400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік - аумақтық реформалар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында

Мектеп: «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» КММ

Сынып: 8Ә сынып

Күні:07.02

Мұғалімнің аты-жөні: Демеева.А.Б

Сабақ тақырыбы

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік - аумақтық реформалар

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп алда, билей бер» ұстанымы толықтай жүзеге асты ма?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 7.1.2.1 - дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

Сабақ мақсаттары

  • Ресей империясының отарлық саясатын талдайды

  • Патша үкіметі әкімшілік реформаларының себеп – салдарларын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

  • Реформаның бір себебін және екі салдарын анықтайды, баға береді;

  • Реформаның екі себебін және бір салдарын анықтайды, баға береді.

Тілдік мақсаттар

1867-1868 жж. және 1886-1891 жж. әкімшілік басқару жүйесінің тірек сызбасын салыстырып, талдайды (айтылым дағдасы).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Реформа, қоныстанушы, десятина, шариғат, шоқындыру, миссионер

шіркеу, басыбайлы шаруа, жатақ, генерал – губернаторлық, облыс, уезд, болыс, ауыл

«Бөліп ал да, билей бер» ұстанымының мағынасы...

1867-1868жж. және 1886-1891жж. реформалардың мақсаты...

Құндылықтарды дарыту

Материалды білуге және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы, География

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім

Оқушылар бөлімді меңгеру барысында 7.3A Отарлау және ұлт-азаттық күрес бөлімінде алған білімдеріне негізделеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басы----------



Тақтаға Франция королі ХІ Людовиктің айтқан сөзін: «Бөліп ал да, билей бер» (Diviser pour regner) және осыған байланысты карикатураны тақтадан көрсету. Оқушылардан осы сурет пен афоризмді қалай түсінетінін сұраймын.

Қажет болған жағдайда жетелеуші сұрақтар қойып балалардың ойларын толықтыру.

Бұл ұстанымның ХІХ ғасырда Қазақстанға қандай қатысы болды? деген сұрақ қойып, 1822-1824 жж реформаларды еске түсіріп, сабақтың тақырыбын оқушылардың айқындауына мүмкіндік беру. Тақырып ашылған соң, бүгінгі сабақтың мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстыру.



Презентация























Қазақстан-дағы 1867-1868 жылдардағы реформа


Қазақстан-ның 1867-1868 жж. реформалар бойынша әкімшілік аумақтық бөлінісі картасы






Зерттеу және талдау











1867-1868 жж. әкімшілік басқару жүйесіне байланысты интерактивті тыңдалым ұсыну. Оқушылар дәптерлеріне туындаған сұрақтарын, маңызды деген мәліметтерді жазып алуы қажет.

Оқушыларға 1867-1868 жж. реформалар туралы ықшамдалған мәтінмен жұмыс жасату.

Мәтінмен жұмыс жасаудың критерийлері;

  • Хронологиялық тізбектер бойынша өзгерістерді анықтау;

  • Реформаның мақсатын анықтау;

  • Реформаның нәтижесіндегі орын алған территориялық өзгерістерді анықтау;

  • Қазақстанның 1867-1868 жж. реформалар бойынша әкімшілік аумақтық бөліністі картадан анықтау.

1867-1868 жж. реформа бойынша кестені орындау

Реформа

1867-1868 жж.

Өзгерістері


Нәтижесі


Өзіндік ой-қорытынды


Бағалау критерийлері:

1.Реформаның жүргізілу барысындағы өзгерістерді анықтай алса

2.Реформаның нәтижесі қандай болғандығын айқындай алса

3. Өзіндік ой-қорытынды жасай алса

Оқушылар өзара бағалау жүргізу арқылы бірін-бірі бағалай алады

«Құмырсқаның илеуі» әдісі

«Құмырсқаның илеуі» әдісі бойынша сергіту сәтін ұйымдастырамын. Оқушылар сынып қабырғаларына ілінген терминдерді алып, тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастырады. (Терминдер: реформа, шаруа, жатақ, генерал – губернаторлық, облыс, уезд, болыс, ауыл)

Сөздікпен жұмыс: орыс, ағылшын, латын тілдерінде жазу.

Карточкалар















Презентация















Оқулықпен жұмыс

































































«3 бұрыш әдісі»












Абайдың өлең жолдарын оқып шығуды ұсыну.

Болыс болдым мінеки,

бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта жал,

қалмады елге тығындап...

Осы өлеңінде Абай отарлаумен келген қандай жағымсыз қасиеттерді сынайды? деп сұрау. (жағымпаздық, жемқорлық).

Бағалау критерийлері

Абай осы өлеңі арқылы дәстүрлі қазақ қоғамында бұрын болмаған қандай өзгерістерді айтып отырғандығын оқушылар анықтауы тиіс.

Ресей империясының Қазақстанда жүргізген реформаларының қай салада ықпалы күшті болғанын, қазақ қоғамында орын алған өзгерістерді анықтайды.

1 топ: экономикалық

2 топ: әлеуметтік

3 топ: мәдени

4 топ: саяси

Бағалау критерийлері

Әр топ өзіне берілген сала бойынша қазақ қоғамында орын алған 2 өзгерісті анықтайды

Топтық бағалау жүзеге асырылады

Жұптық жұмыс. 1822-1824 жж реформалар мен 1867-1868 жж реформаларды салыстыра отырып, дәстүрлі қазақ қоғамына реформалардың нәтижесінде келген өзгерістерді анықтауға тапсырма беремін

1822-1824 жж реформалар нәтижесіндегі қазақ қоғамындағы өзгерістер

1867-1868 жж реформалар нәтижесіндегі қазақ қоғамындағы өзгерістер



Қорытынды


ОРавнобедренный треугольник 1 қушыларды осы сабақтағы басты зерттелген мәселеге ойларын шоғырландырып, пысықтап алуға назар аударылады. Оқушыларға 3 бұрыш әдісімен диалог әңгіме жүргізіліп, өткен материал еске түсіріледі.

5 кілт сөз



3 сипаттама сипаттама сипаттама






1 түсіндірме





Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы

толықтай жүзеге асты ма? тақырып сұрағына қайта оралып, сабақты қорытындылау.

Сабақтың соңы



Кері байланыс

Рефлексия

  • не естеріңде қалды?

  • не таң қалдырды?

  • не ерекше әсер етті?

Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жабыстырып, тақтаға іледі.

Конструктивті кері байланысы жүзеге асырылады

Үйге тапсырма.

Патша өкіметі тарапынан «бөліп алда, билей бер» ұстанымы толықтай жүзеге асты ма? атты тақырыбы бойынша жан-жақты дайындалу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы


Жаттығуларды орындау негізінде балалар өз бетінше жұмыс жасау арқылы саралап, қажетті дағдылары қалыптасады. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар парақшаларда, таблицалар құрып өздерінің бағалау жұмыстарын көрсете алу керек.

Берілген тапсырмаларды орындау барысында,өзіндік бір-біріне көмектесу, бағалау критерийілері, дескриптор, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы кері байланыс бере отырып бағалау жүргізу.



Көзіне жасалатын физминут жаттығуын жасатамын.

Интербелсен-ді тақтаны керек емес уақытта өшіріп қоямын.





Тексерілді:------------------МДОӘЖО

А.Г.Абженбаева








Алматы облысы

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Шелек ауылындағы №1 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Бекітемін»

Мектеп директоры: Қырықбай.А.М







XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік - аумақтық реформалар

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп алда, билей бер» ұстанымы толықтай жүзеге асты ма?















Демеева.А.Б




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
4729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі