XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тарих пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

Мектеп:


Сағат саны: 1 сағат

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 8 (7)


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

( «Абылай ханның ішкі саясаты» тақырыбының 1-сабағы)

Сабақтың түрі

Зерттеу сабағы

Зерттеу сұрағы

Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты


  • 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;


Тарихи концепт (фокус)

  • Дәлел мен тарихи интерпретация

Сабақтың мақсаты


Абылай ханның үш жүздің басын қосып, Қазақ хандығын нығайтудағы ролін түсінеді

Бағалау

критерийлері


Білу мен түсіну - Абылай ханның өмірі туралы біледі;



Тілдік мақсаттар

Абылай ханның өмірі мен Қазақ хандығын нығайту іс-әрекеттері туралы зерттеулерімен танысады (оқылым мен жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бытыраңқылық, үш жүздің басын қосу, орталықтанған мемлекет

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Абылай ханның көздеген мақсаты

Қазақ хандығындағы ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені

Абылай ханның ішкі саясатының басты бағыттары...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, отан тарихы мен тарихи тұлғаға деген құрмет Абылай ханның саясатын талдау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім

ХVІІІ ғасырдың басында қазақ халқын аса ауыр зардаптарға душар еткен Отан соғысы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Қызығушылықты ояту




2-мин










3-мин






(Т) Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу.

Адам өмірінің үш кезеңі (балалық, жастық және қарттық шақ) бейнеленген суреттер бөлме қабырғасының әр жеріне ілінеді, оқушылар қалаулары бойынша ұнаған суретінің тұсына жиналып, топтасады.

Рисунок 4

Рисунок 5

Рисунок 6


(Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.

Слайд арқылы үлкен шайқас алдындағы жекпе-жекте айқасқан батырлар суреті (анимация негізінде) көрсетіліп, оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:


Picture 1 Picture 3


  • «Алғадай» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(Жауабы:Үлкен шайқас алдында қарсы жаққа қазақ қолы жағынан жекпе-жекке шыққан жас батыр)


Сұраққа жауап алынғаннан кейін, оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:

Аңырақай шайқасында алғадай болған кім?

(Абылай)


Жауап алынғаннан кейін ғана Абылай хан бейнеленген сурет (анимация негізінде) көрсетіледі



Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.


Тарихи концепт (фокус): Дәлел мен тарихи интерпретация


Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Презентация


Қосымша-1

Суреттер


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы, 2010.


Абылай хан /құраст. С.Дәуіт. – ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. – Алматы, 1993.


Қосымша-2


Абылай хан. Қасымбаев Ж. – Алматы: Аруна, 2011ж.


Әбжанов Х., Аяған Б., Исин А. Қазақ хандығы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Астана, 2012.

Мағынаны тану


5 мин





























20 мин




































5-мин

(Т) 1-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс.

«Ұғымдардың мағынасын табайық»

Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері («бытыраңқылық», «үш жүздің басын қосу», «орталықтанған мемлекет») жазылған карточкалар ілініп, оларды белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастырып, берілген сөздердің мағынасын ашу сұралады. Сонан соң топтарға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылып, оларды тақтадағы жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады.

(1-топқа «бытыраңқылық», 2-топқа «үш жүздің басын қосу», 3-топқа «орталықтанған мемлекет» сөзтіркестері жазылған карточкалар ұсынылады)

1

Бытыраңқылық

a

Орталық биліктің әлсіреп, үш жүздің бөлініп кетуі

2

Үш жүздің басын қосу

b

Қазақ хандығының үш аумағының бірігуі

3

Орталықтанған мемлекет

c

Мемлекеттегі биліктің жоғары билеушінің қолына берілуі


(Т) 2-тапсырма. «Ақпаратты бөлісейік»

Мәтінмен жұмыс

Топтарға Абылай ханның өмірі туралы мәтіндер таратылады. Топтағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, топ ішінде талқылайды. Әр топ Абылай хан өмірінің әр кезеңіндегі өмірдерегі туралы игерген ақпаратты сыныптастарымен бөлісу үшін сынып алдында қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды. (Тапсырма шартын түсіндіру үшін мұғалімге 1 минут, берілген мәтіндегі ақпаратты оқып- түсіну үшін топтарға 4 минут, игерген білімді сынып алдында ауызша жариялау үшін әр топқа 5 минут беріледі)


1-топ. Бала Әбілмансұр;

2-топ. Сабалақ батыр;

3-топ. Абылай хан;



Бағалау критерийі:

Білу мен түсіну - Абылай ханның өмірі туралы біледі;

Дескрипторы:

1-топ. Абылайдың балалық шағынан кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды;

2-топ. Абылайдың бозбала кезінен кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды;

3-топ. Абылайдың есейген тұсынан кемінде 2 маңызды мәлімет анықтайды.


Күтілетін болжам жауаптар:

1-топ. Абылайдың бала кезінде жоңғар шапқыншылығы кесірінен ата-анасынан айрылып, жетім қалуы мен жоқшылық көріп, жалшы болып кеткені туралы мәлімет береді;

2-топ. Абылайдың бозбала кезінде жекпе-жек шайқаста ерлік көрсетіп батыр атанғандығы мен жалшы Сабалақтан Абылай сұлтанға айналғандығы туралы мәлімет береді;

3-топ. Абылайдың ересек кезінде үш жүздің ханы болғандығы және көрші мемлекеттердің оны хан деп танығандығы туралы мәлімет береді.


Кері байланыс. Топтық бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек»

Топты бағалау критерийлері:

- мазмұнды ашуы;

- сөйлеу шеберлігі;

- регламент сақтауы.



Қосымша-2

Карточкалар



























Қосымша-3

Мәтін-таратпалар













Слаидқа немесе тақтаға жазып қою












Ой-толғау





5-мин








Рефлексия.

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды толық, түгел орындадым десе, «Мен орташа түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда кішкене қиналдым, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деп жауап беруі мүмкін.

Үлгі:

  • Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды ..... .... орындадым;

  • Мен орташа түсіндім, тапсырмаларды орындауда ......... қиналдым;

  • Ешнәрсе түсінбедім, тапсырмаларды орындауда ... қатты қиналдым.



Қосымша-4

Парақша-карточкалар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2019
690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі