Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Вокал сабағында негізгі ұстанатын ережелер"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім беретін ұйымдардағы мұғалімдерге пайдалы жоспар, жас мамандарға көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Қ Ұ Р Ы Қ Б А Л А Л А Р Ө Н Е Р М Е К Т Е Б І»





Ашық сабақ





Тақырыбы: Вокал сабағында негізгі ұстанатын ережелер.









Вокал мамандығының мұғалімі: Ж.Меңдіғалиева













Құрық 2020жыл



Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________А.Тоқбаева

«__» _______ 2020 жыл





Пәннің аты: вокал

Сынып: 1 сынып

Оқушы: Ақарыс Жансая

Сабақтың күні : 16.11.2020.

Сабақтың уақыты: дс.10.00.


Тақырып: Вокал сабағында негізгі ұстанатын ережелер.


Мақсаты:

Оқушының бойындағы жеке қабілеттері мен талантын дамыту;

Ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру; ән айту ережелерін үйрету; музыканы тыңдау, есту қабілетін қалыптастыру; әнді таза, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету; музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге үйрету; музыка мен сөз аралығындағы бірлікті сезіну; шығарма мазмұнын түсініп, ажырата біліп, қызығушылығын арттыру;


Сабақ түрі: Дамыту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, талдау, орындау, аспаппен сүйемелдеп жаттығу жұмыстарын жасау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, фортепиано, нота кітаптары, ән кітаптар, пульт, негізгі ұстанатын ережелердің плакаттары.

Пайдаланған әдебиеттер: Қабылаш Әбікейұлы. Кәсіби әншілік өнері: оқулыққа қосымша методикалық құрал. — Алматы, 2004-43 бет. Профессор Сембин Амангелді Нақыпұлы











Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (7 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(10 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ ( 20 мин)

ІҮ. Қорытынды. (3мин)


Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: керекті құрал-жабдықтары, фортепианоны дайындау, оқушының назарын сабаққа аударту, сабаққа дайындығын тексеру, дауыс жаттығуларын жасау.

Дауыс жаттығулары: жарты тонға көтеру және түсіру арқылы келесі жаттығуларды орындау:

1-жаттығу: Ку-ма-ку-ма-ма(До-ре-до-ре-до)

2-жаттығу: до-ре-ми-фа-сол-фа- ми-ре-до

3-жаттығу: «Я пою, весело пою» (до-ми-соль-соль-фа-ми-ре-до)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1) Диафрагмамен жұмыс жасату.

2) Ф.Абт - №2 Вокализ.

3) Халық әні: «Ахау керім».


3. Дамыту сабағы:

Дауыс шығару органдарының орналасуы олардың құрылымы мен қызметіне байланысты адамның дауысы әр түрлі үнді, реңкті болып келеді. Сол үнді «тембр» дейді. Ол дегеніміз бір биіктіктегі естілетін әрбір дыбыстың өзіндік үні, өңі мен реңк өзгешелігін білдіреді.

Қандай бір биіктіктегі дыбысты әртүрлі аспапта ойнап немесе дауыспен айтқанда қайсысы қандай дегенді сол аспаппен немесе дауыстың өзіндік үнінің ерекшелігімен айтуға болады деген сөз. Тембр құлаққа жағымды, жағымсыз болып келеді.

Әншінің ерекшелігі басқа музыканттардай емес, «әншілік аспабы» үнемі өзімен бірге болатындығында. Әнші болу үшін, ең алдымен, дауыс болу керек. Екінші, тыңдау кабілеті ерекше жетілген болуы керек. Сөйлейтін дауыс пен еститін құлақ адамзат, жан-жануардың бәрінде бар. Дегенмен, әншінің ерекшелігі дауыс пен есту қабілеті музыкалық ерекшелігінде. Әнші кәсіби немесе әуесқой болуы мүмкін, бірақ екеуі-де тыңдаушы көңілінен шығу үшін табиғат берген таланттың сыртында ән айтудың қарапайым, оңай, алғашқы шарттарын білгені жөн.


Вокал сабағындағы қолданылатын әдіс- тәсілдер:
Вокализ – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.
Артикуляция -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы
мүшелердің қызметі. .
Регистр – дауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен
ерекшеленуі.
Ырғақ – дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада
атқаратын ролі ерекше.
Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық) – музыкалық шығарманың ойналу
жылдамдығын желісі.
Дикция – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.
Дауыс биіктігі – әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі
тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады.

Дауыс тембрі (әуезділігі) - дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы.
Дауыс күші – дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеліс
қозғалысының қарқындылық кеңдігі.
Дыбыс – әуеннің ең бір кішкене белгісі.


Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және жуан дауыстылар бас неофунде немесе октавиеттер деп аталады.
Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы оқушылардың дауыс аппараты жақсы
дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.
Ән айту – педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық
эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән
айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокалды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.


ІІІ. Жаңа ән: Е.Хасанғалиев «Бозторғайым»

  1. Даланы мен де

Сүйемін сендей,

Бауырмал, құсым!

Назыңнан әсем

Сазыңнан әсем

Жаңылма, құсым!

 

Қайырмасы:

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой кең далама бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

 

2. Тауқымет тартып,

Тарықпа, жаным!

Қорықпа, жаным!

Құшағымды ашып,

Кеудеме басып,

Берейін жалын!


Әнді ережелерді сақтай отырып орындайды

  1. Әнді оқушыға тыңдату.

  2. Ән туралы мәлімет беру, талдау (өлшемі, екпіні, тоналдығы)

  3. Дикциямен жұмыс.

  4. Әнді орындау.

  5. Әнді оқушыға үйрету.


ІҮ. Сабақты қорытындылау:

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Вокал дегеніміз не?

2. Вокалда қандай әдіс-тәсілдер қолданылады?

3. Е.Хасанғалиев кім?

4. Қандай әндерін білесің?



Ү. Үйге тапсырма:

1. Диафрагмаммен жұмыстану;

2. Дикциямен жұмыстану;

2. Жаңа әнді жаттау;


ҮІ. Бағалау.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2021
1636
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12