Материалдар / вода-источник жизни

вода-источник жизни

Материал туралы қысқаша түсінік
учителям русского языка в начальных классах
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2020
378
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Сауат ашу
1-сынып


Page 2

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Ж
инақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2


Page 3

Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» .............................................................................................. 4
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 15
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 19
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 24
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................................ 24
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 35
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 42
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 49
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................................ 49
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 59
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 67
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 74
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым» ............................................................................................ 74
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 81
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 89
3


Page 4

1-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»

Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»

Оқу мақсаты

1.1.1.1.Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз,
сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,
сөйлем) анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Жұмбақтарды мұқият тыңда.

Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
Бұл не?

Шешуі: ( )

Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша ұрсаң да сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.
Бұл не?

Шешуі: ( )

Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
Бұл не?

Шешуі: ( )

• Жұмбақтың шешуін қандай сөздер немесе сөйлемдер арқылы табуға болады?
Түсіндір.
• Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастыр.


Дескриптор Білім алушы
- жұмбақтардың шешуін табады;
- жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді
атайды;
- жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырады.


4


Page 5






Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы
айтылғанын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын ( кім?/не? туралы екенін)
атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану


Тапсырма

Өлеңді мұқият тыңда. Өлеңде не туралы айтылған? Белгіле ()













Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
- мәтінге сәйкес суретті белгілейді.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Ұ. Есдәулетов)

5


Page 6

Бөлімше 1.3 «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай
отырып баяндау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Балалар қайда келді?
•Әжесі Әлиядан не сұрады?
•Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсың? Өз ойыңмен бөліс.
•Жұпта бір- біріңе мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
Дескриптор Білім алушы

- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- сұраққа қатысты өз ойын айтады және түсіндіреді;
- мәт
інді жүйелі мазмұндайды.
Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.
Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба
алмады. Әжесі Әлиядан:
- Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
- Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан
шықпайды,- деді Әлия.
6


Page 7

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты 1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы/ иллюстрациясы
бойынша болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп,
мәтіннің мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Әңгіме құрастыр.
Қамқорлық
Дескриптор Білім алушы
- оқиғаның соңын болжап айтады;
- бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
7


Page 8

Бөлімше 1.5. «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс
қолдану»
Оқу мақсаты 1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сыпайы сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Тірек сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап бер.
Тірек сөздер:
Не деу керек?
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың,
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?
Добын апар Назардың,
Деді ағаң бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?
Әжең сенің түскі асқа,
Қант-кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?
Үй артында қоқысты,
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?

Дескриптор Білім алушы
- өлеңнің мазмұнына сәйкес сыпайы сөздерді атайды.
Кешіріңіз Рақмет
Рұқсат па?
Жарайды
Көмектесейін
Сәлем
8


Page 9

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты 1.1.6.1. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті
сөздерді, вербалды емес қарым -қатынас
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын,
мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалды емес
құралдарды, дауыс ырғағын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Диалогті мұқият тыңда
Жұптық жұмыс
Үлгіге сүйеніп, диалог құрастырыңдар. Бір -бірің туралы ақпарат жинаңдар.
•жасы;
•ата-анасы;
•отбасындағы адам саны;
•сүйікті ойыншығы;
•сүйікті ойыны т.б.
Досыңды сыныпқа таныстыр. Таныстыру кезінде басқалардың назарын аудару үшін
дауыс ырғағын, ым-ишараны қолдан.
Дескриптор Білім алушы
- жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады;
- жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;
- тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қимылды,
ым-ишараны қолданады.
- Сенің атың кім?
- Менің атым – Марғұлан.
- Сен неше жастасың?
- Мен алты жастамын.
- Сен ше?
- ....
9


Page 10

Бөлімше 1.7. «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты 1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен
білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтінге қатысты пікірін айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтін кім/не туралы?
•Мәтіннің қай бөлігінде күлкің келді?
•Мәтін саған ұнады ма? Ұнамады ма? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты көзқарасын айтады;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі
бар. Ол күнде Айдарға ілесіп мектепке барады. Айдар сабақтан
шыққанша есіктің алдында күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды.
Мойнақ сөмкені тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет
жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай
салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады.
10


Page 11

Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме
құрап айту
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
11


Page 12

Бөлімше 1.9. «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан
жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс
дыбыстау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Дыбыстарды түрлерін е қарай (дауысты/дауыссыз)
ажыратады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі заттарды ата. Сөзде неше дыбыс бар? Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз
дыбыстарды көк түспен боя.
Дескриптор Білім алушы
-
суреттегі заттарды атайды;
-
сөздегі дыбыс санын анықт айды;
-
дауысты дыбыстарды анықтайды
-
дауыссыз дыбыстарды анықт айды.
12


Page 13

Бөлімше 1.9. «Д ыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты 1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін
түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды
•Сөздердің мағынасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңда. Не байқадың? Өзгерген дыбыстарды ата.
Сөздердің мағынасын түсіндір.
•Өзің бірнеше мысал келтіріп айт.
Дескриптор Білім алушы:
- сөздегі өзгерген дыбыстарды атайды;
- сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- өздігінен мысал келтіреді.
МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР
АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ – ШӨЛ
ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ
13


Page 14

Бөлімше 1.9 «Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту»
Оқу мақсаты 1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі
буын санын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сөзді буынға бөледі
•Сөздегі буын санын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айт. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады;
- буынды сызбамен көрсетеді;
- сөздегі буын санын анықтайды.
14


Page 15

Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты 1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сызбамен берілген сөзді және сөйлемдерді оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша сөздер мен сөйлемдер құрастыр.
Дескриптор Білім алушы:
- сызбаға сәйкес сөздер айтады;
- сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып, оқиды.
15


Page 16

Бөлімше 2.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін
сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
•Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді оқы. Суреттермен сәйкестендір.
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
- сөздерді мағынасына қарай сәйкес суреттермен байланыстырады.
ша-на тау-лар та-ға нан қо-ша-қан пар-
та
16


Page 17

Бөлімше 2.5 «Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере
білу»
Оқу мақсаты 1.2.5.1 Мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен)
сұрақтар қоя білу, қойылған сұраққа жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтін немесе иллюстрация бойынша сұрақ қояды
•Сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суретке мұқият қара. Сурет бойынша бір- біріңе сұрақ қой. Жұбыңның сұрағына жауап
бер.
Дескриптор Білім алушы
- иллюстрацияның мазмұны бойынша сұрақ қояды:
- сұрақтарға жауап береді;
- сұраулы сөйлемнің интонациясын дұрыс қояды;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды.
17


Page 18

Бөлімше 2.
9. «Дыбыс пен əріпті тану жəне ажырату»
Оқу мақсаты 1.2.9.1. Əріпті тану, ажырату жəне оны дыбыспен
сəйкестендіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп
оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерді оқы. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады?
Сол әріпті қоршап сыз.
Дескриптор Білім алушы
-
сөздерді дұрыс оқиды;
-
көп нүктенің орнына тиісті әріпті анықтайды.
18


Page 19

Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше 3.3. «Жоспар құру»
Оқу мақсаты 1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар
арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтінге жоспар құруда с уреттер мен сызбаларды
қолданады
•Мәтінге ат (тақырып) қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Үлгі бойынша мәтінге жоспар құр.
Үлгі:
1
2
3
4
•Мәтінге ат қой.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиғаның ретіне қарай бөліктерге бөледі;
- мәтіннің бөліктерін суретпен немесе сызбамен бейнелеп
көрсетеді;
- мәтінге ат қояды.
Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа
кірді. Анар қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады.
М
Сабақ басталды.
19


Page 20

Бөлімше 3.4. «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»
Оқу мақсаты 1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі
ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіндегі ақпаратты сурет/сызба/ белгілер арқылы
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Балалардың атын салған
суреттерімен байланыстырып сыз. Бос орынға автор салған суретті сал.
Дескриптор Білім алушы
-кейіпкерлердің салған суреттерін анықтайды;
-бос орынға әңгімелеушінің салған суретін салады.
Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз
қуана қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды
бейнеледі. Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін
салыпты. Мен мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді
сыныптың қабырғасына іліп қойдық.
20


Page 21

Бөлімше 3.10 «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты 1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін
сөздерді ажырата алу жəне орынды қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Заттың аты мен санын білдіретін сөздерді
ажыратады және дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Заттың атауына санын қосып айт.
Дескриптор Білім алушы
-
заттың атын білдіретін сөздерді ажыратады;
-
заттың санын білдірет ін сөздерді ажыратады;
-
заттардың атауын санымен байланыстырып айтады.
21


Page 22

Бөлімше 3.10. «Грамматикалық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты 1.3.10.2 Тəуелдік жəне жіктік жалғауларының қарапайым
формаларын қолдана алу (терминсіз)
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен сәйкестендіріп айт.
•Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
... оқушысың.
... дәптерім.
Дескриптор Білім алушы
- сөзге тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөзге жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
22


Page 23

Бөлімше 3.11. «Пунктуациялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты 1.3.11.1 Сөйлемді бас əріппен бастап жазып, сөйлем
соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сөйлем жазуда бас әріп пен тыныс белгілерін
дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Сөйлемді сызба түрінде жаз. Сөйлемнің соңына
тиісті тыныс белгісін қой.
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша сөйлем құрастырып, сызбамен жазып көрсетеді;
- сөйлемді бас әріптен бастап жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
23


Page 24

2-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым және айтылым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз,
сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің
мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,
сөйлем) анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•Мәтінде қанша сөйлем бар?
•Мәтінге сүйеніп, берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;
- мәтіннің негізінде сызба бойынша сөйлем құрастырады;
Менің Қаламқас дейтін қарындасым бар. Ол төрт жаста.
Мен оны өте жақсы көремін. Қаламқасты ойнатамын. Түрлі
ойыншықтар жасап беремін. Оған сурет салуды үйретіп жүрмін.
Қаламқас тақпақ айтуды ұнатады. Ол мені жақсы көреді.
24


Page 25

Бөлімше 1.2 «Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау»
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы
айтылғанын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін)
атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтін не туралы?
•Мәтінге сүйеніп, құстарды сипаттап айт.
•Суреттерге мұқият қара. Суреттің астына құстың атауын жаз.
_______________________ ________________________
Дескриптор Білім алушы
-мәтіннің не туралы екенін атайды;
- құстарды сипаттап айтады;
- құстардың атауын жазады.
Ұзақ пен қарға
Ұзақ пен қарғаны ажырата аласың ба? Ұзақтың денесі қарғадан
кіші. Түсі қап-қара. Тек мойын тұсы сұр. Ұзақ - жыл құсы.
Қарғаның бүкіл денесі сұр түсті. Ал басы, мойны және
қанаттары қара түсті. Қарға - отырықшы құс.
25


Page 26

Бөлімше 1.3. «Тыңдалған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты 1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай
отырып баяндау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда. Суреттердің ретін тауып, нөмірле.
Екі әтеш
(Ертегі)
Е
шашады. Әтештер жемді жей бастайды. Шұбар әтеш жемді қызғанып, сұр әтешті қайта-
қайта шоқи беріпті. Ызаланған сұр әтеш те оны шоқып алады. Содан соң екеуі төбелесе
кетеді. Олар бір- бірімен таласып жатқанда, көрші үйдің балапандары келіп, жемнің
бәрін жеп қойыпты.
•С уретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
- мәтінді жүйелі мазмұндайды;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
26


Page 27

Бөлімше 1.4 «Оқиғаны болжау»
Оқу мақсаты 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе
иллюстрациясы бойынша болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Тақырыбы бойынша әңгіме құрастыр. Оқиға немен аяқталуы
мүмкін?
Дескриптор Білім алушы
-
суретке сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;
-
тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
-
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- өз ойын жүйелі жеткізеді.
27


Page 28

Бөлімше 1.5 «Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс
қолдану»
Оқу мақсаты 1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
•Сыпайы сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сурет бойынша диалог құрастыр. Сыпайы сөздерді қолдан.
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша сұрақтар құрастырып, диалогке түседі;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында сыпайы сөздерді орынды қолданады.
28


Page 29

Бөлімше 1.6 «Тыңдаушының назарын аудару»
Оқу мақсаты 1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті
сөздерді, вербалды емес қарым -қатынас
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын,
мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті
қолдану)
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тыңдаушының назарын аудару үшін вербалды емес құралдарды, дауыс ырғағын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Кім қайда барады?
Жұптық жұмыс
•Өлеңнің мазмұ нын диалог түрінде әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- ө
леңнің мазмұны бойынша диалог құрастырады;
-
диалог барысында сөйлеу мәнерін сақтайды, ым-ишараны қолданады.
- Атай, қайда барасыз?
- Немереме базардан
Қауын, қарбыз әкелем.
- Әжей, қайда барасыз?
- Немереме қыздардан
- Сағыз сұрап әперем.
- Ағай, қайда барасыз?
- Балам жақсы көретін
Қарап жүрмін күшік мен.
- Апай, қайда барасыз?
- Балам қыста киетін
Іздеп жүрмін ішік мен
- Бала қайда барасың?
- Алаңқайға барамын,
Доп ойнауға жарадым!
(Е. Өтетілеуұлы)
29


Page 30

Бөлімше 1.7 «Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту»
Оқу мақсаты 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен
білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Бағалау критерийі Білім алушы
•Мәтінге қатысты пікірін айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтін не туралы?
•Құс неліктен ұясына қонбады?
•Балалар ұяның қасынан неге кетіп қалды?
•Балалардың іс- әрекеті дұрыс па? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге қатысты пікірін айтады және себебін түсіндіреді.
Марат пен Нұрлан тоғайға барды. Олар бұта арасынан ұя
тауып алды. Ұяда балапандар бар екен. Олар балалардан қорқып
шиқылдай бастады.
Бі
қонбай, балалардың үстінен айнала ұшып жүрді. Балалар ұяның
қасынан кетіп қалды.
30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ