400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Видеоны өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнеклиптерді жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

№2 сабақ


Сабақ тақырыбы

Бейнежазба

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: оқушылар бейнені жазу және өңдеу дағдыларын игереді, бейне үзінділерінен және суреттерден бейнеклиптерін құрастырады.

Көптеген оқушылар: сонымен қатар, бейнеүзіндіні қыяды, титрлер мен тақырыптарды, бейнеауысымдар мен әсерлерді және дыбыстарды қосады.

Кейбір оқушылар: бейнені жазып, ойнату үшін құрылғыларды пайдалана алады.

Бағалау критерийлері

- бейнені жазып, ойнату үшін құрылғыларды пайдалана алады;

-бейнефайлдарын құру және өзгерту үшін бейнемонтаждың мүмкіндіктерін пайдалана алады;

- бейнені құру барысында пайдаланатын файлдарды құру, көшіру, алмастыру және өшіру жұмыстарын орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша оқу мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Бейне (видео), бейнеклип, бейнеролик, бейнежазу, кадр, үзінді, уақыт шкаласы, бейнекамера, веб-камера, монтаж, бейнеплеер, бейнередактор, бейне әсер, титр, бейне ауысым.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Бейнені жазу үшін…

Бейнені ойнату үшін…

Үзіндіні белгілеу үшін …

Камера … үшін керек.

Мен бейнеауысымды қолданған себебі ...

Мен бейнеәсерді таңдап алған себебі...

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Бұл бөлім «Табиғи құбылыстар» ортақ тақырыбына жатады және жанама түрінде «Өнер» мен «Дүниетану» пәндерімен байланысты. Бұл бөлімде бейнені жазып, ойнатуға арналған құрылғылар мен программалық қосымшалар және бейнеүзінділерін құру, өңдеу, ойнату жұмыстары қарастырылады. Оқушылар алған білімдерін информатика сабақтарында ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндік салаларда қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?

Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

(Т, Қ, Э) Қолжетімді құрылғыларды пайдаланып, сыныптастарымен бірге табиғи құбылыстар тақырыбына сұхбат жазуды ұйымдастырыңыз.

Дифференциация ретінде оқушыларға рольдер беріңіз, мысалы сценарий жазушы, режиссер, корреспондент, оператор және т.б.



(Ж, Қ) Файлды жоғалтудан қорғау үшін оқушылардан көшірмесін жасауды сұраңыз, ол үшін түсірілген файлды құрылғыдан компьютерде орналасқан бумаға көшіртіңіз. Буманың аты оқушының атына сәйкес келу тиіс. Сонан соң оқушыларға бейнені ашып, оның сапасын бағалауларын сұраңыз.



Дескрипторы:

- бейнені жазып, ойнату үшін құрылғыларды пайдалана алады;

-бейнефайлдарын құру және өзгерту үшін бейнемонтаждың мүмкіндіктерін пайдалана алады;

- бейнені құру барысында пайдаланатын файлдарды құру, көшіру, алмастыру және өшіру жұмыстарын орындай алады.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Белсенді оқу тапсырмалары.



Оқулық

Жұмыс

дәптерлері,

Оқулық

Сабақтың соңы

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Ұстазға хат» кері байланыс.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
2056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі