жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Volunteering 9 сынып
САБАҚ ЖОСПАРЫ
1.Атаулы категориясы |
||
1.1.Мамандығы мен біліктілігінің атауы |
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» 1304000 «Техник-бағдарламашы» |
|
1.2.Курсы,тобы |
19 VT -1 |
|
1.3. Оқу моділінің/пәннің,меңгеретін тараудың атауы |
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті |
|
1.4. Сабақтың тақырыбы |
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. |
|
1.5.Сабақтың ұйымдастырушылық формасы |
топтық жұмыс |
|
1.6.Білім алушылардың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен икемділігі |
-тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту; -ізденімпаздық қасиеттерін арттыру; |
|
1.7.Кәсіби және еңбекпен қамтылуы білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі |
-қарым-қатынасты қалыптастыра білу; -ақпаратты қабылдау белсенділігі; |
|
2.Сабақтың мақсаты |
||
2.1.Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздедің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді |
-тыңдай білуі -сұхбат кезінде ойын еркін жеткізіп,дауыс мәнерін жақсартады;
|
|
2.2. Студенттерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету |
-жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра алуы; -ұжымда жұмыс істей алуы; -шығармашылық қабілетінің дамуы; |
|
3.Сабақ қорытындысын сипаттау |
||
3.1. Сабақтың аяғында білім алушылар білу және істеуі қажет |
-тақырыпқа қатысты өз ойларын айта алуы; -тіл байлығын арттыруға ықпал ету; |
|
3.2. Сапа белгілері |
-сауатты сөйлеуге; -Шығармашылық ізденіске бағыттау; -Үй жұмысын беру: «Еңлік –Кебек» поэмасын мазмұндап, сатылай кешенді талдау жасау |
|
4.Жоспарлау фазасы |
||
4.1.Оқу-әдістемелік жабдықтау,анықтамалық әдебиеттер тізімі |
1.Қазақ әдебиеті:ЖББ мектептің қоғамдық-гуманит. Бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ С.Қирабаев, Ұ.Асыл, К.Құрманбай, т.б. 2.Қазақ әдебиетінің христоматиясы |
|
4.2.Техникалық жабдықтау,материалдар |
Интерактивті тақта ,үлестірмелі материалдар |
|
4.3.Студенттер іс-әрекетінің ретін сипаттау |
-тіл мәдениетін дамыту; -сөз мәдениетін жетілдіру; |
|
4.4. Оқытушының рөлі |
-тақырып бойынша нақты түсіндіру |
|
5.Жоспарды жүзеге асыру |
||
5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте) |
Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру» |
|
6.Бағалау |
||
6.1.Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау |
-Жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау; - өздік жұмыстың орындалу деңгейін қарау; |
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Студенттерді түгендеу.
Сабаққа
дайындықтарын бақылау. (2
мин.)
ІІ. Жаңа сабақ:
Курс тақырыбы: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны.
Мақсаты :
Білімділік:
Студенттердің Шәкәрім Құдайбердіұлы
туралы білімдерін толықтыру, ақынның
«Еңлік – Кебек» поэмасының негізгі
идеясы мен тақырыбын ашу.
Дамытушылық:
Студенттердің сөздік қорын байыта
отырып, ойлай білуге, өз ойын нақтылап
жеткізе білу дағдысын дамыта отырып,
жазу, оқу, аудару және қорыта білуге
дағдыландыру, өзіндік ой түю, пікірін
дәлелдей білу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:
Шәкәрім Құдайбердіұлы жайлы мәлімет
бере отырып, адамгершілікке, ұлтжандылыққа,
білім мен өнерге деген құштарлыққа
тәрбиелеу.
Лекцияны түсіндіру. (8 мин.)
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар. Дастанның кейіпкерлері:
Кебек – Тобықты руының Тоқтамыс деген атақты басшысының жақыны, 15 жастағы атағы шыққан, көзі өткір, қараторы, орта бойлы, тапалдау, кең иықты жігіт
Еңлік – Матай руынан шыққан бай шалдың қызы, атастырылып қойған. Қара торы, сұңғақ бойлы
Нысан абыз- пірге, аруаққа сиынып, ауруды ұшықтап емдейтін тәуіп, бақсы. Кебекке болашағын болжаған адам
Тоқтамыс – Тобықтының басшысы, Кебектің жақын туысы
Кеңгірбай – Тобықтының биі, ақылды, әділ би, дала заңына бағынып, қатал үкім шығарушы.
Көбей – Жүзбенбет деген таптан шыққан кісі, әрқашан Кеңгірбай бидің жұмбақ сөзін сол шешкен.
Тұлпары – Қозыкүрең
Жырдағы әдет - ғұрып, салттар: жақынынан қыз алмау, уәдеге беріктік, қалың - мал беру, қызды алып қашу, құда түсу, аңшылық, құсбегілік, қонақ күту, ұрын келу
Жер - су атаулары: Хан, Шыңғыс бөктері, Хақан өзені, Мұғажар, Орда, Ащысу, Таймақ пен Ералы
Жаңа сабақ тақырыбына қатысты видео көрсету арқылы конспектілеу. (5 мин.).
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру:
Студентерді «Саяхат сабағымен» таныстыру. (3 мин.)
Студенттерге бүгінгі сабақта таңғажайып саяхатқа аттанатыны айтылады. Олар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы және «Еңлік – Кебек» дастаны туралы сұрақтарға жауап беру арқылы өздері таңдау жасаған мемлекеттеріне бір күндік сапар шегеді. Саяхат барысында тапсырманы тез, әрі жүйелі орындаған топқа, балдық қағаздар беріледі.(5 ,4,3 ұпай). Сол арқылы қай топтың оза шапқаның байқаймыз.
Қосымша тапсырмаларды орындау кезеңі . (Үй тапсырмасы сұралады). (12мин.)
А) Топтардың қай мемлекеттерге баратынын білу үшін өткен сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Бірінші болып жауап берген топ, таңдау құқығына және ең жоғары ұпайға ие болады. (Канада, Норвегия, Жапония)
1. Шәкәрім Құдайбердіұлының әкесі мен анасының есімі кім? Құдайберді мен Күңке
2. Шәкәрім қай тілдерді жетік білді? Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.
3. Неше жасында әкесінен жетім қалады? 7жасында
Ә) Топтардың саяхатқа қандай көлікпен аттанатынын білу үшін өткен сабаққа қатысты сұрақ қойылады. Бірінші болып жауап берген топ, таңдау құқығына және ең жоғары ұпайға ие болады. (Кеме, Поезд, Ұшақ)
1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өзі жайлы айтатын автобиографиялық өлеңі? «Мұтылғанның өмірі»
2. 1908 жылы А.С.Пушкиннің қандай шығармаларын өлең түрінде аударған болатын? «Дубровский», «Боран»
3. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның қай романын аударған болатын? «Том ағайдың балағаны»
Б) Қандай көлік түрімен баратындары анықталғаннан кейін,билет сатып алу үшін Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін мәнермен, дауыс ырғағымен жатқа айтқан топқа билет және ең жоғарғы ұпай беріледі. ( Әр топтан бір студент)
Негізгі тапсырмаларды орындау бөлімі. (15мин.)
№1 . Көрікті жерді көру үшін абайсызда жыртылып қалған гидтік картанының бөліктерін тез құрастырған топ жоғары ұпайға ие болады және мемлекеттің көрікті жерін бірінші көреді. Сөздерді орнымен дұрыс қойған топ «Еңлік-Кебек» дастанына қатысты сөйлемді табады.
1. Бұл дастан 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасында жарыққа шыққан болатын
2. 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған
3. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-кебек» дастаны 652 жолдан тұратын көлемді шығарма
№2. Көрікті жерді көру үшін «Еңлік-Кебек» дастанына қатысты сөзді тауып, ребусты тез шешкен топ ұпайға ие болады.
Бірінші топтың ребус жауабы: Матай
Екінші топтың ребус жауабы: Тобықты
Үшінші топтың ребус жауабы: Арғын
№3. Көрікті жерді көру үшін әр топқа «Еңлік-Кебек» дастанынан үзінді таратылып беріледі.Сол үзінді дастандағы қай кейіпкерге тиісті екенін анықтауы керек.
1. «Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын,
Ол үшін саған ақыл сала алмаймын.
Жаман айтсам жабығып қала көрме,
Жынның сөзін жасырып қала алмаймын.
Соны айтып қобыз алды Кебекке арнап,
Шақырды жындарының атын зарлап.
Қара қалмақ Қорқыттың күйін тартып,
Қобызына ән қосып кетті сарнап.
Екі көзін қан жауып, өңі қашып,
Сұп-сұр болып, алартып көзін ашып.
Шүлдір-шүлдір сөйлесіп жыныменен,
Өзін-өзі тоқтатты әзер басып. (Нысан абыз)
2. Мені де кедей емес, байға берген,
Күйеуім өткен жазда ұрын келген.
Қасына жатпақ түгіл жуымадым,
Білген соң шіріктігін келген жерден.
Нышаны жоқ бет-аузында сақал, мұрттан,
Бұрын да естуші едім жайын сырттан.
Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,
Күндіз асық іздейді ескі жұрттан.
Көп жігіт жүр сыртымнан қылып кеңес,
Мен ұнасам, «алмаймын сені» демес.
Солардың біреуімен кетер едім,
Байқаймын, бәрі менің теңім емес. (Еңлік)
3. «Ей, Еңлік! Айтқан сөзің — сөздің шыны,
Сөйтсе де бір сөзім бар, тыңда мұны.
Соғысқа сылтау таппай отырғанда,
Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.
Онсыз-дағы біріне-бірі қырын,
«Ала ғой» деп береді кім жесірін.
Адам түгіл мал үшін ел шабады,
Қыз болсаң да білесің елдің түрін.
Мен сені алып жөнелсем осы түнде,
Жиылмай ма бар Матай жалғыз күнде?
Тобықтыдан жылқыны тиіп алып,
Басталмай ма бітпестей бүлік мүлде. (Кебек)
IV. Сабақты бекіту. (12мин.)
Саяхаттан оралдық,ендігі алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Ол үшін сіздерге бір бет үлестірілген қағазға «Еңлік – Кебек» дастаны жайлы не түсіндіңіздер соны жазасыздар. (сызба,сурет т.б. түрде болуы мүмкін)
Үйге тапсырма: «Еңлік –Кебек» поэмасын мазмұндап, сатылай кешенді талдау жасау. (1мин.)
Бағалау. Бүгінгі ойында жеңімпаз топ атанған студенттерге және белсенділігімен көзге түскен студенттер жоғары бағаға ие болады. (2 мин.)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген