400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

XIII–XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарламада сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы: XIII–XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті


Сабақта видео көрсетілім жасағаннан кейін оқушылармен сабақты талдау жүріледі


Ой қозғау бөлімі:

Жыраулар және олардың көрнекті туындылары

Поэзиямен жаны егіз көшпенділер бесікте жатқаннан бастап ән мен жырға бөленіп өскен. Бір ауыз сөзбен тоқтата білген қазақ халқы «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп әрқашан сөздің құдіретіне бағынып, жырауларын қадірлей білген.

Жырау – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, өз заманының білімді әрі беделді адамы. Әдебиетте де, тарихта да маңызды орын алар тұлға. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен ерекшеленіп, төніп тұрған қауіп-қатерден сақтандырып отырған сәуегей. Хандар мен халық арасында дәнекер болып, халықаралық қарым-қатынасты бір арнаға түсіріп, қалай бағыт алатынын топшылап отырған дипломат. Олар тек өлеңдетіп сөйлеп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты.

Ел қорғау, халықты азат ету жолында соғысқан сарбаздарды жігерлендіріп, олардың ерлігін жырына қосып насихаттап, керек кезде хан, уәзірлерге ақыл қосып, кемшіліктерін бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды. Сонымен қатар туған жерін мадақтау, діни тәрбиелік, философиялық туындылар да осы жырауларға тиеселі болды.

Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері – Сыпыра, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулар.

Жыраулардың туындыларынан үзінді.

Асанқайғының айтқаны

Әй, Жәнібек хан,

Мен айтпасам, білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп, қызарып,

Мастанып, қызып, терлейсің,

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?!

Бұл жыр жолдарынан халық қамын ойлаған Асанқайғының ханның кемшілігін бетіне басып айтатын батыл болғанын байқаймыз.



Білім ленд бойынша сабаққа сілтеме:

https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/xiiixv-hasyrlardahy-qazaqstannyng-madenieti

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі