400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Wild animals.Жабайы аңдар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деп дана халқымыз бекерден-бекер айтпаса керек.ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытта дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жаңа заман баласын қалыптастырып,дамыту үшін,тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызуымыз қажет.Қазіргі заман жаңашылдық,жаңа көзқарас,жаңалықтар заманы.Заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай,оны тәжірибеде орынды қолданып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ортаңғы топта ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммунакация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Ағылшын тілі

Тақырыбы: Wild animals. Жабайы аңдар.

Мақсаты: Жабайы аңдармен таныстыру. Жабайы аңдардың атын ағылшынша дұрыс айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру. Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі

туралы түсінік беру. Аңдардың түр түстеріне көңіл аударып, оларға

қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Әдіс - тәсілдер:ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, мадақтау, ойын

Қажетті көрнекіліктер: Суреттер,слайд жабайы аңдардың суреттері , жұмсақ ойыншықтар, ермексаз

Билингвальді компонент: : қоян-hare, қасқыр-wolf, түлкі-fox, аю-bear, арыстан-lion, жолбарыс-tiger, піл- elephant

Мотивациялық-қозғаушылық

Мұғалімнің іс - әрекеті

Мұғалім балалармен амандасады:

  • Good morning, children!

  • Many guests came to our lesson today, let's greeting

  • How are you?

  • What season is it now?

  • Балалар біздер қандай оқу іс-әрекетіне келіп отырмыз? Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін

  • Жақсы балалар енді шаттық шеңберімізге жиналып, тілімізді жаттықтырып, қимылымызды жасап алайық

Балалардың іс – әрекеті

Good morning, Good morning.

Good morning to you

Good morning, Good morning,

We are glad to see you

We are fine, thank you!

It’s winter

Ұйымдастырушылық ізденістік

(шаттық шеңберіне жиналады)

In the world, in the world

Many animals live.

They can jump, they can run,

They can swim and hop.

In the world, in the world

Many animals live.

They can jump, they can run,

They can swim and hopу

Балалар жаңағы тілімізді жаттықтырған дақпағымызда аңдар туралы айтылған. Сендер қандай аңдарды білесіңдер? Дұрыс Аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан

Олай болса бүгінгі сабағымыз «Жабайы аңдар » деп аталады.

Балалар біз неліктен жабайы деп атаймыз. Дұрыс Жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде мекендейді. Ол өз азықтарын өздері тауып жейді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен арыстан өздерінен кіші аңдармен қоректенеді. Арыстан аңдардың патшасы болып саналады. Түлкі ұсақ аңдармен, тышқандармен қоректенеді. Түлкі өте қу болады. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы-сәбіз. Ол өте қорқақ. Аю-

жазда жеміс-жидектермен қоректенеді,ал қыста ұйықтайды. Оларды өлтірмеуіміз керек, оларды қамқорлау керекпіз.Бұл аңдар ертегілерде , мультфильмдерде мейірімді, қайырымды болады. Олар міне сендер көріп отырғандай жұмсақ ойыншық түрінде болады. Енді балалар осы аңдарымыздң ағылшыншасын үйренейік

қоян-hare

қасқыр-wolf

түлкі-fox

аю-bear

арыстан-lion

жолбарыс-tiger

піл- elephant Қайталаймыз

Балалар енді маған кім көрсетеді what is it? Right

It is a bear, It is a hare, It is a wolf, It is a lion, It is a fox

Балалардың іс – әрекеті

Балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отырады.

Балалар қимылмен жасайды.

Балалар аңдардың не жақсы көретіндерін айтады.

Very good! Жарайсыңдар!

Балалар мына жатырған кім екен қарайықшы әй тұр сен кімсің? Балалар бұл аю екен, неге тұрмай жатыр мүмкін ағылшыншасын айту керек шығар қане ағылшыншасын айтайық- Bear, Bear

Аю: Good morning, children

Сіз неғып жүрсіз?

Аю: Балалар мен орманнан қашып келе жатырмын мені жыртқыш аңдар қуып келе жатыр мені құтқарыңдар,

Балалар кәне аюымызға көмектесеміз бе? Ал

Ендеше мынадай ойын ойнайық

«Listen and clap» ойыны

Ойынның шарты былай: Мен үй жануарымен жабайы жабайы аңдардың аттарын атаймын сендер тек жабайы аңдардың аттарын естігенде ғана қол шапалақтайсыңдар, сонда жаңағы жабайы аңдар қорқып орманға қашып кетеді. Ал қане бастайық.

Lion, sheep, fox, goat, hare, horse, wolf, cow, bear

Жақсы балалар жарайсыңдар Very good

Аю: Рахмет ,балалар thank you!

Аю енді неге мұңайып тұрсың?

Балалар мен жаңа қашып келе жатқанда өзімнің қонжықтарымнан адасып қалдым, маған табуға көмектесіңізші

-Көмектесесіз бе?

Ендеше балалар ортаға келіңдер. Ермексаздан қонжықтар жасап берейік. Келістік пе? Ендеше бастайық

Аю: Thank you children көмектескендерің үшін көп рахмет мені жабайы аңдардан құтқардыңдар, қонжықтарымды тауып бердіңдер Мен енді сіздермен бірге ән салып, би билегім келіп тұр

Балалардың іс – әрекеті

Good morning , Bear!

Yes

We help

Балалар дөңгелек үстелге келіп, ермексаздан бірнеше қонжықтар жасайды.

Сергіту сәті

Teddy bear Teddy bear Turn around

Teddy bear Teddy bear Touch the ground

Teddy bear teddy bear Show your shoes

Teddy bear Teddy bear Go to school

Аю: Балалар сендерге көп рахмет мен енді орманыма барайын тәтті ұйқыға батайын

Good bye, children. Жарайсыңдар балалар сендер осылай барлық аңдарға қамқорлықпен қарау керексіздер. Оларды өлтіруге болмайды, әйтпесеолар жер бетінен жоғалып кетеді.

Балалардың іс – әрекеті

Балалар аюмен бірге сергіту сәтін жасайды

Good-bye, Bear!

Рефлексивті Коррекциялаушы

Ал балалар оқу іс-әрекетіміздің соңында тағы бір ойын ойнайық . Домино деп аталады. Менің қолымда төртбұрышты текше бар олардың әр бетінде жабайы аңдардың суреттері жапсырылған мен қазір сол текшені жерге домалатамын қай аңның суреті түссе сол аңның ағылшынша атауын айту керексіздер. Ал ендеше бастайық What is it ? Жақсы балалар бүгін сендер оқу іс-әрекетімізге өте жақсы қатыстыңыздар сол себепті мен сендерге бүгін өткен жабайы аңдар бейнеленген жұлдызшалар таратамын.

Аюдай ақ болыңдар

Қояндай сақ болыңдар

Түлкідей әдемі болыңдар

Қасқырдай қайратты болыңдар

Арыстандай айбатты болыңдар

Балалар осымен оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Good – bye, children!

Балалардың іс – әрекеті

Балалар ойынға қатысады Аңдардың ағылшыншасын айтады.

Good-bye!

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Аңдарды бір-бірінен ажырата білу. Ағылшыншасын біледі

Меңгеруі: Жабайы жыртқыш аңдар туралы толық мағлұматты меңгерту.

Жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс-әрекет жасай алу










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі