жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Вщвдзкдкдк зілк
Мдм «Азамат» балабақша- бөбекжайының
тәрбиешісі Жылқыжиярова
Кулатай Торымханқызы
М.Монтессори технологиясы элементтерін жалпы бағыттағы балабақшаларда қолдану
Бала алғаш дүниеге келгенде өте кішкентай болса да, сүйіспеншілікке толы жас сәбиіңізді көргенде оның толықтай тек қана сіздікі екендігі және сізге толықтай бағынышты болғанын сезінген шығарсыз. Міне, сол сәттен бері «жанжақты дамыған тұлғаны» қалыптастыру үшін сіз және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері талмай еңбек етеді. Ия, сәби дамуында оның балғын балалық шағы қаншалықты маңызды болса, оның нәрестелік кезімен сәбилік шағы да соншалықты маңызды. Себебі осы кезеңде балаңыздың алған тәжірибесі оның өмірлік азығына айналады. Оның өзіне сенімді, интеллектуалды дамыған, өмірден өзіне қажеттісін алатын тұлға болып қалыптасуы тек ересектерге байланысты.
Бұндай жауапкершілік әр ата-ана мен тәрбиешілерді алаңдататыны сөзсіз. Психологтар баланың миын кезкелген көңіл аудартатын нәрсенің дамытатынын айтады. Балаңызды кешке құшақтадыңыз ба? Ертегі оқыдыңыз ба? Таңертең маңдайынан сүйдіңіз бе? Қоршаған заттармен таныстырдыңыздар ма? Міне, осының барлығы мидың ақпаратты талдауына түрткі болады. Яғни, дамытады. Ол үшін арнайы ұйымдастырылған жаттығулар мен тапсырмалардың маңызы зор. Ал олардың арасындағы ең маңыздысы – саусақ жаттығулары.
Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.
Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуына келсек:
− Туғаннан бір жасқа дейін. Жармасу - бала заттарды ұстауға үйренеді, мақсатты түрде қимылдайды.
− Екіден төрт жасқа дейін. Дағдылар дами түседі, саусақтар белсенді қимылдайды. Қимылдарын басқара алады, жазықтықта бағдарлауы артады.
− Төрттен сегіз жасқа дейін. Меңгерген ұсақ саусақ моторикасының дағдыларын қолдануды үйренеді, қол, қолдың білезік бөлігі, саусақ қимылдары бағдарлы.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытуды баланың нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн. Нәрестенің қолына саусақ жаттығуы – саусаққа арналған массаж жасаған тиімді. Сол арқылы ми қыртысымен байланысты биологиялық нүктелерге әсер етеміз. Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі дегеніміз НЕ? Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген.
М. Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен.Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру. Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт –бағдар беріп отыруы керек. Монтессори педагогикасы бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл баланың жан –жақты дамуына жағдай жасайтын «дайындалған орта» болып есептеледі. 1,5 және 3 жас аралығындағы балалардың өзін –өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары балабақшадағы баланың күн тәртібімен орындалатын таңғы жиындағы саусақ қимыл жаттығулары болса, қарапайым математикада сезім мүшелері арқылы тілін дамыту.
Бұл әдіс бойынша 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді Монтессори әдісінің негізгі қағидасы – «оқы,оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдарды өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай – ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Ойын бөлмесінде «Барлығымен еркін айналысып, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс жасайтын балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы тәрбиешілер міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде ұйымдастырылған оқу қызметі емес,қабырғадағы арнайы қол машықтарын дамытатын: жыл мезгілдерінің фланелеграфтары, киім қыстыратын қыстырғыштар, баулық және түймелі киімдер қолданылады.
Жұмыс материалдарын өздері таңдайды. Білім емес, әрекет маңызға ие болады. Балалық шақтан бастап «Өзін – өзі қалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жоспарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Мен осы салада жұмыстанып жүргеніме 7 жыл болды. Осы жеті жыл ішінде балалар жақсы нәтижеге жетуде. Білуге, үйренуге деген талпыныстары, өз – өзіне еңбек ету, бір – бірімен қарым – қатынас жақсарып. Бір ойыншыққа таласпай күте білуді, қоршаған ортаға деген қызығушылығы т.б қарым – қатынастарда жақсы нәтиже беруде.
Монтессори әдісінің мақсаты:
- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті:
- Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
- Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
- Ұсақ моториканы дамыту.
- Зейінін тұрақтандыру.
- Тәртіпке үйрету.
Монтессори 5 аймақтан тұрады:
1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.
2. Сенсорика аймағы.
3. Математика аймағы.
4. Тіл аймағы
5. Ғарыш аймағы.
1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:
Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді.
2. Сенсорика аймағы:
Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді – осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б). Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар,маталардың қиындыларының жиынтығы т.б). Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер). Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т.б). Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т.б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.
3. Математика аймағы:
Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала , көп - аз ұғымдарын меңгереді.
4. Тіл аймағы:
Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған манна жармасына сурет салуға
5. Ғарыш аймағы:
Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.
Қолданылатын материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:
Бала өз қозғалыс қажеттіліктерін іске асыра алу үшін ортаның барлық материалдарына еркін қол жеткізе алуы керек.
Материалдар төмен, жақсы көрінетін, баланың бойына сәйкес сөрелерде тұрғаны жөн.
Төменгі сөрелерге ауыр, көлемді материал, ал жоғары сөрелерге жеңілірегін орналастырған дұрыс болады.
Монтессори әдістемесінің принциптері:
Баланың жан – жақты дамуы үшін ең алдымен мыналар қажет деді:
Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы құралдар;
Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;
Жеке тұлғаны дамытушы аймақ.
Қорытынды:
Монтессори – педагог М.Монтессори технологиясының теориясын меңгереді, тәжірибеде жүзеге асыруға ықпал етеді;
Монтессори - педагог баланың дамуына бағытталған заттық-кеңістік ортаны жасайды;
Ата - анамен байланысты нығайтады;
Баланың өздігінен еркін дамуға ықпал етеді;
Тәрбиешілердің жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзіреттіліктері қалыптасады.
Балалар өздеріне қызмет етуді, еркін қозғалуын, материалдармен ұзақ уақыт жұмыс жасауға, таңдау жасауға, өздігінен шешім қабылдауға, өз – өзіне деген сенімге, жеке жұмыс жасауға, бір – бірін сыйлауға, достық қарым – қатынасқа, өзін жеке тұлға ретінде дамытады.
М. Монтессори технологиясын іс жүзінде мынадай ойын түрлері арқылы қолданған пайдалы:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген