жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Web технологиялар мүмкіндігін қолданып сайт жасау»
«Web технологиялар мүмкіндігін қолданып сайт жасау»
Б.К. Турлыбекова1, техн. ғыл. бакалавры,
А. Насыр1, студент
Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі, Шымкент қ.
Байланыс е-mail:
Берілген мақалада қшықтықтан оқыту үшін ыңғайлы электронды оқулық жасалу жолы көрсетілген және Веб технологияларға арналған ақпараттар тарау бойынша жалпы қойылымы келтірілген.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, электронды оқулық, Веб технологиялар мүмкіндігі, HTML тілінің мүмкіндігі, Java Script тілін қолдану.
Президентіміздің 2011 жылғы халқымызға Жолдауында 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 % - ы электрондық оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 % - ға дейін артуы тиіс деп айтылған [1]. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі ақпараттық технологияларды және компьютерлік телекоммуникацияларды қарқынды түрде қолдануда. Әсіресе, динамикалық түрде қашықтан оқыту жүйесі даму үстінде, оған көптеген жағдайлар ықпалын тигізуде. Солардың бірі – оқу орындарын компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету мен қатар ауқымды Интернет желілерінің бірлестіктерін дамыту. Ашық түрде оқыту – қазіргі заман талаптарына сәйкес, білім беру технологияларына негізделген оқу түрі болып табылады. Осы технологиялар санына желілік, ақпараттық, қашықтан және инновациялық білім беру технологиялары жатады. Жоғарғы техникалық білімнің қазіргі заманғы үрдістердегі ең маңызды алғы шарты – болашақ инженерлердің қалыптасуы және зерттеушілердің ғылыми ойлауын, дербес игеру іскерліктерін және жаңа мағлұматтарды талдауын, ғылыми гипотезаларды құра алуын қадағалау. Бұл мәселелерді шешу жаңа ақпараттық технологияларды кең қолданбай мүмкін болмайды. Ғылыми - техникалық прогресс көтерілуін баяндаушы жаңа экономикалық категорияға ақпараттық ресурстар айналуда. Ресурсты және энергосақтайтын, таза экологиялық және қауіпсіз химия өндірісін шындыққа айналдыру тек қана қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен бірге мүмкін болады.
ХХ ғасырдың аяғы қоғам өмірінің әртүрлі саласында компьютерлер мен ақпараттық технологияларды барынша кең қолдану жағдайларымен есте қалса, бүгінгі күні адамдардың көпшілігі бүкіл әлемдегі компьютерлерді бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіретін ғаламдық желілердің қолданылу жағдайын ашып отыр, бұл – интернет деп аталады. Интернет бұл – ең үлкен әлемдік компьютерлік жүйе [2]. Интернет бүкіл әлемдегі әртүрлі мекемелерге тиесілі түрлі ақпараттық желі байланысын қамтамасыз ететін негізгі орталық болып отыр.
Қазіргі кезде интернет ақпараттық қарым - қатынастың негізгі факторы екедігін елемеу мүмкін емес. Осыдан бірнеше жыл ғана бұрын компьютер арқылы мәлімет алмасу үшін мамандар мен тәжірибелі пайдаланушылар ғана көңіл бөлетін. Ал қазіргі таңда жергілікті және ғаламдық компьютер желісін пайдалану дербес компьютер сияқты әдеттегіден де кең түрде таратылған, өйткені компьютерді пайдалану арнайы білімді талап етпейді.
Ғаламдық ақпараттық - коммуникация технологиясын дамыту үрдісі қазіргі таңда өте өсіңкі, ал оның мүмкіндіктерін қоғам мен экономика үшін жаппай пайдалану енді дамып келеді. Қазіргі бәсекелестік кезеңде интернет желісінің басты міндеті қажетті серіктестер іздеуде көмек көрсету және онымен қарқынды коммуникациялық байланысты ұйымдастыру үшін өте керекті құрал болып табылады [2]. Соңғы жасалған зерттеулердің нәтижесі бойынша интернеттің технологияларын пайдалану нақты үнемділік пен пайда әкелетінін көрсеттіп отыр.
Қазіргі заманғы интернет әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен араласуға, кез келген қажетті ақпаратты тез әрі қолайлы түрде іздеп табуға болатын, бүкіл әлемге хабарлағысы келген деректі көпшілік үшін жариялауға мүмкіндік беретін, барынша күрделі әрі жоғары технологиялық жүйе. Интернеттің көмегімен өзіне қолайлы жұмыс іздеп табуға, таныстар қатарын ұлғайтуға, өзін қызықтыратын тақырыпты талқылауға, коммуникациялық барлық шоттарды үйден шықпай-ақ төлеуге, ұялы телефондарға бірлік салуға, әрі интернетте жұмыс жасай отырып, бос уақытты өткізуге ыңғайлы әрі тиімді. Қазіргі кезде интернет арқылы ақша табу тәсілдері де аз емес. Желі арқылы қарапайым қызметті жариялап немесе қарапайым тауарларды сатуға және сатып алуға және де кейбір тауарларды тек сатып қана қоймай, желі арқылы жеткізуге де болады.
Интернет бірте-бірте білім беру саласына да еніп жатыр. Білім беру технологиялар санына желілік, ақпараттық, қашықтан және инновациялық білім беру технологиялары жатады. Білім беру және ақпараттық технологиялардың қосылу тенденциясы мен интернетке негізделген жаңа біріктірілген оқыту технологиясының жасалуының қазіргі уақытта өзіндік орын алып отырғанын аса бір сенімділікпен айтуымызға болады.
Интернетте білім берудің негізгі алғышарттары мен сипатының өзін елеулі түрде өзгерте отырып, білім беруді дамыту үшін оның жаңа мүмкіндіктері мен жағдайын ұсынады [3].
XXI ғасыр ақпараттық қоғам жүйесіне көшкен сәтте - ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Қазіргі уақытта есептеу техникасы және әр түрлі ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық аймақтарында кең қолданылуда. Электрондық есептеуіш машинасын қолдану арқылы адамның жұмыс уақытын үнемді пайдалану сияқты көптеген артықшылықтары бар [2]. Тәжірибе жүзінде ЭЕМ және түрлі ақпараттық технологиялар қолданылмайтын бірде-бір аймақ жоқ. Есептеу техникасын және ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі артықшылығы – ол уақыт шығынын қысқарту, қате жіберу мүмкіндігін азайту және еңбек процесінің жалпы өнімділігін арттыру.
Қазіргі заманғы ақпараттық ортада қашықтан білім беруде интернет мүмкіндіктері мен сервисті толық пайдаланылуына байланысты жаңа ерекшеліктерге ие болды. Электрондық оқулықпен оқыту студенттің дербес жұмысын дұрыс ұйымдастыруға және олардың үйренгені мен іскерлігін дамытуға рұқсат беретін қосымша ғылыми - әдістемелік құрал ретінде қарастырылуда. Электрондық оқулықтың дұрыс жасалуын, айқын логикалық құрылымды болуын, зерттеліп жатқан мәліметтердің базалық көлемін, ғылымдағы жаңа бағыттарды және жарқын болашақтағы технологияларды ескеру керек. Осыған байланысты техника ғылымының одан әрі даму бағытын талдау негізінде электрондық оқулыққа материалдар таңдалуы қажет.
Қашықтан оқыту жүйесінің ең негізгі құрамдас бөлігі осы немесе басқа пәндерді табысты игеруге жағдай жасайтын мәліметтер базаның болуы саналады. Бұлар әр түрлі электрондық оқу құралдары, өз бетімен жұмыс жасауға арналған блоктар және осы электрондық оқулықтар құрамына кіретін немесе кірмейтін өзін - өзі басқаруға арналған блоктар [4].
Электрондық оқыту құралдарын енгізу мен пайдаланудың өзектілігі бүгінгі күні жоғары басымдылыққа ие болып отыр. Батыс елдерінде көптеген университеттер студенттерін қашықтан білім беру жүйесінің көмегімен оқытады. Көптеген әдістемелік құралдар, дәрістер электрондық түрге ауыстырылған. Қазіргі заманғы технология бүкіл әлемдік желіге қосылған барлық пайдаланушыларға виртуалды тестілеу жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемді қамтыған осындай ақпараттандыру жүйесі Қазақстанды қоспағанда, студенттерді қарапайым электрондық құжаттармен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге білім беруде жаңа технологияларды қолдану есебінен олардың танымын едәуір мөлшерде ұлғайтатын білім берудің басқа деңгейіне көшуді талап етеді [5].
Елімізде компьютерлік оқыту бағдарламалары және электрондық оқулықтар арқылы білім берудің жаңа ақпараттық технологиясына ауысу маңызды мәселе екендігі мәлім. Оқу жүйесіне компьютерлік оқыту бағдарламаларын енгізу сабақтың көрнектілігін кеңейтеді, көзге көрінбейтін құбылыстар көрсетіліп, студенттердің өзіндік талаптары бойынша оқыту жүзеге асырылады. Компьютерлік график пен анимацияның мүмкіндіктері көптеген пәндерді оқытуды жеңілдетеді. Жаңа ақпараттық технологияның көмегімен студенттің оқу материалын қабылдау процесін тереңдету үшін сынақ өткізу бағдарламасын жүйелі түрде енгізуге болады.
Осы және басқа жағдайларды ескере отырып мен бітіру жұмысыма байланысты электрондық оқулық жасадым. Бітіру жұмыстың тақырыбы «Ақпараттық жүйелер мамандығы үшін «Вeб – технологиялар» пәнінен білім деңгейін бақылау мүмкіндігі бар электрондық оқулық» деп аталады. Электрондық оқулық төрт негізгі технологияларды қамтиды: гипермәтінді белгілеу тілі – HTML, стильдердің сатылы кестелері – CSS және JavaScript динамикалық контентті программалау тілі, PHP серверге арналған программалау тілі [6].
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылуында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығы орасан зор екендігі белгілі десек, алдағы уақытта бұл бағыттағы бірқатар іс - шаралар өз шешімін таппақ. Парламент Мәжілісі депутаттарының айтуынша, “мемлекеттік тілді дамытуға және оны одан әрі жетілдіруге бағытталған мемлекеттік саясатты жан-жақты түрде қолдаудың, оған ұйымшылдықпен көмек көрсетудің қажеттілігі орасан” [7].
Бүгінгі таңда мемлекеттік ірі мәселеге айналып отырған қазақ тілінің тағдыры әркімді ойландыруы тиіс. Бұл жөнінде Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында атап айтқан болатын. Қазақ тілін дамыту ең алдымен республикадағы білім беру жүйесіне үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сол себептен де бітіру жұмысы мемлекеттік тілде жазылды.
Бітіру жұмысымның мақсаты – электрондық оқыту құралдарының санын көбейту және сапасын арттыру болып табылады. Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесім ретінде өз жұмысымды мемлекеттік тілде жаздым.
Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін білім берудің жаңа технолгияларға сай құралы электрондық оқулықтар болып табылады. Егер оқулықта маңызды материалдар болмаса, еңбегімізіздің бос кетекені, өйткені білім беру жүйесімен қабылданбайды. Сондықтан ЭО әдістемелік қамтамасыздандыру сәттілікте маңызды. Осыған орай, бұған көп көңіл бөлуге тура келеді. Білім беру реформасы мұғалімдерге және студенттерге аудиторияда да, үйде де қолдануға болатын бір компьютерлік ортаны қамтамасыз етеді.
. Электрондық оқулықтардың студенттер үшін артықшылығы – мұғалімнің көмегінсіз-ақ курс бағдарламасын меңгеріп шығуына болады. Ал мұғалімдер үшін электрондық оқулықтың тиімділігі – сабақта қосымша көрнекілік құралдарын қажет етпейді. Оқулық тарауларға емес, дәрістерге бөлінген. Алғашқы дәрістер HTML гипермәтіндік белгілеу тілін қарастырады. Оның негізгі құрылымымен, белгілеу тәсілдерімен және web-парақ жасайтын басқа құралдарымен танысамыз. 6-8 дәрістерде HTML тілінің құрамында қолданылатын және оған қосымша мүмкіндіктер беретін CSS тілі жайында сөз болады. Ал соңғы дәрістер JavaScript тілінне арналған. Бұл JavaScript тілінің оқиғаларын, объект қасиеттерін, фильтрлері мен мультимедиялық эффектілерін қарастырады. Бітіру жұмысында жоғарыда аталған тілдер бойынша дәрістер мен өзін-өзі тексеру тестін құру технологиясы қарастырылған. Интерфейсте сайттың ақпараттық-оқу контенті бойынша сәтті және жылдам тұспалдауға мүмкіндік беретін тиімді навигациялар, HTML гипермәтіндік тілі, CSS, JavaScript, XML, PHP программалау тілідері қолданылған.
Бұл жұмыста HTML, CSS, JavaScript және PHP тілдерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, пайдалануға жеңіл, қарапайым құрылымдағы электрондық оқулық жасап шығардым.
Вeб-технолгиялар негіздеріне арналған электрондық оқулықты жасау барысында келесі жұмыстар атқарылды:
Қазіргі замандағы Интернет-технологияларға әдеби шолу жасалды;
Электрондық оқулық жасауда қолданылатын броузерлер, гипермәтіндік құжаттарын құрастыру технологиялары талданды;
Вeб-парақтарда мәтіндерді және графиктерді бейнелеу мәселелері қарастырылды;
Вeб-серверлер, Web-парақтарды құрастырудың негізгі ережелері мен сатылары салыстырмалы түрде көрсетілді;
Веб-технолгия пәніне арналған электрондық оқулықтың құрамы анықталып, оның құрылымды алгоритмдік схемасы жасалды;
Құрылған алгоритмдік схемасына сәйкес элекирондық оқулықтың программасы HTML, CSS, JavaScript, XML, PHP тілдерінде құрылды. Eclipse платформасы арқылы сервермен жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылды;
Оқу құралы қолданушы үшін сапалы да пайдалы болуы үшін басқа электрондық оқулықтарға, оқу құралдарына әдеби шолу жүргізілді;
Электрондық оқулықта он бес дәрістер қарастырылды, әр дәріске арналған лабораториялық жұмыстар мен өзіндік жұмыстар қарастырылған;
Білім деңгейін бақылау мүмкіндігі бар тест жұмыстары жасалды.
Мұнда электрондық оқулықтың құрамы анықталып, құрылымы, моделі жасалып, оның программалары жазылды. Жұмыс нәтижелерін оқу үрдісінде пайдалануға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Андреев А.А. Направление и методика применения портативных персональных компьютеров в ДО.// Дистанционное образование № 4, 1997.
А.Абубаева , Электронды оқулықтарды пайдалану. Информатика негіздері, №4 - 2006ж
Рубенкинг Нейл Дж. Delphi 7.0 для «чайников». - Киев, Диалектика, 2002
Я. Таруи, "Основы технологии СБИС"; Москва, "Радио и связь", 1985 год.
Андреев А.А., Краюшенко Н.Г., Фокин В.Ю. Некоторые проблемы проектирования центра дистанционного обучения // Матер. VII Междунар. конф. “Применение новых технологий в образовании (29 июня - 2 июля) 1996 г. г.Троицк.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген