400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Визуалды бағдарламалау. Delphi ортасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Delphi ортасының негізгі терезелері туралы мәліметтер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Визуалды бағдарламалау. Delphi ортасы


Delphi ортасы - бағдарламашы жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта. Delphi тіліндегі қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE(Integrated Development Environment) - дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. Delphi - дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады.

Delphi ортасын іске қосу үшін: Бастау - Барлық бағдарламалар - Borland Delphi – Delphi командаларын орындау қажет. Іске қосылғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын негізгі 5 терезе шығады.

  1. Басты терезе(Project1);

  2. Объектілер инспекторы терезесі(Object Inspector);

  3. Пішіндер құрастырушысының терезесі(Form1);

  4. Код редакторы терезесі(Unit1.pas);

  5. Объектілер тізімін қарау терезесі(Object TreeView);

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 Код редакторы терезесі

    Басты терезе

DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4

Объектілер инспекторы терезесі

Объектілер тізімін қарау терезесі

DrawObject10 Пішіндер құрастырушысының терезесі

Басты терезе

Басты терезе бағдарламаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғары бөлігінде орналасады.

Бұл терезеде Delphi - дің басты меню жүйесі, пиктограммалық – командалық батырмалар мен компоненттер палитрасы орналасқан.


DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 Меню жүйесі

DrawObject16 DrawObject15 DrawObject14

Компоненттер палитрасы

Пиктограммалық – командалық батырмалар


Объектілер инспекторы терезесі

Объектілер инспекторы терезесі екі бүктемеден тұрады:

Properties(қасиеттер) және Events(оқиғалар)






DrawObject17 Қасиеттер

DrawObject19 DrawObject18

DrawObject20 Оқиғалар

Қасиеттер қарапайым және күрделі болып бөлінеді: батырмасын басқанда қарапайым қасиеттің мүмкін болатын мәндерінің тізімі ашылады. батырмасын басу, ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін активті жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетінде (...) үш нүкте батырмасы пайда балады.Үш нүкте (...) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұқбат терезесін экранға шығарады. Компоненттің күрделі қасиеттер құрамына бірнеше мәндер тізімі кіреді

Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы жағында пішінның атауы және пішінде орналасқан барлық компоненттердің ашылатын тізімі орналасады.


Пішіндер(форма) құрастырушысының терезесі

Пішіндер құрастырушысының немесе пішін терезесі - болашақ бағдарламаның Windows ортасындағы жобасы. Басында бұл терезе бос болады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол пішіндегі компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады.


Код редакторы терезесі

Код редакторы терезесі бағдарлама мәтінін құруға және оны түзетуге арналған.

Delphi іске қосылғанда бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа пішінның кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қояды. Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі.


Объектілер тізімін қарау терезесі

Объектілер тізімін қарау терезесі белсенді пішінде орналасқан жекелеген компоненттер арасындағы байланысты көрнекі кескіндеуге арналған. Бұл терезедегі кез келген компонентті шерткенде, пішін терезесіндегі сәйкес компонентті белсенді етеді және Объектілер инспекторы терезесінде бұл компоненттің қасиеттерін көрсетеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі