400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Викториналық ойын «Не? Қайда? Қашан?»

Материал туралы қысқаша түсінік
: эмоционалдық қатынас арқылы табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру; топпен жұмыс жасауға қызығушылықтарын арттыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы, Қостанай ауданы , Тобыл қаласы «Гүлдер» бөбекжай бақшасы, тәрбиеші Досмухамбетова Кумысай Мухамедгалеевна

Викториналық ойын «Не? Қайда? Қашан?»

ашық оқу қызметіне конспект ересек «Бәйшешек» тобы Мақсаты:Тәрбиелік:Табиғатты қорғауға, сүюге, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. бірлесіп топпен жұмыс жасауға жаттықтыру, (топпен келісіп, ақылдасып, нақтылығын дәлелдеп )

Дамытушылық: Табиғат туралы білімдерін бекіту; Жылдамдық, аңғарымпаздық , тапқырлық, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Оқыту: эмоционалдық қатынас арқылы табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру; топпен жұмыс жасауға қызығушылықтарын арттыру;

Қосымша жұмыс:«Не? Қайда?Қашан?» Теледидарлық викториналық ойын туралы, оның ережелері туралы әңгіме жүргізу. Алдын ала балаларды екі топқа бөлу,топ басшы таңдау, топтың атын ойлау.

Керек құралдар: сұрақ-тапсырмалармен қалташа , құм сағат, ойыншық зырылдақ-көрсеткішпен( стрелкой), скрипкалық кілт, металаллофон, аудиодыбыс.

Ойын тәртібі:ортада үстел, бөліктерге (сектор) бөлінген,ортада зырылдауық көрсеткінімен. Айналдыра қалташада тапсырмалар.Ойынға қатысушылар кезекпен зырылдауықты айналдырады, көрсеткіш тапсырманы көрсетеді. Тапсырманы оқып, балаларға таныстыру. Металлофонмен уақыттың басталғанын ойнау. Білгірлер әр дұрыс жауап үшін ұпай санын жинайды, 1 -ден 3-ке дейін

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: -Балалар сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме? -Қандай қызықты ойындарды ойнағанды ұнатасыңдар? - Мен сендермен бүгін ойнағалы тұрмын. Бүгін біз викториналық ойын: «Не? Қайда? Қашан?» ойнаймыз. Ортаға қараңдаршы. Ойын алаңы бірнеше әртүрлі бөліктердер бұрады. Әр бөлікте қалташа тапсырмамен. Сол тапсырманы орындау керек. Дұрыс жауапқа ұпай аласыңдар. Ойынды бастайық. Балаларды топ тобымен отырғызу. Қай топ бірінші болып жұмбақ шешеді, сол топ зырылдауықты айналдырады. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады (күн) І.Тапсырмада-Сұрақ-жауап:

  1. Ұшып келепін құстар қалай аталады? (жыл құстары)

  2. Адам қамқор жасайтын жануарлар қалай аталады? (үй жануарлары)

  3. Маса,ара, құмырсқа, инелік, қанқызы, шегіртке –ол нелер? (жәндіктер)

  4. Қарға, торғай, қарлығаш, қараторғай, аққу-оларды бір сөзбен не дейміз? (құстар)

  5. Қай ағаштың діні ақ түсті? (аққайын)

  6. Құмырсқаның үйі қалай аталады? (Илеу)

  7. Сиырдың төлі не? (бұзау)

  8. Қандай жануарда ине бар? (кірпі)

  9. Қыста ұйықтайтын жануар? (аю, кірпі)

  10. Арыстан үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма? (жабайы)

  11. Ұзын құлақ қай жануар? (қоян)

  12. Егінді қашан жинайды? (күзде)

Есебін беретін әділқазыларға сөз кезегі: ІІ тапсырмада. Өсімдіктер туралы сұрақ: - Шөп не үшін керек? ( сәндік үшін, арасында жәндіктер өмір сүреді, жануарларға тамақ, ауаны тазартады). - Қылқан жапырақты ағаш пен жәй ағаштың айырмашылығы неде?(қылқан жапырақты ағаштың жапырағы-ине, олар суықтан қорықпайды ). -Қандай ағаштар қысы жазы бір түсте? (қарағай мен шырша).

ІІІ тапсырмада. Жәндіктер туралы не білеміз? - Жәндіктер қыста қайда болады? (Ағаш қабықтарына тығылады, құрғақ жапырақтар арасына, жер астына ұйқыға кетіп) - Орманда тор құратын не? (өрмекше). - Қоңыздың неше қанаты бар? (төрт) - Көбелек немен қоректенеді? ( гүл шырынымен).

ІV тапсырмада.Құстар туралы сұрақтар 1.Қандай жыл құстары бірінші болып келеді? Неге олар егістіктің үстінде жүреді? (қарақарғалар. Егістіктен құрт, қоңыздар іздейді. Тұқым жинайды). 2. Жыл құстарының көктемде соңғы келетіні не? Неге?( қарлығаштар, жәндіктер пайда болғаннан кейін). 3. Білетін жыл құстарын атап бер? (қарлығаш, қара қарға, қараторғай үйрек, қаз, тырна, аққу, шағала,т.б.). 4. Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?(шымшық, қарға , сауысқан, көгершін, торғай, жапалақ).

V тапсырмада Жемсауытқа қыстайтын құстарды,ұяға –жыл құстарын, орналастыр.(тақтамен жұмыс).

VІ. Жануарлар әлемі: - Қандай үй жануарларында мүйіз бар? (сиыр, ешкі). - Неліктер орманда біресе аққоянды, біресе қоңыр қоянды кездестіреміз? ( қыста қоян ақ таң киеді,өйткені қар ақ; көктем, жазда-қоңыр).

VІІ . Қара жәшік-бөлігі Қара жәшікте не бар табу керек: (аудиодыбыс)

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)


VІІІ тапсырма. «Шапшаң ойла» Егер дұрыс жауап болса, шапалақта. - ертемен күн шығады -таңертен жаттығу жасау керек - таңертен жуынуға болмайды - күндіз ай жарқырайды -таңертен балалар балабақшаға барады - түнде адамдар тамақ ішеді - Бір аптада жеті күн бар -бес жыл мезгілі бар, - 3мысықтың 3 құйрығы бар

Балалар, тапсырмалар да аяқталды. Қазір ойынның қорытындысын көреміз. Қай топ жеңіске жетті? Қандай бөлім сендерге ұнады? Қара жәшік қызықты болды ма?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1060
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі