400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

WINDOWS операциялық жүйесінің негізгі сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ____________

Күні: 19.10.2018ж

Пән: Информатика

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы:   Windows операциялық жүйесінің негізгі сипаттамасы.

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: Windows ортасының ерекшеліктерімен, Windows жұмыс   үстелі түсінігімен

таныстыру. «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету.

Дамытушылығы:  Оқушылардың белсенділігін дамыту, ой өрісін кеңейтуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:   компьютерлер, слайт

Сабақтың барысы:

  1. Сәлем сөздің анасы. (ұйымдастыру кезеңі)

  2. Білім - оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).

  3. Кім жылдам. (компьютермен жұмыс).

  4. Қызықты сұрақтар. (тапсырма орындау).

  5. Білсең де тексер. (терезе элементтерімен жұмыс)

  6. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

  7. Сабақты қорытындылау.      

І .Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын бақылау, көңіл-күйлерін сұрау.

Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар қою, бір-біріне сұрақтар қойдыру.

ІІ. Білім –оқу айнасы. (жаңа тақырыпты түсіндіру)           

Операциялық   жүйе - компьютердің  барлық   жүйелерінің,  бағдарламалық жабдықтаманың  жұмыстарын  басқару   үшін  және  адам  мен  компьютер  арасындағы  байланысты  қамтамасыз  ету  үшін қолданылады.

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді,компьютердің тек 640Kб жедел жадын ғана пайдалана алады.

80-ші жылдардың ортасында  MS-DOS -тың кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын.

Windows –бұл  компьютерлік   технологияның  жаңа  деңгейі. Ол  деректермен  жұмыс  жасаудың   объектілі - бағдарланған  әдістемеге   негізделген.

Windows операциялық жүйесінің кең таралып жатыр, себебі, соңғы уақытта іс жүзінде барлық жаңа программалар Windows ортасында жұмыс істеу үшін өңделіп жатыр. Бұрынғы операциялық жүйелерден айырмашылығы Windows  файлдар, дискілер және т.б. операциялар үшін ыңғайлы.

Windows  ОЖ-не: Windows.3Х, Windows.9х, Windows NT? Windows 2000 және WindowsXP жатады.





Кез келген операциялық жүйе сияқты  Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:

•    компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

•    файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

•    қолданбалы программаларды іске қосу; бұған қоса  Windows жүйесі:

•    бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

•    әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;

•    масштабталатын қаріптерді қолдануды;

•    мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

•    бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІНДЕ Windows-тың объектілері және басқару элементтері орналасқан, оларды сәйкес қатарларда атау керек:

  1. Белгішелер

  2. Іске қосу / Пуск батырмасы

  3. Есеп тақтасы / тапсырмалар тақтасы

  4. Ағымдағы файлдар/құжаттар

Стандартты бағдарламаларды іске қосу жолдары:

Бастау > Бағдарламалар > керекті бағдарламаның атын таңдаймыз.

Windows –тың терезе элементі.

Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы. Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.

ІІІ. Кім жылдам ойыны.

№1 ТАПСЫРМА

  1. Менің компьютерім терезесін аш: ол үшін маус нұсқағышын Мой компьютер белгішесіне

  2. қойып, батырмасыны екі рет шерт.

  3. Егер терезе бүкіл экранға ашылмаса, Жаймалау (развернуть) батырмасын шерт.

  4. Терезенің енін, биіктігін өзгерт: ол үшін маус нұсқағышын оң жақ шекараға қойып, қос бағытты бағдарша шыққанға дейін күтіп, маусты солға жылжытып орында.

  5. Терезені жабу батырмасында шертіп, терезені жап.

№2 ТАПСЫРМА

      1. Маус нұсқағышын Менің компьютерім белгішесіне қойып, батырмасыны екі рет шертіп, оны аш.

      2. Егер құрал саймандар тақтасының батырмасы жоқ болса, маус нұсқағышын меню жолындағы Түр (Вид) Тізім (Список), Кесте (Таблица), Белгіше (Значки) командалары шертіп көр.

№3 ТАПСЫРМА

Терезелерді каскад түрінде орналастыру.

    1. Бірнеше терезелерді аш: Менің компьютерім қапшығын (Мой компьютер), Менің құжаттарым (Мой документы), Себет (Корзина)терезесін.

    2. Есептер тақтасының батырмалардан бос жерінде маустың оң батырмасын шерт. Сонда динамикалық меню пайда болады.

    3. Динамикалық менюде төмендегі командалардың бірін таңда: жоғарыдан төмен (окна сверху вниз), солдан оңға (окна слево направо), терезелерді каскад түрінде орналастыр.

ІV. Қызықты сұрақтар. (Ойын)

Windows-та қолданылатын белгіщелерді атап көрсету.



Түрі

Жою

Қиып алу

Кірістіру

Бір деңгейге жоғары өту

Орындатпау

Алға қарай өту

Көшіру

Кері ауысу

Іздеу











ІV. Білсең де тексер.

Терезе элементтерін атап өту.

  1. ТАҚЫРЫП ЖОЛЫ

  2. МЕНЮ ЖОЛЫ

  3. БАСҚАРУ БАТЫРМАЛАРЫ

  4. ҚҰРАЛ САЙМАНДАР ТАҚТАСЫ

  5. ЖҰМЫС АЙМАҒЫ

  6. ШЕКАРАЛАР

  7. АДРЕСТІК ЖОЛ

V. Оқыған жетер мұратқа. 10 cұрақтан тұратын автотест орындау.

Үйге тапсырма: Windows  терезелері. Терезелердің құрылымы  мен элементтері.

Оқушыларды бағалау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
1496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі