400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Word терезесінің элементтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Word бағдарламасын қалай іске қосу және жабу, терезе элементтерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақ жоспары

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Word терезесінің элементтері


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Word бағдарламасын қалай іске қосу және жабу, терезе элементтерімен таныстыру.

Тәрбиелік:Студенттерді жан-жақты болуға, компьютерде өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Студенттердің есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, техниканың жетістіктерін зерттей білуге қызықтыру және пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, конспект жазу.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивтітақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

а) студенттермен сәлемдесу;

ә) сабаққа қатысын тексеру;

б) студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.


ІІ. Өткен сабақты қайталау. Өткен сабақты қайталау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.«Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
2.Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?

3.«Пуск» батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз?

4.Осы үш әрекет арқылы құжаттарды қалай ашуға болады?

5.Осы үш әрекеттің ерекшеліктері қандай?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Жаңа сабақты бекіту. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

Жаттығулар орындау


V. Үйге тапсырма беру: конспектіні қайталап оқу, тақырып бойынша қосымша іздену.

VI. Сабақты қорытындылау: сабақты бағалау және студенттердің сұрақтарына жауап беру.


Бағдарлама терезесі

Microsoft Office 2007 дестесіне кіретін барлық бағдарламалар ұқсас интерфейсті құрайды. (Суретте). Барлық қосымшаларда жұмыс аймағы, таспа (лента), жылдам іске қосу панелі, қосымша парақ және меню бар. Егер сіз дестенің бір бағдарламасымен таныс болсаңыз, онда сізге басқаларында да негізгі жұмысты меңгеру қиын болмайды.


 


 Сурет. Microsoft Word 2007 редакторының терезесі

 

Microsoft Office 2007 дестесіне кіретін бағдарламалардың интерфейстері бұрыңғы нұсқалармен салыстырғанда қатты өзгерседе, олардың қосымшаларынан тануға болады, яғни терезесіне қарап оның Word екенін бірден білеміз. Жаңа нұсқада көптеген таңбашалар өзгерген жоқ, сол ескі нұсқадағы құрал саймандар панелі қалды. Бағдарлама терезесінің белгілеуі де үйреншікті қалпында қалды- құрал саймандар жоғарғы бөлікте орналасқан, негізгілері мәтін теруге арналған, ал төменгі бөлікте жаңартылған қалып күй жолы орналасқан.

 

Тақырып жолы

Тақырып жолы Microsoft Word терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Біріншіден, ол бағдарламаның атауын білдіреді, соған қарап сіз осы сәтте қандай қосымшамен жұмыс жасап отырғаныңызды көре аласыз. Екіншіден, бұнда ағымдағы файлдын атауы көрініп тұрады. Егер сіз жұмыс жасап отырған құжат әлі сақталмаған болса, онда файлдың атауының орнында «Құжат1» (нөмірі басқаша болуы мүмкін) деген жазу көрініп тұрады. Бұл атауды құрылған файлға Microsoft Word үнсіз келісім бойынша береді.

 

Соныман қатар Тақырып жолы үш батырмаға қатынауға мүмкіндік береді

 

·         Бүктеп қою- бағдарлама терезесін Есептер тақтасына жиып қояды.

·         Қалпына келтіру/ Жаю (Восстановить/Развернуть)- егер бағдарлама терезесі бүккіл экран бетіне жайылып тұрса, онда осы батырманың көмегімен оның бастапқы өлшемін қалпына келтіруге болады.

·         Жабу – бұл команда сізге бұрыннан таныс. Бұл бағдарламаны жабу үшін және оның жұмысын аяқтау үшін қолданылады.


Office батырмасы

Office батырмасы- бұл Word интерфейсінің жаңа элементі. (Суретте).

Сурет.Office батырмасы


Office менюінің командаларын қолдану арқылы құжатты құруға, ашуға, сақтауға және баспаға беруге болады, оларды электорнды пошта арқылы жіберуге, басқада әрекеттерді орындауға және қасиеттерін қарап шығуға болады.

 

Лента

Лента- бұл Word бағдарламасының бұрыңғы нұсқаларында бар жол менюін және құрал саймандартер панелін алмастыратын Word 2007 терезесінің басты элементтерінің бірі. (Суретте)



Сурет. Барлық негізгі командалар орналасқан Word терезесінің жаңа элементі лента деп аталады.


Жылдам қатынау панелі

Жылдам қатынау панеліOffice батырмасының оң жағында,Word терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан (Суретте).

Бұл панелге кез келген режимде жұмыс жасағанда қажет болатын- құжатты сақтау, әрекетті қайтару және болдырмауды орындау батырмалары бар ең басты командалар енгізілген.

Сурет. Жылдам қатынау панелі


Сызғыштар

Тік және көлденең сызғыштар Microsoft Word бағдарламасы интерфейсінің басты элементтері болып саналады (Суретте). Олардың көмегімен қолданушы мәтіндік өрістің өлшемін бағдарлай алады және оларды өзгерте алады.

Сурет. Көлденең сызғыш


Қалып- күй жолы

Терезенің төменгі бөлігінде құжат жайлы әр-түрлі мәліметтер бейнеленіп тұратын Қалып- күй жолы орналасқан.

Қалып- күй жолының сол жақ бөлігінен көруге болады (Суретте):

·          Ағымдағы беттің номерін және құжат бетінің жалпы санын;

·          Құжаттағы сөздердің санын;

·          Ағымдағы құджатта орфографияны тексеру үшін таңдалған тілді;

·          Орфографиялық қатенің бар екенін көрсететін батырманы;

Сурет. Қалып- күй жолының сол жақ бөлігі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі