400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Вирусқа қарсы қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Вирусқа қарсы қауіпсіздік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК


Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы

Вирусқа қарсы қауіпсіздік.

Модуль /пән атауы

Пайдаланушының қауіпсіздігін және компьютерді қорғауды қамтамасыз ету тәсілдерін білу.

Педагог

Ш. Анарметов

дайындады

2025 жылғы "___" _________



1.Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ

I курс, 2025 жыл

Сабақ типі

Зертханалық сабақ

2. Мақсаты мен міндеті:

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби дағдыларының тізбесі

Компьютерді қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану.


3.Күтілетін нәтижелер

Нәтижеде студент игеретін материалдар

Компьютеріңізді зиянды бағдарламалардан қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланады.

4. Қажетті ресурстар

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар (көрнекіліктер)

Оқулықтар, интернеттен көрнекіліктер, компьютермен жұмыс

3.2 Анықтамалық әдебиеттер

Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика- бағытта оқитын 10-сыныпқа арналған оқулық/ Н.С.Кольева, Е.В.Шевчук

5. Сабақтың барысы


Уақыт

Іс-әрекеттер мен тапсырмалар

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың басында студенттердің назарын шоғырландыру және сабаққа деген позитивті көңіл-күй қалыптастырылады.

Презентация


Өткен тақырыптарды қайталау

«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы студенттердің алдыңғы сабақтағы алған білімдерін байқау үшін сұрақ-жауап қойылады.

  1. Компьютердің негізгі құралдары қайсы?

  2. Компьютердің қосымша құралдары?

  3. Процессор деген не?

Студенттер сұрақ –жауап әдісімен өздерінің білімдерін жинақтап, еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.





Интербелсен

ді тақта, кітап

Сабақтың ортасы




Тақырыпты жеке оқып, топта талқылау керектігі айтылады.


Компьютерлік вирус – бұл арнайы жазылған зиянды бағдарлама, ол компьютердегі файлдарды, жүйелік бағдарламаларды зақымдап, ақпаратты жояды немесе өзгертеді. Вирустардың негізгі мақсаты: ақпаратты бүлдіру, ұрлау, жүйенің жұмысын бұзу.

Вирустар резиденттік және резиденттік емес болып 2 топқа бөлінеді.

Резиденттік вирустар

Анықтамасы: компьютердің жедел жадына (RAM) орналаса отырып, жүйенің үздіксіз жұмысында өзін сақтап қалатын вирустар.

Ерекшеліктері:

Компьютерді қосқаннан кейін жадыда қалып қояды. Файл ашылғанда, көшірілгенде, орындалғанда автоматты түрде жұқтырады.

Жүйелік жылдамдықты баяулатады.

Мысалы: CIH, Randex, Magistr.


Резиденттік емес вирустар

Анықтамасы: компьютер жадысында тұрақты сақталмайтын, тек белгілі бір файл орындалған кезде белсенді болатын вирустар.

Ерекшеліктері:

Файл ашылғанда немесе іске қосылғанда ғана жұмыс істейді.

Жедел жадыда үздіксіз отырмайды.

Қауіп деңгейі резиденттік вирусқа қарағанда төмендеу, бірақ зиянды әрекет жасай алады.

Мысалы: Vienna, Cascade.


Вирустардың түрлері:

1.Файлдық вирустар – бағдарламаларға жабысады.

2. Жүктелетін вирустар – компьютерді іске қосқанда зақымдайды.

3. Макровирустар – мәтіндік құжаттарға енеді.

4. Желілік (троян, құрт) – интернет арқылы таралады.


Антивирус деген не ?

Антивирус (латын тілінен анти – қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) - Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш программалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды.


Салыстыру кестесі

Сипаттамасы

Резиденттік

вирус

Резиденттік емес

вирус

Орналасуы

Жедел жадта сақталады

Файл орындалғанда ғана белсенді

Әсер ету уақыты

Компьютер қосулы кезде тұрақты әсер етеді

Белгілі бір файл ашылғанда ғана

Қауіп деңгейі

Жоғары

Орташа/төменірек

Мысалдары

CIH, Randex, Magistr

Vienna, Cascade











1-тапсырма

«Желпуіш» әдісі арқылы топтық жұмыс

Студенттер 2 топқа бөлінеді.

1 топ А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасап, әрбір бөлігіне кезекпен тақырыпқа сай сұрақтар жазады.

2 топ сұрақтарға кезекпен жауап беріп, талқылайды.


Дескриптор:


- Компьютерді қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланады



Стикер арқылы бағалау

2-тапсырма

Ж ұптық жұмыс













Дескриптор:

Компьютеріңізді зиянды бағдарламалардан қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланады.





Стикер арқылы бағалау

5.Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында

Google forms. қосымшасы қолдану арқылы студенттер тест сұрақтарына жауап береді.

Студенттер өздерін

бағалайды


https://forms.gle/tMweMoavNxQmwH

6. Үйге тапсырма

«Вирусқа қарсы қауіпсіздік» тақырыбына презентация жасау



Сабақтың құрылымы

Уақыт

5

10

15

20

25

30

35

40

45

50

55

60

65

70

75

80

85

90

Ұйымдастыру


















Үй тапсырмасын тексеру

















Жаңа тақырыпты түсіндіру













Жаңа тақырыпты бекіту













Рефлексия


















Бағалау және үй тапсырмасын беру

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.10.2025
80
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі