400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

XI - XIII ғасырдағы Қыпшақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары мұғалімдерге көмек ретінде алуға болады деп ойлаймын, себебі, мұнда түрлі тапсырмалар берілген, оқушылар қызығып орындайды деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « Қыпшақ хандығы XI - XIII ғ. ғ.»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: - Оқушыларға Қыпшақтардың қоныстанған жері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы туралы мағлұматтар беру
б) Дамытушылық: - Сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ойын дамыту.
в) Тәрбиелік: - Оқушыларды елжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, топпен, жекелей, шығармашылық, картамен жұмыстар т. б.
Көрнекіліктер:

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, математика.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
1. Оқушылармен амандасу. (1 минут) 13.05 – 13.06
2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
3. Оқушылардың ынтасын жаңа тақырыпқа бұру, қызығуын тудыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Сынып оқушыларын 4 топқа бөлеміз.

1 кезең: « Көшбасшылыққа жету» (3 минут) 13.06 – 13.09
( үздігі топ басшысы болып сайланады )

1 топ:

  1. Қарақытайларды қандай тайпалармен байланыстырады?

  2. Қарақытайлардың Жетісуға қоныстану себептері?

2 топ:

  1. Қарақытайдың қоғамдық – саяси құрылысы қандай болды?

  2. Қидандардың Ляо мемлекеті қашан құлады?

3топ:

  1. Елюй Даши өз үстемдігін қалай нығайтты?

  2. Қарақытай мемлекеті Қарахан әскеріне қашан соққы берді, нәтижесі

4 топ

  1. Қарақытай мемлекетінің құлау себебі?

  2. Қарақытайлар наймандардан қашан жеңіліске ұшырады?

2 кезең: «Сөздік диктант» (Жаппай орындайды) (2 минут) 13.09 – 13.11

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Руна

Вақф

Қара бұдұндар

Беклер бек

Инал

Қаңқаш

Сюбашы

Харадж

Жабғу

Иқта

Теле

Гурхан





(Тақтада дайын сөздер тізімі беріледі. Мұғалім осының ішінен кез-келген сөздің жауаптарын оқиды. Оқушы бұл қай сөз екенін тауып, тұсындағы санды ғана қойып отырады.

Үй тапсырмасын қорытындылау: (2 минут) 13.11-13.13
Біз қандай ерте орта ғасырлық мемлекеттерді қарастырдық? Осы мемлекеттердің құлау себептері неде? Қимақ қағанаты не себепті құлады? (оқушылармен сұрақ – жауап алмаса отырып, жаңа сабаққа көшу)
3. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: (5 минут) 13.13 – 13.18

Сабақ жоспарын :
1. Қыпшақтардың қоныстанған, мекендеген жерлері
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы
3. Қоғамдық құрылысы
4. Саяси жағдайы
5. Шаруашылығы.

Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.:
1. Қыпшақтар:
1. Батыс бірлестік (11 тайпа)
2. Шығыс бірлестік (16 тайпа 8 - ірі, 8 - ұсақ)
2. Басқару жүйесі:
1. Оң қанат (Сарайшық)
2. Сол қанат (Сығанақ)
3 кезең: 1 топ: «Тарихи болжам» (22 минут) 13.18 – 13.40

Қыпшақтар туралы айта отырып, біз қимақ тайпаларын еске аламыз. Өйткені бұл тайпалардың тарихы бірі – бірімен тығыз байланысты. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері ХІ ғасырда жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді. Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең – байтақ аймақты алып жатты.

Қимақ мемлекеті өз қуатын сақтап, өмір сүруін жалғастыра берді деп ойла,сенің ойыңша қыпшақтар қалай тарихи сахнаға шығып көтерілер еді. Өз ойыңды дәлелде.

(постер қорғау)

2 топ: «Тарихи қақпан» (даталармен жұмыс)

ХІІІ (ХІІ) ғасырдан бастап қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер болған. Қыпшақтардың этникалық құрамы ХІ – ХІІІ ғасырларда (7 – 8ғ) құрыла бастаған. ХІІ (ХІ)ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Кейбір жазба деректерде Қыпшақтар 1195 жылы (1133) хорезмшахының мұрагері Атсыздан жеңіліп қалған дейді. Хорезм билеушісі Текеш 1133 жылы (1195 ж) Сығанақты басқарып отырған Қадыр – Буке ханға қарсы жорыққа аттанады.

3 топ: «Қыпшақ еліне саяхат»

ХІ – ХІІІ ғ.өмір сүрген Қыпшақ хандығына саяхаттап бардым деп ойла. Қыпшақтар жерінен көргендеріңді суретте, баянда (мысалы, шаруашылығы, кәсібі) (постер қорғау)

4 топ: «Тарихи жарнама»

«Жарнама» - латын тілінен аударғанда «қатты айқайлау» деген мағына береді. Жарнама қандай да бір оқиғаға, заттарға назар аударту. Қысқаша қыпшақтардың басқа мемлекеттермен соғысы туралы фактілерді келтіре отырып, қыпшақтардың жеңілсе де, жойылмағанын келтіре отырып, әр адамның қыпшақтар арасында болғысы келетіндей жұмыс жаса. (постер қорғау)

Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

4 кезең: «Тұлғалар мен қоныстанған жерлері» тарихи тұлғаны және қоныстанған жерлерін табуға арналаған сұрақтар (3 минут) 13.40 – 13.43

1 топ

  1. 1133 ж. Қыпшақтарды басып алған Хорезм шахы.....(Атсыз)

  2. Қыпшақ хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдарияның орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан

2 топ

  1. 1195 ж. Сығанақты басқарған қыпшақ ханы......(Қадыр Буке)

  2. Қыпшақтар Есіл, Тобыл, Нұра, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларын жайлаған.

3топ

  1. XIII ғ. Сығанақты басып алуды көздеген Хорезм билеушілері...(ІІ Мұхаммед пен Текеш)

  1. Қыпшақтар жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларын жайлаған

4 топ

  1. Қыпшақ хандығы үшін билікке таласқан Буке ханның жиені

  2. Қыпшақтар Маңғыстау мен Үстіртте қыстаған



5кезең: деректерге сүйенсек... төмендегі деректерді кім айтты? (2 минут) 13.43 – 13.45
1. «Қыпшақтар тары мен күрішті көп өсірген»(еврей саяхатшысы Петахья)
2. «Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартатындығын өз көздерімен көргендігін жазған» (П.Карпини мен Г.Рубрук)
3. «Қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге өте қолайлы, мал жейтін шөптің жұғымдылығы сондай олар малға арпа сияқты жем бермейді, ал малдың көптігі соншалық, ондай мал ешбір елде жоқ шығар (Ибн Баттута)

4.«Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» (Плано Карпини)

Дәптермен жұмыс:
Жаңа сөздердің мағынасын ашу (1минут) 13.45 – 13.46
Орда – хандық билік орталығы
Бөрілер – ең белді, басты тайпа.
Жатақтар – малы аз көшіп қонуға жағдайы жоқ кедейлер.
«Кундар, командар» - венгрлер қыпшақтарды атаған
«Половшылар» - орыстар қыпшақтарды атаған
V. Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, үш топтың оқушыларына қатысу деңгейіне қарай баға қойылады. (3 минут) 13.46 – 13.49

VI.Үйге тапсырма: §14, 62 - 67 беттер. Оқуға қосымша мәлімет іздеу. (2 минут) 13.49 – 13.51


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі