400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«World of fun» курсы бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«World of fun» кружок бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы



БЕКІТІЛДІ:

«Оралхан Бөкей атындағы

№ 44 лицейі» КММ

директоры Т. Түменбаев

_________________

«___»______2018ж


КЕЛІСІЛДІ:

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ қалалық әдістемелік кабинеті Кенжебаева А.Т

______________

«___»______2018ж


КЕЛІСІЛДІ:

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң «Шет тілі: екі шет тілі» кафедрасының меңгерушісі,т.ғ.к, доцент

Капышева Г.К.

_______________

«____»________2018 ж

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ






«World of fun» курсы бағдарламасы


3-сынып

Аптасына 1 рет, жылына 34 сағат.





Бағдарлама авторы: Туменбаева А.Н

.



Қаралды:

Ағылшын тілі пәні

кафедрасының меңгерушісі: Р.Ж. Мухаметрахимова

___________

«____»________2018 ж




Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Н.Хасенова

__________

«____»________2018 ж





Өскемен қаласы.

2018-2019 оқу жылы


Түсінік хат

Бұл бағдарламаның мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2 қалыптасу алдыңдағы деңгейге сәйкес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы , шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр.Шетел тілін үйрене отырып оқушы , өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағұлматтар алады,салт -

дәстүрін, мәдениетін таниды.Сауатты жазып сауатты сөйлеу үшін оқушыға тек қана сөздік қорды молайту жеткіліксіз, сонымен қатар оқушы грамматикалық сауатты болуы шарт.

Ағылшын тілінде грамматиканы жақсы үйрену тілді жақсы үйренудің негізгі шарты. Грамматика - тілдің құрлымдық ерекшелігі. Грамматика жоқ жерде тіл туралы айтуға болмайды. Сондықтан грамматиканы жақсы меңгерту- тілдің құрлымдық ерекшеліктерін танымдық жақтан дәл анық түсіндіру. Осы орайда бұл бағдарламалық курстың оқушыға пайдасы зор. Бағдарламада берілген грамматикалық тақырыптарды меңгере отырып оқушы оны іс жүзінде көрсетіп,жеке тапсырмалар арқылы бекітеді.

Әр тақырыптан соң өткен бір тақырып бойынша шығармашылық жұмыс.(сурет салу, қойылым, эссе т.б)

Бағдарламада оқушының танымдық қабілетін дамытатын, оқу материалының дидактикалық мақсаты мен оның меңгерілу сатыларына қарай мазмұны мен құрылымына сәйкес келетін тапсырмалар таңдап алынды.

Үйірме соңында қорытынды бақылау. Қорытынды бақылауды шығармашылық /жоба/ жұмыс арқылы өткізуге болады. шығармашылық жұмысты бақылау барысында оқушылардың іс-тәжірибелеріне қарау керек.

Мақсаты:

Шет тілі сабақтарының ең басты мақсаты-оқушыларға тек қана сол елдің тілін ғана емес, онымен қоса шетел тыныс- тіршілігінен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектеседі. Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, өз пікірлері қалыптасады, сол елдердің мәдениетімен танысады.

Міндеттері:

Бұл бағдарламаны орындау үшін келесідей міндеттер қойылады:

  • Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру.

  • Коммуникативтік біліктіліктерді сөз әрекетінің төрт түрінде – тыңдалым, сөйлеу, оқу, жазу – шет тілінде қарым-қатынаста жүзеге асыру;

  • Оқушыларға үйреніп отырған тілі негізінде сол елдің мәдени нормаларын, салт-дәстүрлерін оқып үйрету;

  • Шет тілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу іскерлігін қалыптастыру;

  • Алынған жалпы оқыту іскерліктерін, дағдылар және біліктерін оқу-танымдық құзыреттіліктерді дамытуға ықпалдасатын оқу және іс-тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында қолдану;

  • Ұлттық өзіндік сана сезімді, әртүрлі қауымдастық адамдарының арасындағы өзара түсіністікке ұмтылысты және өзге мәдениет белгілеріне толеранттық қарым-қатынасты дамыту.

Күтілетін нәтижелер

-мәтінге сүйене отырып оның негізгі мазмұнын айта алуы

-маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта алуы

-сұрақ-жауап түрінде сөйлеу

-танысу, өзін таныстыру және жауап бере алуы

-естіген ақпарат хабарды өз тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай білуі

-жаңа сөздердің мағынасын пайымдай білу


Үйірмеге қатысатын оқушылардың тізімі: 3 «В» сыныбы


Өтетін уақыты: сәрсенбі, 12.00-13.00


1

Амангелдин Әліби

2

Аусадық Нұрасыл

3

Амантаева Дильназ

4

Бағзолда Ақзере

5

Бақыт Нұрерке

6

Ерғалым Айсұлу

7

Жұмақан Жібек

8

Какимжанова Еркежан

9

Қасымов Ақжан

10

Маратқызы Мөлдір

11

Қабдыкенова ГауҺар

12

Мұстафин Әлижан

13

Сакуанова Мадина


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар


№

Тақырыбы

сағат

күні

Грамматикалық құрылымы

Қолданылатын материалдар

1

Greeting, introducing.


2


Hello! My name is … I’m … I live in …

I go to …

Work with pictures

2

“My house”

2


Present Simple

I live in a house near …/ a flat …

Work with pictures

3

 Family

2


Present Simple

Have/ has got

Puzzle

Poem: “What do I like?”

4

Professions

2


What does he/she do?

Where does he/she work?

What is he/she doing?

Topic “professions”

5

Ability

2


I can/ can not (sing, play)

“I can” poem

6

Playtime

1


Past Simple

Dialogue. proverbs

7

Food

2


Compare Present Simple and Past Simple (text)

Puzzle

8

 Holidays

2


There is/are…There was/were

To make a card

9

Months

“Billy’s birthday”

2


Names of months.

Past Simple

“Seasons” poem

10

Optional lesson (сынақ)

1




11

Pets

2


Numbers (Cardinal)

Work with pictures

12

At the Zoo

2


Numbers (Ordinal)

Read the letter

“ My pet” poem

13

Playtime

1


Memory game

What is this? What are these?


14

Look at my face

2


This is .., these are … This is his eyes

Rhymes, A song of the body

15

Clothes

2


Can/ can not

“New clothes” song

16

Proverbs

2


How many …

How much …

“My raincoat”  poet

17

Seasons

2


Names of seasons

“Season’ poem

18

Weather

1


It’s raining. It’s spring.

It’s snowing. It’s winter

“Weather” song

“Snow” poem

19

Optional lesson (сынақ)

1




20

Қорытынды бақылау

1





Қолданылған әдебиеттер

12 жылдық білім беру №5, 2006. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық сараптамалық журнал.

12 жылдық мектептің 1-4 сыныптарына арналған бағдарлама. А.Атамұра; 2004

ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауы.

Мектептегі шет тілі №4 (22) июль/август, 2006

“English”, И.Н.Верещагина, Т.А.Притыкина, Москва, «Просвещение», 2000ж.

Printa Ellis, Mary Bowen “Way ahead” I Pupil’s Book, “Macmillan”, 1997

Printa Ellis, Mary Bowen “Way ahead” IІ Pupil’s Book, “Macmillan”, 1997

Printa Ellis, Mary Bowen “Way ahead” ІIІ Pupil’s Book, “Macmillan”, 2000

9. Колесникова О.А «Ролевые игры в обучении иностранным языкам». «Иностранный язык в школе», 1989 №4.

Move ahead 2. Student’s book. Work book. Teacher’s book. Grammar practice book. Printha Ellis, Ken Wilson, James Taylor – Macmillan.

Интернет ресурстары www.longman.com


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі