400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге дайын ҚМЖ Биология
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: биология

Мектеп: Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылы Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Турманова Роза Таубаевна

Сыныбы: 10 А

Қатысқан оқушы саны: 18

Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі.


Оқу бағдарлама

сына сілтеме

Бейнежазба, презентация, кестелер, плакаттар, тақырыптық суреттер.

Оқу мақсаты

Оқушылардың вирустар мен бактериофагтардың құрылысы туралы білімдерін толықтыра отырып, вирус арқылы таралатын аурулар түрлері туралы білімдерін қалыптастырады.

Алдыңғы тақырып:

Прокариоттық және эукариоттық жасушалар.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин













1 мин














15 мин











































6 мин























8 мин












4 мин









1 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Тренинг (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын).

Үй тапсырмасын пысықтау:

1 - тапсырма. Семантикалық кесте

Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кестеге толтыру.

Құрылымы

Эукариоттық

Прокариоттық

Хромосомалар



Эндоплазмалық тор



Рибосомалар



Гольджи жиынтығы



Лизосомалар



Митохондриялар



Вакуольдер



Миға шабуыл.

Мұғалім: мына суреттерден не көріп тұрсындар? Бұларды не деп ойлайсыңдар?


Мұғалім жоғарыда көрсетілген суреттер бойынша бірнеше сұрақ қояды.

«Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ.

Мұғалім: Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап алайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі. Біздің мақсатымыз: вирустар мен олардың құрылысы және оның түрлері туралы білімімізді қалыптастыру.

Тірі табиғатта (ағзалы әлемде) вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көрінбейді. Вирустардың басқа тірі ағзалардан ерекшелігі - тірі жасушадан тысқары тіршілік ете алмайды. Вирус - жасушасы жоқ кішкене бөлшек, яғни жасушасыз құрылым. Мөлшері бактериядан да кіші болғандықтан, вирусты х1000 000 есе үлкейтетін микроскопта ғана көруге болады.  Ол тірі және өлі формалардың аралық буыны деп есептеледі. Бактерия жасушасына еніп көбейетін вирус бактериофаг деп аталады. Вирус - жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

Вирустар адам және өсімдік, жануар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады.

Өсімдіктер физиологы және микробиолог, орыс ғалымы Дмитрий Иосифович Ивановский (1864-1920) темекі теңбілін зерттеп, 1892 жылы вирусты ашты.

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғылымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол ХІХ ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қозғалыштарының бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырылған жиынтығы екнін тапты.   ХІХ ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.

  Вирус (латынша "virus"- у) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май тәрізді заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі.

     Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың еседей үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

  Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Оның денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді тақташадан тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабатты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал "құйрығының" ұзындығы 20-22 нм-ге тең. "Құйрығының" ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін оқушыларға «Вирустар дегеніміз не?» бейнежазбасы көрсетіледі.

Мұғалім: Міне біз вирустармен де таныстық. Енді вирустардың электронды микроскоппен қарағандағы түрлерімен танысайық.

  1. Ұшық вирусы 2. Құс тұмауы вирусы


  1. Қызылша вирусы 4. Шешек вирусы 5. Құтыру вирусы

Осы вирустар жайында мұғалім оқушыларға қысқаша ақпарат береді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Джигсо» әдісі бойынша тапсырма: Оқушылар жаңа тақырып бойынша жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды.

Мұғалім оқушыларға жаңа сабақты бекіту мақсатында келесі сұрақтарды қояды: 1. Вирустарды ашқан кім? (Д.И.Ивановский); 2. «Вирус» деген сөзінің мағынасы?(у); 3. Вирустарды зерттейтін ғылым? (Вирусология); 4. Вирус неден құралады? (НҚ, нәруызды және липидті қабық); 5. Бактерия жасушасына енетін вирус? (Фаг немесе бактериофаг); 6. Вирустардың тіршілік ету ортасы? (Жасуша); 7. 30 минутта 1 жасушадан қанша вирус пайда болады? (100-дей); 8. Вирустарды жасанды ортада өсіруге болама? (Жоқ); 9. Вирустардың көбеюі үшін не керек? (Тірі жасуша); 10. Вирустар неше градуста тіршілігін жояды? (+90); 11. Қандай заттар вирустарды қырып жібереді? (Химиялық); 12. Вирустың жасушадан тыс формалары қалай аталады? (вирион).


V. Қорытындылау.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі.























http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/11875-virustar_degenimiz_ne видеосынан қиылып алынған суреттер.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі