жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы |
Мектеп: |
|||
|
Сағат саны: 1 сағат |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||
|
Сынып: 8 (7) |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақ тақырыбы |
Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы (Алдыңғы сабақтың жалғасы, 3-сабақ) |
|||
|
Сабақтың түрі |
Зерттеу сабағы |
|||
|
Зерттеу сұрағы |
Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды? |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау; |
|||
|
Тарихи концепт (фокус) |
|
|||
|
Сабақтың мақсаты |
XVIIIғ 1-жартысында Кіші жүздің Ресейдің отарына айналғанын талдайды. Әбілқайыр ханның тарихта алатын роліне баға береді |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Сыни ойлау мен талдау - Кіші жүздің Ресейге қосылуының салдарын талдайды; Бағалау - Кіші жүз ханы Әбілқайырдың тарихта алатын роліне баға береді |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы мен Әбілқайыр хан туралы зерттеулермен танысады (оқылым мен жазылым дағдылары) Пәнге қатысты лексика мен терминология Отар, грамота, отаршылдық, елшілік, бодан, аманат Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері: Кіші жүздің Ресейге қосылу себептері… Әбілқайыр Ресейге қосылуда бірнеше мақсатты көздеді, себебі... … Кіші жүздің Ресейге қосылуының салдары мынадай... Қазақ хандығы Ресейге қосылуы нәтижесінде еркіндігінен айырылды, оның зардаптары… |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, Отан тарихы мен тарихи тұлғаға деген құрмет Әбілқайыр ханның саясатын талдау барысында жүзеге асады |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады. |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс. |
|||
|
Бастапқы білім |
ХVІІІ ғасырдың басында Қіші жүз аймағының Ресей империясының қоластына өте бастауы туралы біледі |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы
3 мин 2 мин
|
(Б) Ұйымдастыру сәті. Өткен материалды еске түсіру (М) Оқушыларға «Бессаусақ» тапсырмасы негізінде өткен сабақта игерген білімді еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:«Кім? Не? Неге? Қашан? Қайда?»
(-Анна Иоанновна)
(- Грамота)
(-Кіші жүз билеушілерінен Ресей бодандығын қабылдағаны туралы ант алу үшін)
(-1731ж 10 қазанда)
(-Петерборға) (Б) Ой шақыру БЫМ Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушыларды осы сабақта басты назар аударатын, зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландыруға назар аударылады.Слаидтан хан Әбілхайыр мен патшайым Анна Иоанновна өкілі Алексей Тевкелев портреттері, Қазақстан территориясы бейнеленген карта, хан ставксына келген Тевкелев елшілігі бейнеленген сурет көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
-Суретті көріп, Сізге қандай ой келді? -Бүгінгі сабағымызда қандай мәселе зерттеледі деп ойлайсыздар? М Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге пысықталады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды? |
Презентация Слаидқа жазып қою Қосымша-1 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 3-том. – Алматы, 2010. Қосымша-2 Сурет |
||
|
Сабақтың ортасы 10 мин Оқып-жұмыстануға
10-мин Игерілген ақпаратты жариялауға 10 мин |
Зерттеу мен талдау (Т) Мәтінмен жұмыс Топтар Кіші жүзде патша өкіметінің отарлау саясатының жүргізе бастағаны туралы зерттеулер жүргізеді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаға сәйкес, «Әңгімені кадрлап бөлу» әдісі арқылы жұмыстанады. Мұғалім топтарға бөлінген оқушыларға ақпарат жазылған бытыраған карточкаларды таратады.Оқушылар карточкаларды ретімен орналастырып, одан жүйелі мәтін құрып және құрылған мәтін мазмұнын оқып шығуы тиіс.Сонан кейін мұғалім құрылған мәтіннің дұрыстығын тексеруді ұйымдастырады. Топтар мұғалімнің алдын –ала дайындаған «жауап-үлгісі» арқылы бірін-бірі тексереді. Кейін топтар жүйелі құрылған мәтін негізінде тарихи оқиға желісін сынып алдында әнгімелейтін болады. Мәтінді оқу. «Сыни ойлау мен зерттеу»- пәндік дағды, оқылым- тілдік дағды жүзеге асады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма 1-топ. Патша өкіметінің қазақ жерінде отарлау саясатының басталуы; 2-топ. Патша өкіметінің Кіші жүзді экономикалық отарлауы; 3-топ. Патша өкіметінің Кіші жүзді саяси отарлауы Дескриптор: 1-топ - Патша өкіметінің қазақ жерінде отарлау саясатының басталуы туралы сипаттайды; -Тарихи оқиғалар барысынан 2 дәйек келтіреді; 2-топ - Патша өкіметінің Кіші жүзді экономикалық отарлауы туралы түсіндіреді; - Тарихи оқиғалар барысынан 2 дәйек келтіреді; 3-топ - Патша өкіметінің Кіші жүзді саяси отарлауы туралы талдайды; - Тарихи оқиғалар барысынан 2 дәйек келтіреді. Интерпретация (Т) «Ниет – наным-сенім/көзқарас шеңбері» және «Сол уақытта/белгілі бір уақыт аралығынан кейінгі оқиғаның маңыздылығы» тапсырмасы «Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?» сұрағына жауап беру үшін оқиғаны «ниет – наным-сенім/көзқарас-контекст» шеңберіне салып, талдап-түйіндейді. Оқушылар жазбаша түрде Әбілқайыр ханның қабылдаған шешімі «сол уақытта/белгілі бір уақыт аралығынан кейінгі оқиғаның маңыздылығы» қоғам, саясат, экономика салаларында қаншалықты орынды/ маңызды, нақты шешім болғанын анықтап, түсіндіреді.
|
Оқулық Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012. Қосымша-3 Мәтін-таратпа «Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды? деген зерттеу сұрағын тақтаға жазып қою |
||
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
(Б) Рефлексия. «Өз прогрессіңді бағала»
-Мен бүгінгі сабақта қандай деңгейдемін?
|
Түрлі түсті стикерлер |
||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген