400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Web-бетке арналған графика»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Web-бетке арналған графика». Растрлық графика және векторлық графика үшін әмбебап және арнайы графикалық файлдардың пішімдерін ажыратады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

10.2 Дизайн теориясы

Бекітемін________________________

Коллеж: М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Уақыты: 10.11.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні: Боранбаева Жұлдыз

Курсы: 1

Қатысушылар саны:


Сабақ тақырыбы

«Web-бетке арналған графика»

Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)

10.2.1.5 Графикалық редакторлардың стандартты және жеке пішімдерінде суреттерді сақтау: BMP, TIFF, GIF, PNG, JPEG.


Оқу мақсаттары

  • Графикалық файлдарды түрлендіру қажеттігін түсіндіру;

  • Растрлық графика және векторлық графика үшін әмбебап және арнайы графикалық файлдардың пішімдерін ажыратып кестені толтырады;

  • Растрлық графикалық редакторында суреттерді құрып, әрекеттерді өңдей отырып сақтайды.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Білу, түсіну және қолдану


Тілдік мақсаты




Тілдік оқыту мақсаты

Графикалық файл пішімдерінің әртүрлілігін жеке жұмыс жасау үрдісінде ауызша сипаттау.

Түсіндіріп жатқанда ағылшын тілін пайдаланыңыз.

Тақырыптық сөздік және терминология

компьютерлік графика- компьютерная графика - computer graphics;

растрлық графика - растровая графика - bitmap graphics;

векторлық графика - векторная графика - vector graphics;

пішім – формат – format.

Мәндерді саралау


Ұлттық идеяға сәйкес құндылық

«Мәңгілік ел»:

  • Академиялық адалдық

  • Ынтымақтастық

  • Функционалдық сауаттылық

Мәдениеттерді тәрбиелеу академиялық адалдық, топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық, практикалық тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылық арқылы диалог арқылы жүзеге асырылады.

Пәндік байланыс

Өзін-өзі тану, Ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Бейне контент құру, дизайн теориясы


Сабақ үдерісі

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сыныптағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы

0–10 мин

Ұйымдастыру сәті: журналдағы қатысушыларды тексеру.

Әдісі: «Мозаика».

Студенттерге тапсырмалар таратылып, жауабын аудиторияның екі бұрышындағы алдыңғы білім бойынша өздерінің қай тақырыпқа сәйкестігін анықтап, 2 топқа бөлінеді. (А1, А2,...,А15 және В1,В2,...,В15)

Әдіс: «Адасқан әріптер». ( компьютерлік графика)

Студенттер адасқан әріптер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға ой қозғалады.

 Студенттерге сабақ тақырыбы мен оның мақсаттарымен таныстыру

Өзін-өзі тану пәні бойынша ой қозғау

Бейнеге немесе суретке қарап, асығыс шешім қабылдамау!


Презентация

1-5 беттері













https://youtu.be/s727kdCwpkk

11-25 мин

Графика дегеніміз – бұл сызба құралдарының көмегімен жасалған сурет.

Ал, графикалық редактор дегеніміз – графикалық бейнелерді құруға немесе өзгертуге арналған программа.

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. 

Компьютерлік графика :

1) Екі өлшемді графика

2) Үш өлшемді графика болып бөлінеді.

Екі өлшемді графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. 

Векторлық графика, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді.

Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.

Презентация

6-12 беттері



Г рафикалық файл форматтарын жеке-жеке қарастырып көрелік.


Windows операциялық жүйесі үшін Windows Bitmap форматы қолданылады. Бұл форматтың кеңейтілімі – .BMP.



Түрлі түсті кескіндерді (суреттерді) сақтау үшін JPEG форматы қолданылады. Бұл форматтың кеңейтілімі – .JPG.


И нтернетте JPEG форматынан басқа GIF форматы қолданылады. Ақпараттың жоғалуына жол бермейтін графикалық форматтың бірі. Мұндай файлдар форматының кеңейтілімі – .GIF.

П олиграфияда сурет сапасына ерекше талаптар қойылады. Бұл облыста арнайы TIFF форматы қолданылады. Бұл файл форматтары .TIFF кеңейтілімінде болады.

Осы аталған форматтардан басқа растрлық кескіндердің ондаған форматтары бар, олардың кейбіреулері нақты мақсаттарға бағытталған. Көпшілігі белгілі бір қосымшалармен жұмыс істеу үшін құрылған, оларға мысалы, .PSD – Adobe Photoshop қосымшасы үшін немесе .PNT – Painter 5 үшін жасалған форматтар жатады.

W MF (Windows MetaFile) – Windows-тың тағы бір форматы. Векторларды алмастыру буфері арқылы тасымалдау үшін қолданылады. Векторлық графикамен байланысы бар Windows-тың барлық программасына түсінікті әмбебап формат болып табылады.

E PS (Encapsulated PostScript) – PostScript-тің қарапайым жеңілдетілген түрі. Бір файлда бір парақтан артық өлшем сақтай алмайды және принтер үшін бірнеше орнатуды сақтамайды. Оны кейбір программалар жұмыс файлы ретінде пайдаланады.

C DR (CorelDraw Document) – CorelDRAW программасында құрылған векторлық немесе растрлық жоба файлы. Аталған файл форматы Corel компаниясының жекеменшік программалық өнімдерін қолдану үшін жасалған.

Компьютерлік графика саласында графикалық файлдарды бір форматтан екінші бір форматқа түрлендіру қажеттілігі мынадай себептердің бірінен туындауы мүмкін:

  • қолданушы жұмыс істеп отырған программа файлдың ағымдағы форматын қабылдамауы (форматтардың үйлеспеуі);

  • сығу алгоритмін қолдану арқылы файл өлшемін өзгерту;

  • суретті өңдеудің белгілі бір амалдарын орындауға мүмкіндік беретін программамен үйлесетін форматқа файлды түрлендіру;

файлды Интернет желісіне жүктеу барысында қойылатын талаптармен сәйкестендіру.

Файлдарды түрлендіру белгілі бір программалар көмегімен жүзеге асырылады. Файлдарды бір форматтан екінші форматқа түрлендірудің 4 түрлі жолы бар:

  • Бір растрлық форматтан екінші растрлық форматқа түрлендіру

  • Растрлық форматтан векторлық форматқа түрлендіру

  • Бір векторлық форматтан екінші векторлық форматқа түрлендіру

  • Векторлық форматты растрлық форматқа түрлендіру

Глоссарий

компьютерлік графика- компьютерная графика - computer graphics;

растрлық графика - растровая графика - bitmap graphics;

векторлық графика - векторная графика - vector graphics;

пішім – формат – format.

Компьютерлік графика ұғымын түсіндіріп, оның 2 түрін таныстырып 2 топқа атау береді.

1 топ: Растрлық графика;

  1. топ: Векторлық графика.


26-35 мин














36-45 мин





50-60 мин










































61-70 мин












71-80 мин









81-85 мин


Әдісі: Джигсо

Студенттерге «Блум таксономиясы» бойынша әртүрлі деңгейді қамтитын топтарға жұмыс дәптері беріледі (GOOGLE презентация)

Бірінші топ - «Растрлық графика»

Екінші топ - «Векторлық графика»

Білу. Берілген форматтарды тиісті орындарына орналастырыңдар:

Растрлық кескін форматтары

Векторлық кескін форматтары



WMF BMP GIF CDR TIFF PNG EPS JPEG

Түсіну. Төменде көрсетілген сілтемеге кіріп, сәйкестендіріңдер:

https://wordwall.net/play/24652/516/266


Қолдану. Тәжірбие жасаңдар: «Растрлық гр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
4882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі