Авторы: Тогамбекова Айнаш
Сабитовна
Қарағанды облысы Қарағанды
қаласы «№2 оқушылар сарайы» КММ математика пәнінен қосымша білім
беру педагогі
Викторина: «Математикалық
Наурыз».
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойындары
арқылы оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру,
зеректігін, тапқырлығын, ойлау қабілетін
дамыту
Көрнекілігі: слайд-шоу, кеспе қағаздар,
т.б.
Міндеті:
1) Оқушылар ойын арқылы бір
бірімен тіл табыстырып,басқа
қырларынан
таныту.
2) Бала бойындағы білімділікті
,қабілетті танып, оның өз
мүмкіндігіне сенімін
арттыру
3) Ұлттық ойындарды мән
мағынасына қарай жан жақты білім беру.
Күтілетін нәтиже:
1) Оқушылар қазақтың ұлттық
ойындарымен танысады;
2) Ойын барысында логикалық
сұрақтарға қызығушылық
танытып шапшандықпен жауап
береді;
3) Математика пәніне
қызығушылықтары артады.
Қауіпсіздік
техникасы: Ережелерді айтып
өту.
Ата- Анамен
байланыс: Фото,видеоотчет,хабарлама.
Викторинаның барысы:
-
Сақина салу
ойыны
-
Теңге алу
ойыны
-
Қыз қуу
ойыны
-
Бәйге
жарысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ.
Негізгі
бөлім:
Мұғалім:
«Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Кәнеки, бір - бірімізбен
амандасайық!
Ұлттық
ойындар


Малға байланысты Түрлі
заттармен Зеректілікті, ептілікті
ойындар ойналатын ойындар және
икемділікті
қажет ететін
ойындар
-
Малға байланысты ойындар: қыз
қуу, бәйге.
-
Түрлі заттармен ойналатын
ойындар:сақина жасыру.
-
Зеректілікті, ептілікті және
икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, аударыспақ, көкпар,
күрес, ұшты – ұшты.
«Сақина» ойыны.
Сақина салу ерте заманнын келе
жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене
отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің
алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып
шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина
тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері
ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді
Ойын барысында логикалық
сұрақтар қойылады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге
жаттығады.
-Қандай зат ең үлкен деген
қазанға да сыймайды(Қақпақ)
-Сіз ұшақта отырсыз, алдыңызда
жылқы тұр және артыңызда автомобиль
тұр.Сіз қайда
тұрсыз?(карусель)
-Сізге не тиесілі,алайда
басқалар оны сізден көрі жиі
пайдаланады(Адамның
есімі)
-Аш қарынға қанша жұмыртқа
жеуге болады? (біреу,қалғаны аш қарынға
жеген болып
есептелмейді)
-Айдынның Асқардан бойы ұзын,
бірақ Жанаттан кіші. Кімнің бойы
ұзын?(Жанат)
“Теңге
алу”- өте қызықты ұлттық ойындардың
бірі.Белгіленген ара қашықтықта 3-4 жерге шүберекке оралып теңгелер
тасталынады.Шабандоздар кезек алып тізбекке тұрады. Кезектері
келгенде шауып келе жатып, ат үстінен еңкейіп, теңгені іліп алуы
керек.
Бұл ойында магниттік тақтаға
қызыл лентаға оралған тиындар жапсырылып тұрады. Есептердің толық
шешімін тапқан оқушы тақтадағы теңгелерді
алады.
-
Сөз
құрастыр:
осуқ, аузйта, ретат,
өйбутек, уөбл. (артық сөздің астын
сызу)
-
Үйдің әрбір бұрышында бір-бір
мысық отыр. Әр қайсына 3 мысық қарап отыр. Үйде барлығы неше мысық
отыр?
-
Астанадан Қарағандыға жету
үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150
минут керек. Неге олай?
-
(?+???)−??=???
Теңдеуді шешіп ,шығару жолын
көрсет
-
Дәрігер 3 дәрі берді,оларды әр
жарты сағат сайын ішу керек. Барлық дәріні қанша уақытта ішіп
боламын?
Қыз
қуу- ашық алаңда жүргізілетін
қызықты және әдемі ұлттық ойын. Ойынға атқа мінген қыз бен жігіт
қатысады. Алдымен ара қашықтығы 1-2 шақырымда екі көмбе
белгіленеді. Бірінші көмбеде жігіт, ал оның арт жағында он адымдай
жерде қыз тұрады. Берілген белгіден кейін қыз екінші көмбеге қарай
шаба жөнеледі.
Екі ойыншы
ойнайды.
-
Қандай сандар 5 - ке
бөлінеді
-
Құрамында әріпі бар өрнек
қалай аталады?
-
90 градустан кіші
бұрыш
-
Ең үлкен екі таңбалы
сан
-
Қандай санға бөлуге
болмайды?
-
Екі нүктенің арасындағы
түзу.
-
Қандай сан барлық санға
қалдықсыз бөлінеді.
-
90 градус жасап қиылысатын
түзулер?
-
Үш кесіндіден құралған
фигура?
-
Диаметрдің
жартысы
«Бәйге»
ойыны.
Бәйге -қазіргі кезде өте жақсы
дамыған, әлемге әйгілі ойындардың бірі.Бәйге ойыны кез келген жазық
жерге өткізіле береді.Шабандоздардың санына шек қойылмайды.Мәреге
жеткен шабандоз бірінші орын алады.
Дидактикалық мақсаты: Сөз
есептен теңдеу құрастырып,шығарып дұрыс шешімін тапқан бала жеңіске
жетеді
Тапсырма:
Ойлаған санға бірді қостым,
қосындыны екіге көбейттім.
Көбейтінідіні төртке бөлдім.
Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты.
Мен қандай сан
ойладым?
Теңдеу құрастырып
шығар
((х+1)*2):4-3=1
((х+1))*2:4=1+3
((х+1))*2=4*4
(х+1)=16:2
х=8-1
х=7
((7+1)*2):4-3=1
Викторинаға белсенді қатысқан
оқушыларға тәтті сыйлық беріледі
Қорытынды:
«Бас бармақ»
тәсілі. Смайликтерді қою арқылы
қорытындылау.

Викторина
ұнады

Т
үсінбеген сұрақтар
болды
Көп тапсырмаларды шығара
алмадым