400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Викторина. "Наурыз қандай мереке?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сағат жоспары. 5-6 сынып оқушыларымен қосымша жұмыс жасауға қолайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 сынып Викторина «Наурыз қандай мереке?»

Іс-шараның мақсаты: балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің салт- дәстүрімен, ұлттық ойындармен таныстыру.

Бірінші тур – Қазақтың салт – дәстүрлері,

Екінші тур – мақал-мәтел жинау.

Үшінші тур – ұлттық ойындар.

Бірінші тур сұрақтары:  

1. «Наурыз»  мейрамын неліктен наурыз айында тойлайды?  (22 наурыз күн мен түннің теңелген күні, бұл күннен бастап жаңа жыл басталады, жыл басы, жан-жауарлар оянып, жерге көк шығады)

2. Наурыз мерекесінің басты тағамы? (Наурыз көже)

3. Наурыз көженің құрамына не қосылады? (Көженің құрамына міндетті түрде 7 түрлі тағам қосылады, ет, бидай, арпа, күріш, айран немесе сүт, су, түз т.б.)

4. Наурыз мерекесі қалай тойланады? (Наурыз меркесінде түрлі ойындар өткізіледі, ақындар айтысы, жастар алтыбақан жанына жиналады, адамдар бір-біріне қонаққа барады, сыйлықтар сыйлайды)

5. «Айтыс» сөзі нені білдіреді? («Айтыс» халықтың ауызша шығармашылық өнері, ол «айт» деген сөзден туған, ол екі ақынның поэзия жанрындағы жарысы)

6. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? (бесікке салу, тұсау кесу, сүйінші сұрау, құда түсу, қыз ұзату т.б.)

            Екінші турда қағазға жызылған сөздерден балалар Қазақстан, Отан туралы мақал-мәтелдер жинап, оның мағынасын түсіндірді.

1. Отан — елдің анасы

Ел - ердің анасы


2.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


3. Отанды сүю — от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

4. Ел іші — алтын бесік.

5. Туған жердің жуасы да тәтті.

6. Отан ұшін күрес —

Ерге тиген үлес.

7. Отансыз адам —

Ормансыз бұлбұл.

8. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз елінде ұлтан бол.

           Үшінші турда балалар Аударыспақ, көкпар, бәйге, қыз қуу, күміс алу, күш сынасу, сақина тастау сияқты ойындармен танысып, кейбір ойындарды өздері ойнап көрсетті.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
03.06.2021
3790
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі