400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Web-жобалау HTML тілі, HTML-де қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Web-жобалау HTML тілі, HTML-де қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу, сайт құрастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Ашық сабақ

Тақырыбы: Web-жобалау HTML тілі, HTML-де қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу


































Оқу сабағының жоспары


Сабақтың тақырыбы:   Web-жобалау HTML тілі, HTML-де қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу.

Модуль /пән атауы: Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдардың қызметтерін пайдалану.

Педагог:


1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: ІІ-курс,

Сабақ түрі: Жаңа білімді хабарлау

2. Мақсаты, міндеттері:

Web-парақшаларын әзірлеуде HTML тегтерін қолдану

HTML тілінің тегтерін пайдалану
3.Күтілетін нәтиже:

HTML-де қаріптерді қолдана алады
HTML-де қаріптерді беруді ұйымдастырады

4.Қажетті ресурстар:

Слайд, ноутбук, интерактивті тақта

Ақпараттық технологиялар (HTML): Оқулық Қожамкулова Ж.Ж., Керимбаева В.Ж., Майкотов М.Н.

5.Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру

б) Сабақты бекіту

в) Үй тапсырмасы


а)Ұйымдастыру.

Жағымды атмосфера қалыптастыру: студенттерді әуен арқылы секіріп шапалақ ұру арқылы, сәлемдесу.

Топқа бөлу. Пазл әдісі бойынша


Конферт ішінен браузерлерді , бөліктерін біріктіріп сол бойынша топқа бөлініп отырады.


Picture 7



Үш топқа бөлініп Google, Opera, Mozilla Firefox



Үй тапсырмасын сұрау

  1. Виртуалды және кеңейтілген мәдениет бұл?

  2. Виртуалды және кеңейтілген шындықты қолдану салалары?

  3. Виртуалды және кеңейтілген шындықты қолданудың ерекшеліктері?

  4. Виртуалды және кеңейтілген шындық оқу кезінде адамның қабылдауына қалай әсер етеді?

  5. Виртуал түр дегеніміз не?

  6. 3D панорама дегеніміз не?

  7. 3D модельдеу дегеніміз не?

  8. Кеңейтілген шындық дегеніміз не?

  9. Виртуалды шындық дегеніміз не?

  10. Виртуалды және кеңейтілген технологияларды енгізудің артықшылықтары?

  11. Виртуалды және кеңейтілген саяхаттардың артықшылықтары қандай?






ә) Жаңа сабақты түсіндіру және бекіту.

Жаңа материалды меңгерту


Сабақтың мақсаты: Web жобалау дегеніміз не екенін, web сайт және Web бет ұғымдарын түсіндіру. Веб сайты жасау жолдарын түсіндіру. Кодтау арқылы сайт жасауды оқыту. 

 Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады (Hyper Text Markyp Languge – гипермәтіндік белгілеу тілі) Яғни Веб-сайттар серверде ерекше HTML форматында сақталады. HTML-дің орындайтын жұмысы – белгілер орнату.

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті-олардың барлығы да HTML де жазылған. HTML тілінде Web –парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML –гипермәтіндік белгілеу тілі.

HTML тілі World Wide Web-пен бірге дами отырып. Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдасымен толықтырылып отырады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның кең тарауына себепші болды. World Wide Web қазақ тіліне аударғанда кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады.

Гипермәтін-қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне мәтін сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз-келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнелетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтіндік бейнелеу үшін броузер деп аталатын арнайы көрсету программаларды қолданылады. Гипермәтін экранда бейнеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек онда сонымен байланысты басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін. Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі.

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тег деп аталады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» «<» символынан басталады да, «үлкен» «>» сомволымен аяқталады. Осындай қос символдар тізбегі бұрыштық жақшалар деп аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз тег орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешқандай роль атқармайды, бас әріптерді де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етіледі.

HTML тілінің бір тегі әдетте белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады: бірі ашылады, екіншісі жабылады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег – сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен / басталуы керек.





























Сергіту сәті қораптағы іс-әрекеттерді қайталау

1.Тапсырма


А)



Б)


С)


2. Тапсырма Топтық жұмыс





б) Сабақты бекіту сұрақтары LearningApps.org сілтемесі арқылы орындалады.
















Кері байланыс: Instagram әдісі





Үй тапсырма: Әр студент жеке өз Web беттерін құрастыру қажет















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
31.03.2025
217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі