400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Web бағдарламалау және Интернет технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

№14 КОЛЛЕДЖ МКҚК






«IT технология» «КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Әдістемелік бірлестік Әдіскер Директордың оқу ісі

мәжілісінде талқыланып, қаралған ______Ширинов Е. жөндегі орынбасары

ӘБЖ комиссия төрағасы «____» ____ 2019 ж. ____________________

Е. Есболов. «____» ____ 2019 ж.

№ ___хаттама «___»__ 2019 ж.

Shape1

Ашық сабақ






Пәні: КМ 05.1 Web бағдарламалау және Интернет

технологиялар

Тақырыбы: HTML – тілінде кестелерді қалыптастыру

Мамандығы: 1304012- ЭЕМ операторы

Курс: ІІІ

Дайындаған: Д. Қалменов













Аткент 2019 жыл.



Сабақ жоспары

Тобы

75 топ

Күні

20.11.2018 ж.







Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділігі: Білім алушыларға компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды таныстыру.

  • Тәрбиелігі: Білім алушыларды компьютердің құрылғыларымен таныстыра отырып, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

  • Дамытушылығы: Білім алушыларды техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жан жақтылыққа баулу.

Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, көрсету, «Тапқыр болсаң тауып көр» әдісі, «Суреттер сөйлейді» постер құру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, принтер, сканер, аналық тақша, компьютер, слайд, тест сұрақтары, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Студенттермен амандасу.

  • Студенттерді түгендеу.

  • Оқу құралдарын тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Үйге берілген тапсырманы студенттер компьютерде слайд арқылы, көрсете отырып сөйлету.

2. Үй тапсырмасы бойынша алған білімдерін компьютерде көрсету.

3. 10 сұрақтан тұратын тест жұмысы беріледі (2 нұсқа)

  1. ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері неше пункттен тұрады?

  1. 6 ә) 8 б) 5+ в) 2 г) 3

  1. Ақпарат дегеніміз не?

а) қоршаған ортадан келіп түсетін мәлімет+

ә) компьютердің құрылғысы

б) білім ордасы

в) Компьютердің тұрғылықты есте сақтау жадысы

г) мәліметтерді экран бетіне шығарып беру

  1. Ақпараттың шығу облысына байланысты неше түрі бар?

а) әлеуметтік, биологиялық, қарапайым+

ә) математикалық, компьютерлік, биологиялық

б) қарапайым, биологиялық, математикалық

в) әлеуметтік, компьютерлік, физикалық

г) математикалық, физикалық, әлеуметтік

  1. Визуальды әдіс -....

а) дыбыс арқылы таратылады;

ә) сезім арқылы;

б) есептеу техникасының көмегімен таратылады

в) көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады+

г) иіс және дәм арқылы

  1. Аудиальды әдіс -....

а) иіс және дәм арқылы

ә) сезім арқылы;

б) есептеу техникасының көмегімен таратылады

в) көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады

г) дыбыс арқылы таратылады;+

  1. Органо-лептикалық әдіс -.....

а) дыбыс арқылы таратылады;

ә) сезім арқылы;

б) есептеу техникасының көмегімен таратылады

в) көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады

г) иіс және дәм арқылы+

  1. Тактильді әдіс -...

а) иіс және дәм арқылы

ә) сезім арқылы;+

б) есептеу техникасының көмегімен таратылады

в) көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады

г) дыбыс арқылы таратылады;

  1. Алгоритм сөзі қай ғалымның есімімен тығыз байланысты?

а) Хорезми+

ә) Ибн Сина

б) Әль-Фараби

в) Аристотель

г) Махмуд Қашқари

  1. Алгоритмнің неше қасиеті бар?

а) 3

ә) 4

б) 5+

в) 6

г) 7

  1. Агоритм жазылу жолдары?

а) табиғи, термин, программалау тілінде, график түрінде+

ә) табиғи, орыс, қазақ

б) термин, ағылшын, программалау тілінде

в) блок схема, график түрінде, орыс тілінде

г) табиғи, график түрінде, ағылшын тілінде

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: Сұрақтар арқылы

  • Бағдарлама дегеініміз не?

  • Бағдарламалық жасақтама нешеге бөлінеді?

  • Жүйелік бағдарламалық жасақтама дегеніміз?

  • Қолданбалы бағдарламалық жасақтама?

  • Инструменталды бағдарламалық жасақтама?

ІҮ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Жоспар:

  • Негізгі құрылғылар;

  • Жүйелік қорап ішімен танысу;

  • Қосымша құрылғылар және оларды орнату;


Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамасыз етуге арналған. Мониторлар электронды-сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі түсті және монохромды болады, бір –бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді.

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тінтуір (тышқан) – «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:

  • Жүйелік (аналық) тақша;

  • Процессор;

  • Оперативті жады;

  • Тұрғылықты диск;

  • Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;

  • CD және DVD диск жетектері;

  • Бейнесызбалық бейімдеуіш;

  • Дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);

  • Желілік тақша;

  • Енгізу –шығару порттары;

  • Қоректендіру блогы.


Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немес жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша –бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша.


Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш орнатылады.


Оперативті жады (ОЗУ) –мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Компьтерде біо мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе соғұрлым үлкен оперативті жадыы талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді. Оперативті жадының көлемі мегабайтпен өлшенеді.


Тұрғылықты диск –бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.


Алмалы дискілерге арналған диск жетегі -3,5 –дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып табылады. Олардың сыйымдылығы -1,44Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады.


CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дискілер –ауыспалы тасмалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болады.


Дыбыстық тақша –компьютерге жоғарғы сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді.


Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді.


Порттар –корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.


Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.


Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Модем –компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемдер ішкі және сыртқы болады.

Колонка, құлаққап –дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғылар.

Принтерді компьютерге орнату.



Ү. Жаңа сабақты бекіту:

1. «Тапқыр болсаң тауып көр» әдісі. Ұяшық таңдау

1. Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді?

2. Пернетақтаның атқаратын қызметі және неше бөліктен тұрады ?

3. Порттар дегеніміз және оған сипаттама?

4. Оперативті жады мен қатқыл дисктің айырмашылығы қандай?

5. Процессорды қызып, күйіп кетуден сақтайтын бөлігі?


2. «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеде

Кетігін тапта бар қалан» , аналық тақша бетіне компьютердің ішкі құрылғыларын сипаттай отырып, орын –орнымен орналастыру.



3. Тәжірибелік жұмыс. Принтер орнату.

4. «Суреттер сөйлейді» постер құрастыру. Компьютердің негізгі құрылғыларын таңдап, тақтаға дұрыс орналастыру.













ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау:

«Ой толғаныс» кезеңінде ойларын жазған стикерлерді сабақты түсіну деңгейіне сәйкес сурет тұсына орналастырады.








ҮІІ. Бағалау:

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  • Компьютер құрамына кіретін құрылғыға сөзжұмбақ құру.

  • Компьютер құрылысы тақырыбына слайд дайындап, қорғау.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
2000
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі