жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«XIXғ 1860-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформасы»
Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы
№ 7 мектеп-лицейі
Сабақтың тақырыбы:
«XIXғ 1860-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы
әкімшілік және сот реформасы»
(ашық сабақ)
Тарих пәні мұғалімі:Өтегенова Г.Б
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: «XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы
әкімшілік және сот реформасы»
Сабақтың мақсаты:
Патша үкіметінің 1867-1868жж әкімшілік реформаны қабылдау мақсаты мен 1880-1890 жылдарындағы жер мәселесі, әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау арқылы топта жұмыс істеуді меңгерту ақпараттың қажеттілігн саралай білуге, проблемалық мәселеге сыни көзқарасын қалыптастыруға үйрете отырып, ізденіс, зерттеушілік қабілетін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Сабақтың әдісі: Кубизм, Венн диаграмассы, топтастыру, Синквейн, пікірталас, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Карта, Интерактивті тақта, схемалар мен сызбалар, ақын жазушылар шығармалары, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті. Кино өнері
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Қызығушылықты ояту Сынып оқушыларымен танысу.
1. “Көрксерек»көркем филімінен үзінді көрсету.
2. Фильмнің негізінде қойылатын сұрақтар.
Топпен талқылыусұрақтар:
-
Үзіндіде қазақ ауылының жай-күйі қалай көрсетілген?
-
Халық тұрмысы туралы не айтасыздар?
-
Қазақ ауылының қай кезеңін көрсетеді?
Осы айтқандарыңа орай мынадай сұрақтар қойғым келеді.
-
Сібір қазақтарының жарғысы қашан қабылданды?
-
Орынбор қазақтарының жарғысы қашан қабылданды
-
Сібір қазақтарының жарғысын кім дайындады
-
Кіші жүзде сақталған хандықтың атын ата?
-
Кіші және орта жүзде бекітілген жарлықтардың мақсаты?
-
Топтастыру
ІІ. Мағынаны тану.
Проблемалық сұрақ.
Ресейдің ХІХғ 60-90 жылдарындағы Қазақстандағы әкімшілік – саяси басқару реформасының отаршылдыққа бағытталғандығын неден байқауға болады?
І. Зерттеңіз.
-
1867-1868 жж реформаны қалай дайындады?
-
Реформаның мазмұнына, отаршылдық бағытына қандай сипаттама беруге болады?
-
Қазақстанда әкімшілік басқарудың жаңа жүйесін жасаудың себебі неде?
ІІ. Салыстырыңыз.
-
1867-1868 жылғы реформа мен 1886-1891 жылғы қабылданған реформаны салыстырыңыз.
-
1867-1868 жылғы реформа бойынша құрылған сот жүйесін 1886-1891 жж сот жүйесіндегі өзгерістермен салыстырыңыз.
ІІІ. Ойыңызбен байланыстырыңыз. Не елестейді? Нені сезінесіз?
1867-1868 жылғы әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістер
-
Патша үкіметі билігі орнағанға дейінгі басқару жүйесі қандай еді?
-
ХІХ ғ 60-90 жж реформалар әкімшілік басқару жүйесіне қандай өзгерістер енгізді?
-
Салық жүйесіндегі өзгерістерді оқи отырып қандай сезімде боласыз?
-
ХІХ ғ 60-90 жж реформаларға сәйкес өзгерістерді ойыңызбен байланыстырыңыз.
-
Саралаңыз
А) 1867-1868 жж реформа көркем әдебиетте қандай көрініс тапты?
Ә) Қазақ демократарынын реформаға байланысты ой-пікірлері және сіз сол пікірлермен келісесіз бе?
(Өлең, эссе, бес жолды өлең т.б түрінде)
Талқылаңыз.
Ресейдің 1867-1868 жж және 1886-1891жж жасаған әкімшілік – саяси басқару реформасының жағымды жағы мен жағымсыз жағын анықтау.
(Үш жазба күнделігін толтыру)
ІІІ. Ой толғаныс
Кері байланыс парағын толтыру.
|
Нені үйрендің? |
Сабақ жайлы пікірің? |
Келесі сабақта нені меңгергің келеді? |
|
|
|
|
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген