400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"XVI-XVIII ғасырлардағы ел таныған күйшілер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Түлкібас ауданы

«Балалар өнер мектебі» КММ


Баяндама


Тақырыбы: «XVI-XVIII ғасырлардағы ел таныған күйшілер»








Жазған мұғалім: Инкарбекова Айгуль Болатбековна








2020 жыл



АЛҒЫ СӨЗ

        Ұсынылмақ кітапты жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту. Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді ұсынған болатын, зерттеушінің ойынша байырғы домбырашылықты қайта тірілтудің жолы түпнұсқалық күй мақамы мен оның жазбасын қолға алудан басталмақ. Бұл мәселенің оқу орындарына қозғау салғанын әрі нәтижелі ғылыми тұжырым болғанын уақыт көрсетіп отыр.

Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер төгіп, арда күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған - Әбікен, Сүгір, Аққыз, Мағауия, Төлеген, Генерал, Боранқұл, Тайыр, Бағаналы сияқты саңлақтардың аты алашпен бірге мәңгі жасамақ. Шертпе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді, алдыңғы буын ағалардың ізін Мұхамеджан, Дәулетбек, Таласбек, Білал, Секен, Рымхан, Мұқаштар жалғастырды, олардың артынан Базаралы, Саян, Сәрсенғали,  Қайраттар келеді, әр қайсысы да шертпе күйдің дамуына хал-қадарынша еңбек етіп жүр. Қазақ елінің шығысында салтанат құрған қоңыр күйдің болашағына кезінде алаңдаушылық болғаны рас, қазір сол кезеңдердегідей көңілдің күптілігі мүлде жоқ екенін айту парыз, себебі күйдің насихаты жақсы жолға қойылған, конкурстар мен концерттерде мектеби шектеулік жоқ, домбыра мамандығы бойынша оқу бағдарламаларында міндетті репертуар ретінде кіріктірілген. Алайда, күйдің түпнұсқалық орындаушылығы мен оның нотаға түсірілуі әлі де көп жұмыстар атқаруды керек етеді. Күйдегі ноталық жазбаның қазақы сөздегі тоникалық һәм силлабикалық буындарға сәйкес болуы жөнінде қазақ ғалымдары тарапынан жүйелі сөздер айтылып келеді, сол талаптарға сай осы жинақтағы күйлерді жазу барысында саздың ішіндегі сөзге тәуелді буындарды такт арқылы бөлуді басты бағыт етіп алуға тырыстым.

      Біршама күйлер алғаш жарияланып отыр, қырғыз қомузының күйлерін домбыраға қотару ісі де кейінгі кезде айтылып жүрген түркілік мәдени тұтастық түбірінен туындады, болашақта қырғыз, өзбек, татар, әзірбайжан саздары қазаққа ортақ мүлік болары даусыз, әзірге жақын туысымыз қырғыздың шертпесі соның бастамасы болсын.

      Күй ноталары оқыту тәжірибесінен өткен, емтихандар мен конкурстарда орындалған, әуенін жазбамен салыстыру үшін дыбыстық таспалар мен күйтабақтар тізімі кітаптың соңында келтірілген. Оқырманға тағзым.    

                                         





 





ЖЕКЕ  КҮЙШІЛЕРДІҢ  ОРЫНДАУШЫЛЫҚ  МЕКТЕБІ

  Қай дәуірде болмасын, белгілі бір музыкалық ағымның негізін қалап, соның басында тұратын орындаушылығы дара тұлғалар болады. Қазақтың аспаптық музыка мәдениетінің деңгейін көтерген дарынды бабаларымыз әр кезеңде өздеріне тиісті міндеттерін атқарып отырды. Олар күйдің композициялық құрылымының өзінше өсіп-өнуіне үлгі болды, тартыс мәнерінің мектебін қалыптастырып, оны арттағыға атамұра ретінде аманаттап отырды. Күй тарихында мұндай жандарды «Күй атасы» деп мәртебелеп атап отырған. Біздің тоғыз ғасырлық күй шежіремізде аттарын кие тұтып ардақтайтын осындай төбелі өнер иелері аса көп емес: Қорқыт, Кетбұғы, Асан Қайғы (Қайқы болуы да мүмкін), Қазтуған, Байжігіт. Ал, Тәттімбет, Құрманғазы, Бейсенбі, Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қожеке, Абыл, Қазанғап, Дина сияқты күйшілер солардың дәстүрін жалғастырушылар. 

       Бұрынғылардың  күй шығару үрдісі бүгінгі композиторлық кәсіптен мүлде бөлек үрдіс болатын. Даланың салты бойынша ертедегі домбырашылар өзіне дейінгілердің күйлерін түгел тартып, ұстазының батасын алғаннан кейін ғана күйші боп саналатын. Белгілі бір күйдің тақырыбына өз иірімін қалдыруға осыдан кейін ғана ерік беріледі, соның нәтижесінде әр күйші табиғи қабілетінің парқына қарай көне күйлерді жаңғыртып отырады, кейіннен бұл күйлер орындаушылардың төл шығармаларына айналып та кете береді, мұның ешқандай сөкеттігі болмайтын. Қазақтың кісі атымен аталып тартылатын «Қосбасар», «Ақжелең», «Байжұмалары» осындай күйлердің қатарына жатады. Бұл жағдай күй мәдениетін байытып қана қоймай, көне сарындардың мүлтіксіз сақталуын да қамтамасыз етіп отыратын жағымды құбылыс әрі күйшілерге деген елдің естелік құрметі болды. (Күй авторларын анықтаудан туатын дау - дамайды туғызушылар қазақ күйшілігінде ғасырлар бойы жарғыланып қалған методологияның осы заңдылықтарын ескермейді. Біреудің күйін біреуге қасақана телу басқа әңгіме).

       Күйлердің мектептерге бөлінуінің де негізгі себебі осы, белгілі бір аймақта өмір сүрген сазгерлік дарыны зор тұлға қалыптасып қалған күйшілік салтқа өз қолтаңбасын енгізеді, соның салдарынан домбыра тартудың белгілі өлкеге тән жаңа арнасы пайда болады, оның үйренушілері осы шеберліктің қағидаларын ұстанып, біртұтас зайырлы мектеп қалыптастырады. Енді осындай мектептердің қадауланған басты өкілдеріне тоқталып, орындаушылық ерекшеліктеріне түсініктеме берелік.

        Шығыс Қазақстандық күйшілік мектептің атасы – Байжігіт  (ХҮ1-ХҮ11ғ.). Байжігіт күйлерінің құрылымы мен орындалуы техникасы аса күрделі, шертістің барлық әдістері қамтылады, сол қол саусақтарының аспапқа жатысы табиғи, сондықтан дыбысты тербеу (вибрация), созу (легато) әдістері мейлінше жетілген. Шертпенің классикалық үлгісі ретінде Байжігіт күйлері басқа мектептердегі (Арқа, Жетісу) тәсілдерді де сіңірген. Меңгерілуінің қиындығына байланысты Байжігіт күйлеріне бойлаған адам аз.  Бұл мектептің қазіргі кездегі жалғыз шебері – Таласбек Әсемқұлов.

      Тәттімбет - Арқа мектебінің көшін бастаған күйші. Тәттімбет күйлерінің қалыптасқан ізін Әбікен мен Мағауия орындауларынан бажайлауға болады. Тәттімбет күйлері тақырыбы жағынан жаңашыл, күй құрылымы белгілі тәртіпті сақтайтындай қалыпта. Негізгі сарыны үш қайырылып түйінделеді. Қағысы да бірыңғай көсем шертісте орындалады. Тәттімбет артындағы Тоқа, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Сүгірлердің орындаушылық мектептеріне өнеге болған тұлға. Тәттімбет күйлерінің мақамы жалпы қазаққа сіңімді, сондықтан оның мектебін ұстанатын домбырашылар да көп. 

       Қожеке мектебі - Жетісулық орындаушылыққа үлгі. Әсерлі шертіс пен желдірме аралас виртуоздық тартыс Қожекеден қалған. Қожеке күйлері құрылымы жағынан классикалық шертіске ән формасын жарасымды кіріктіруімен ерекшеленеді. Яғни, фольклорымызда «Жыр күйлері» деп  айшықталатын үрдіс осында сақталған. Бұл жағдай Қожеке мектебінің динамикасы жағынан орындалуы мейлінше күрделенген шығармалардың қалыптасуына алып келді, оған мысал – Нұрғиса мен Темірбектің дауылды күйлері. Қожеке күйлерінің түпнұсқасын бірден-бір дәл орындайтын  домбырашы  - Базаралы Мүптекеев.              

      Кейінгі кезеңде туғандықтан жаңа сарындарға біршама жақын мектеп –Сүгір мектебі. Сүгір мектебінің басты маңыздық ерекшелігі - қобыз иірімдерін домбыраға сәтті қотаруында, сонымен бірге Шығыс пен Батыс  күйлерінің ортасына алтын көпір бола білуінде. Тартылуына қарай Сүгір күйлерін бірыңғай шертпе немесе төкпе деп айдарлауға болмайды, өйткені мұнда жалпы Қазаққа ортақ көне домбырашылықтың барлық нышаны бар. Сүгір мектебіне тән тағы бір ерекшелік композициялық құрылымының жасампаздығы. Ол домбырадағы қалыптасқан буындық-сағалық  заңдылықтарды сақтай отырып, қобыз күйлеріндегі оқиғалық – баяндау тәсілдерін батыл енгізген, соның нәтижесінде күйдің эпикалық әсері мейлінше күшейтілген. Домбыраның штрихтық мүмкіншілігін жетілдіруінің арқасында «Аққу», «Бозінген» сияқты орындалуы күрделі шығармалар туғызды. Сүгір мектебін игергендердің ішінде бізге үлгі боларлық орындау  -Төлеген мен Генералдың тартысы. 

      Күйшілік мектептердің ара-жігін ажырата білу – олардың ғасырлар бойы жинақталған шексіз байлығын сақтау деген сөз. Домбыра методикасы ғылыми сергектікпен жетекшілік көрсетіп бұл мәселені  қолына алуға тиісті. Жалған айтқыш адамның сөзіндей жалаң «постоновкалық» шертіс бүгінгі орындаушылықты қанағаттандыра алмайды. Әр мектептің өз бояуы сақталуы үшін зерек көзқарас болуы керек, сонда ғана биік мәртебелі домбырашылық өнер қанат жаймақ. Бұл маңызы зор іске жас ұрпақтың қажыр-қайраты молынан жетеді деп сенеміз.

Халық арасынан шыққан күйші композиторларымыз – Төлеген Момбеков, Боранқұл Қошмағамбетов, Дәулетбек Садуақасов, Мұхаметжан Тілеухановтардың шертпенің дәстүрін бүгінгіге жеткізуге сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Бүгінгі жас ұрпақ соларды үлгі етіп өсіп келеді, олар өздерінің табиғи дарыны арқасында кәсіби күйшілігіміздің дамуына шексіз көмектерін көрсетті.

Арнайы оқу орындарында оқытылуына шек қойылған шертпе күй ендігі жерде басқа саладан саңлау тауып халық жүрегіне жол алды, жаңа дәуірін бастаған ұлттық театр, кино саласында музыкалық көркемдеуші бояу ретінде шертпе күйлер сәтті пайдаланылды. Бұған композитор Нұрғиса Тілендиевтің  төккен тері адал. Ол көптеген киноларда («Қыз Жібек», «Көксерек»т.б.) музыкалық көркемдеуші құрал ретінде халық композиторлары - Тәттімбет, Тоқа, Тіленді күйлерін өз орындауымен жазды, білікті домбырашы ретінде ескі шертістің бар көркемдігі мен нақысын сақтады. Өзінің «Аққу», «Арман», «Әлқисса» күйлері арқылы күй дәстүрінің сақталуына барынша еңбек етті.



 



 

                              

Қолданылған  әдебиеттер:

1.Сейдімбек А.  Қазақтың  күй  өнері. – Астана,  Күлтегін  баспасы,  2002.

2.Жұбанов А.  Өскен  өркен. –Алматы,  Ғылым  баспасы, 1985.

3.Жұбанов А.  Ғасырлар  пернесі,  Дайк-Пресс,  2002.

4.Жұмақова Ү.  Күй  құрылымындағы  метроритм  мәселелері.  Алматы,  Ғылым  баспасы,  2000.

5.Шегебаев П.  Дәстүрлі  музыка  туындату  саласындағы  домбыра  стереотипінің  функциялары. – Алматы,  Ғылым,  2002.

6.Күзембаева С,  Егінбаева Т.  Қазақ  музыкасы  тарихынан  лекциялар. –Алматы,  «Таймас»  баспа  үйі,  2005.

7.Мұхамбетова Ә.  Қазақ  күйі.- Алматы,  Дайк-Пресс,  2002.

8.Өтеғалиева С.  Көшпенді  халықтардың  музыкалық  аспаптар  қоры. –Алматы,  Ғылым,  1995.

9.Сарыбаев Б.  Қазақтың  халық  аспаптары. –Алматы,  Өнер,  1978.  




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 тамыз
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі