жілік.
Жақсы, «Қарлы бұрқасын» бөгетін алдық. Жорығымызды жалғастырайық Алдағы бөгеттерден өткендей батыл болады деген сенімдемін. Тауда әр түрлі оқиғалар көп болады. Ал, балалар, жолда тағы бір бөгет тұр екен.
4. «Мұздық» бөгеті. Сызба-нұсқа.
«Мұздық» бөгетін алу үшін сызба нұсқалардағы санмен белгіленген сүйектердің аттарын жазыңдар:
а) Иық белдеуі мен қол сүйектері: б) Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері:
Жақсы, балалар! Бұл бөгетті де табандылық пен білімнің арқасында алдық. Жорығымызды жалғастырайық.Тау басына жетуге таяу қалдық. Бірақ мұнда кездейсоқ тағы бір бөгет шықты, оны алуға дайынбыз ба? Ендеше іске сәт!
6. Тасты жартас.
Бұл жерде аяқ астында өте ірі қой тастар жатыр. Жерді абайлап баспасаңыз құлап кетуініз де ғажап емес. Ал бізге аман-есен тау шыңына жету керек. Ол үшін осы бөгетті де бұзып, жарып алуға ұмтылу керек.
7. Сөйлемде түсіп қалған сөздерді тауып жазыңдар.
а) Адам қаңқасында __________астам сүйектер бар.
ә) Омыртка жотасы мен кеуде қуысын кұрайтын сүйектер_________каңқасы деп аталады.
б) Омыртқа жотасының қабырғалармен байланысатын бөлімін ____________ омыртқалар деп атайды.
в) Адамның мойын омыртқаларының санының_____________, оның сүтқоректі жануарлармен бір класқа жататын ортақ белгісі болып саналады.
г) Адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасында __________________ пайда болған.
8. «Сен – маған, мен – саған» ойыны.
Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы
8. Зертханалық жұмыс №5 «Сүйектің химиялық құрамын анықтау».
Құрал-жабдықтар: Балықтың қабырғалары,тауықтың жіліктері,қоянның жіңішке сүйектері,сіріңке,суық су,тұз қышқылы 10% , жайпақ табақша,іскек. спирт шамы.
Жұмыстың мақсаты: сүйек құрамындағы ағзалық және бейағзалық заттардың болатынына көз жеткізу.
Жоспар
Сүйекті 10% тұз қышқылының ерітіндісіне алдын-ала(2-3 күн) салып қою.
Кепкен сйекті спирт шамында жағып көру.
Ерітіндідегі сүйекті іскекпен алып,суық сумен жуып, сүйекті иіп көрсету және жіпке ұқсас түйін түю.
Қорытынды жазу. Ағзалық және бейағзалық заттардың сүйектерге қандай қасиет береді?
Төменде берілген ұғымдардың анықтамасын жазу.
СҮЙЕКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚҰРАМЫ, ӨСУІ.
Төменде берілген ұғымдардың анықтамаларын жазыңдар:
а) Сүйек қабы -
ә) Сүйек қалай жуандап өседі?
б) Сүйек қалай ұзарып өседі?.
в) Оссеин деген не?
Ш. Қорытынды.
Шыңға жеттік, барлық бөгеттерді табандылықпен, төзімділікпен, ең бастысы білімнің арқасында жеңдік.
Адам – табиғаттың құрамында бір бөлігі. Адам – тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И.П.Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «Адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделеі де нәзік жүйе» - деп қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды.
Балалар, сіздер кез-келген шыңды бағындыру үшін білім қажет екенін дәлелдедіңіздер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген