What nice weather! 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

What nice weather! 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
What nice weather! атты тақырыбында ауа райы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп 87 Мерзімі __________________

25 сабақ Сыныбы 3 « в, б, a»

Тақырып: Мейірімділік - асыл қасиет

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кішіпейіл, мейірімділік,қайырымдылық

Мұғалім: Досаманова С. Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Адамдардың бір –біріне мейірімділік танытуда сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

- мейірбандыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

  • Қандай әсерде болдыңдар?

Ескерту

  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Сұрақтар қойылады.

  • Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

  • Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

  • Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?


  1. Дәйексөз

«Мейірімділікті анадан үйрен» Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын ашу, түсіндіру.

  • Ана халық ұғымында жаратушы.Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.


  1. Әңгімелеу (сұхбат)

«Ана махаббаты» Р. Акдемір

Сұрақтар қойылады.

  • Балалардың саяхаттан бас тартуының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өзіңе «Мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» деген сұрақ қойып көрдіңдер ма?


7c. 65-бет.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушылыр «Мейірімділік» кестесін толтырады.

Бірінші бағанға: мейірімді істерді

Екінші бағанға: мейірімді адамның қасиеттерін жазады.

Дәптермен жұмыс

«Мен мейірімді баламын» тақырыбына өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме жазады.





Үлгірмесе үйге беріледі.

  1. Топпен ән айту.

Мейірім

Жастарының жалыны бар,

Қарттарының қадірі бар.

Жақсылыққа жаны құмар,

Жаса мейірім.

Ізгіліктің мәнін ұғар,

Істерінің тәлімі бар.

Бойда қуат, дарыны бар,

Жаса мейірім. –ей –ей

Қайырмасы

Жаса, жаса мейірімім,

Жарқыраған киелі күн,

Жайнап тұрған сүйелі күн,

Жаным жайнасын.

Жаса, жаса гүл көктемім,

Сен дап аштым жүректерін.

Қазақстандай құрметті елім,

Бағың жайнасын.


2. Жүрегінде махаббаты,

Кеудесінде шапағаты.

Шығатындай қатар аты,

Жаса мейірім.

Алақанын аялаған,

Қамқорлығын аямаған.

Бауыр басқан саяңда адам,

Жаса мейірім.

Қайырмасы


  1. Үй тапсырмасы.

26 сабақ. «Ақ көгершін» М.Байділдаұлы


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақтан үйренгенімізді жүрегімізге түйіп алайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі