Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
XV-XVII ғасырдағы қазақтардың рухани мәдениеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Ақ тілегім биікке самға.
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың әр салада білімін кенейту шығармашылық ізденісін жетілдіру
Ә) Танымдық белсенділікті артырып ,өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сойлеуге,өзіне сенімді болуға уйрену
Б) Оқушылардың бойында адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой толғау
Сабақтың көрнекілігі: ойын сабағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1-айналым « бәйге»
2-айналым «жұмбақтар әлемінде »
3-айналым «ғылымдар сыры»
4-айналым «егерде мен...» жағдаятты сұрақтар.
Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Сол себепті барша ұстаздардың, ата-ананың, қоғамның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Қазақ халқының ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деген. Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары болу керек. Ол ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.
Танымдық белсенділікті
арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне
сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге
үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен
сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу
нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп
еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті
сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші
парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп,
жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді
білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел
Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира,
Ербол тағы басқа аға - апаларымызды білеміз.
І – «Бәйге»Әр бала бір сұраққа тез жауап
береді. (он бес сұрақ беріледі, әр жауап - бір ұпай.)
1. Білім күні қай күн?
2. Бес қаруды ата.
3. Еліміз Тәуелсіздік алған күні?
4. Жеті қазынаны ата
5. Бейнеу ауданының әкімі кім?
6. Үш қуатты ата.
7. ҚР - ның рәміздерін ата.
8. Төрт кітапты атап бер.
9. Желтоқсан құрбандары кімдер?
10. ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?
11. Бес жаратылысты ата
12. Астананың туған күні?
13. Үш көзді ата
14. Күн көзі жылына неше рет шығады?
Жауаптары:
(1 - қыркүйек)
(Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта) (1991ж. 16 желтоқсан)
(Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен
мылтық, жүйрік тазы)
Басшы Әзірханов.
(Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат) (Әнұран, Елтаңба, Ту)
(Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның
кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы) (Қайрат. Ләззат. Сәбира,
Ербол)
(1995ж. З0 тамыз)
(Күн, ай, жұлдыз., күндіз, түн)
(6 – шілде)
(Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.
Сөз анасы - құлақ)
(365 - 366)
Денені өлшейтін құрал
(градусник)
2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
3. Қан соратын жәндік (маса)
4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
5. Ұзындық өлшем бірлігі (км,м, дм, см, мм)
6. Біздің туда не бейнеленген – Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран
бүркіт , күн
7. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
8. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
9. Қазақтың атақты суретшісі
(Ә.Қастеев)
1.Мемлекеттік рәміздерді ата -
Әнұран, Елтаңба, Ту
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты
жиындарда
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
5. Күйді орындайтын адам кім -
күйші
6. Периметрді қалай табамыз -
барлық қабырғаларын қосамыз
7. «Кел,
балалар,
оқылық!»
өлеңін кім жазған -
Ыбырай Алтынсарин
8. Балды жақсы көретін аң –
аю
9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе –
надандық,
еріншектік,
залымдық.
10. Жас күнінде суретші болуды армандап,
кейін белгілі балалар жазушысы болған кім?
– Б.
Соқпақбаев
ІІ – Жұмбақтың шешімін тауып,
үш тілге аударып айтыңдар. Әр жауапқа 5 - ұпайдан 15 ұпай
беріледі.
1. Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап - книга -
bооk )
2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит - собакa -
dog).
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг - friend)
4. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із калар.(бор - мел - chalk
5. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка - реп)
6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок
- bеІІ)
III- «Ғылымдар сыры»
Математика
Отбасында 7 ұл бар. Әрқайсының қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? 8
Қазақ тілі
-на,-не қай септікке жалғанады? Барыс
Қазақстан тарихы
1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас ұраншысы, ақын кім? М.Өтемісұлы
География
Кез келген нысандардың географиялық орнын қалай анықтауға болады? Жауабы:Карта
Биология
Ол біздің ағзамыздағы микробтармен күреседі. Сен дем алатын оттегіні бүкіл денеңе таратады. Пайдаланылған газды өкпеге жеткізеді, сен оны деммен шығарасын. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетін жабатын жабысқақ ерекше затөндіреді. Ол не?(қан)
Арнайы сұрақ
Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, оны суы сарқылғанша қайнатады. Қайнауы жеткен соң, қызыл-сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Бұл қандай ұлттық тағам? Ірімшік
IV-«Егерде мен ...» жағдаятты
сұрақтар
Егерде мен бестік баға алып келсем ...
Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем ...
Егерде мен досымның көңілін қалдырсам ...
Егерде мен сабаққа келмей қалсам ...
Қорытынды. Осымен ойын сабағымыз өз
мәресіне таяп қалды. Сайысымызды жинақ парағымен
қорытындылайық.
Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге
келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі
халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай
адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген кейінгі ұрпаққа
рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым –
Шоқан Уәлиханов. Ал, қазір Сіздердің назарларыңызға қазақтың жарық
жұлдызына арналған өлең жолдарын ұсынамыз.
Оқушы:
Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған,
Қайғыны жазып бойды езген,
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген,
Сапармен барып Қашғарға!
І. Тауларын кезіп Тянь-Шань,
Манасын жазған қырғыздың.
Жете алмай кеткен сан қыран,
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
Жоңғардың батыс сілемін,
Мекендеп қалған мәңгілік.
Туған жер жауып кілемін,
«Алтынемел» тұр жаңғырып.
ІІ. Ғылым оқып білгенше,
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүние кезіп көргенше,
Рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады,
Көрген, білген өкінді