400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

XX ғ. ІІ жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық саяси өмір ерекшелілігін, мемлекет қайраткерлерінің, соның ішінде Д.Қонаев пен Ж.Тәшеневтің қызметтеріне баға беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Тилеубаева

Гульжан Пердебековна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні: 4-9. 11.19ж

Сынып: 10




Сабақ тақырыбы

XX ғ. ІІ жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

10.3.1.4 – әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру;

10.3.1.2 – мемлекет қайраткерлерінің, соның ішінде Д.Қонаев пен Ж.Тәшеневтің қызметтеріне баға беру;

Сабақ мақсаттары

қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру, әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру;

мемлекет қайраткерлерінің, соның ішінде Д.Қонаев пен Ж.Тәшеневтің қызметтеріне баға беру;

Кәсіби даму мақсат

Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту

Бағалау критерийлері


а қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін хуалын анықтай алады

әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырыды

мемлекет қайраткерлерінің, соның ішінде Д.Қонаев пен Ж.Тәшеневтің қызметтеріне баға береді

Тілдік мақсаттар


Мағынасын ашады, (айтылым дағдысы)

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....

Айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын...

Құндылықтарды дарыту



Құндылықтар:

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

Жаhандану азаматтық

Адам құндылығы, отансүгіштік

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихы, география

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны, ноутбукті пайдалан отырып

Бастапқы білім

Соғыстан кейін қандай әлеуметтік ахуал қалыптасты?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сәлемдесу. Жағымды ахуал орнату.


Сабақтың ортасы



















Зерттеу сұрақтары:

Интерпретация

«Мағынаны тану» әдісі бойынша «Ұлттық мүдде» сөзін кластер жасау

Әр жылдардағы ұлттық мүдденің қорғалуы бойынша білімдерін еске түсіртіңіз.

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын және оқу мақсатын хабарлаңыз.

Зерттеу сұрақтары:

Тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өзгерістер қазақ халқына қаншалықты әсер етті?

(Т) Тоқырау жылдарындағы ҚазақКСР-ғы маңызды оқиғаларды «R5 маңыздылығы» әдісі бойынша талдау

І топ. «Жас тұлпар» ұйымы

ІІ топ. «Целиноград оқиғасы»

ІІІ топ, О.Сүлейменов «АЗиЯ» кітабы

IV топ. Д.А.Қонаев ғасыр саңлағы

V топ. Ж. Тәшенев-ұлт мүддесін қорғаушы

Сыни талдау әдісі бойынша мәлімет ұсыну

  • Есте қалатын

  • Нәтижелі

  • Айрықша/мәнді

  • Резонансты

  • Айқындайтын

І топ. «Жас тұлпар» ұйымы туралы

1963 жылы Мәскеуде білім алған бір топ жас қазақ ұлтының тамырын іздеп, ертеңіне алаңдаушылық танытып, ұлттық мүдде үшін күресуге бел буған еді. Білімді, ұлтшыл, текті отбасылардан шыққан қазақтың қайсар ұл-қыздарының серпілуіне себеп болған сол кездегі жас студенттер Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжан сынды біртуар азаматтар болатын. Олар "Жас тұлпар" атты ұйым құрып, ең алдымен Мәскеуде оқитын 1438 қазақ жастарының басын қосты.

"Жас тұлпар" өзінің эмблемасын, туын жасады. Жастұлпарлықтардың үш түстен тұратын (қара, қызыл, көк) туына тұлпардың суреті салынған болатын. Осы туды сол тұста Мәскеуде білім алған белгілі қырғыз суретшісі Асаналы Бейшенов салған екен. Идеясы белгілі суретші Бахтияр Тәбиевтікі. Қара түнектен шығып, қызылды аттап, көкке жетеміз деген көкейдегі арманды ту еткен жастар кейіннен Ресейдің басқа қалаларында оқитын қазақ жастарын да осы ұйымға тарта бастады.

Алғашында әдеби, мәдени үйірме ретінде жұмысын бастаған бұл ұйым туралы сыбыс Қазақстандағы жастардың құлағына да жете бастады. Егемендікті армандауға да батылы бармаған қазақ жастарында үміт пайда болды. Жиындарда жастар қазақ ақындарының өлеңдерін оқып, тарих жайлы ой бөлісіп, ұлт мәселесін талқылайтын. "Жас тұлпардан" кейін еліміздің әр қаласында, айталық, Қарағандыда "Жас қазақ", Қостанайда "Жас түлек", Өскеменде "Ұлттық мамандарға әділеттілік тобы", Семейде "Тайшұбар", Павлодарда "Жас ұлан", Алматыда "Сарыарқа", Шымкентте "Адыр қасқырлары" секілді жасырын ұйымдар құрылып, жұмыс атқара бастады.

ІІ топ. Целиноград оқиғасы.

КСРО үкіметі 1979 жылдың 31 мамырында Қазақстан Компартиясы ОК Қазақстанда немiс автономиясын құру туралы құпия қаулы қабылдады. Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының бiрнеше ауданын бiрiктiрiп, Ерейментауды немiс автономиясының орталығына айналдыруды көздеген қаулы жария етiлмесе де, оның дайындық жұмыстарын жүргiзу қолға алынды. Құпия шешiм 1979 жылдың 15 маусымында әшкере болды. Өйткенi сол күнi Қазақстан Компартиясы ОК немiс автономиясын құру туралы шешiмiн бекiту тұрғысындағы ұсынысын КОКП ОК-iне жолдаған болатын. Бұл, әрине, жергiлiктi халықтың наразылығын тудырды.

1979 жылдың 16 маусымында таңғы сағат сегiзден бастап Ақмола көшелерiне топ-топ болып бас бiрiктiргендер шыға бастады. Қала көшелерiн кесiп өткен олар Ленин атындағы орталық алаңға жиналды. Қолдарына қазақ және орыс тiлдерiнде «Халықтар достығы жасасын!», «Қазақстандағы совет халқы iшкi шекарасыз өмiр сүредi!», «Қазақстан бөлiнбейдi!», т.б. ұрандар жазылған плакаттар ұстанған.

Алаңға жиналған демонстранттардың талабы үй iшiнен үй тiгiп, автономиялық облыс құру туралы қаулының күшiн жою болатын. Ал айтқан уәжi «егер немiстiң мемлекеттiк құрылымы қазақ жерiнде өмiрге келетiн болса, жергiлiктi екi халықтың арасына сына қағылады. Ұлтаралық қырғиқабақтық туып, алауыздық белең алады, бұрынғы достық дұшпандыққа айналады» болды. Сонымен Қазақстан Компартиясы ОК-нiң құпия қаулысына қарсы 16 маусымда алаңға шыққан жастар Кремльдiң құтын қашырды. «Автономия құру туралы шешiмнiң күшiн жоймайтын болса, бiз аянып қалмаймыз», – дестi олар. Сөйтiп билiкке өз шешiмiнен бас тарту туралы талаппен үш күн уақыт бердi. Яғни маусымның 19-ы күнi тағы да алаңға шығамыз, егер билiк шешiмiн өзгертпейтiн болса, маусымның 22-сi күнi «шырақты төңкерiс» жасауға дейiн барамыз дестi...

Кейбiр дерек көздерiне қарағанда, алғашқы күнi алаңға шыққандар саны бес жүзден бес мыңға дейiн жеткен. Өйткенi сол күннiң өзiнде алаңда ғана емес, көше-көшелерде, тiптi үй-үйдi аралап, автономия құру мәселесiне қарсы көптi тiзе қосуға шақырған шерушiлер жүр едi.

Осылайша көптiң толқуынан сескенген Целиноград обкомының бiрiншi хатшысы Николай Морозов пен облыстық атқару комитетiнiң төрағасы Жұмахметов трибунаға көтерiлдi. Морозов Мәскеумен тiкелей хабар ала отырып, немiс автономиясы құрылмайтынын мәлiмдедi...

ІІІ топ. Олжас Сүлейменов «Аз и Я» кітабы туралы

1975 жылы «Жазушы» баспасынан өте сирек кездесетін және ерекше «Аз и Я» деген атпен О.Сүлейменовтің кітабы жарық көрді. Онда автор көне славян және түркі ескерткіштерін зерттеген еді. Бұл кітаптың ой тағылымынан туындаған, жалпы тілтану ғылымынан алшақ ақ ниетті оқырмандарға арналған. Автор шыққан кітабының өзі түгіл таратылып үлгермей жатып, есімдері әлемге белгілі мәскеулік ғалымдар мен сыншылдардың орынсыз шабуылына душар болды. Олар кітапты «антирусский» деп жариялап үлгерді. «Москва», «Жас гвардия», «Тарих мәселесі», тағы басқа Ресей журналдары бұл кітапты ұлтшылдық қатарына жатқызды. Орталық қаһарына іліккен аталмыш кітапты дүкен сөрелерінен, кітапханалардан алып тасталынды. Осылайша жазықсыз кітап. 1976 жылы 13 ақпанда кітапты КОКП Орталық комитетінің үш бөлімі: ғылым, мәдениет, үгіт және насихат талқыға салды. Оған орыстың мықты деген тілтану ғалымдары қатысты. Талқылау біржақты, айыптау бағытында өтті. Белгілі академиктер Д.С.Лихачев, Б.А.Рыбаков және басқалары кітапты былай қойып, автордың жеке басына тиісті.

Олардың қынжылу себебі ақынның көне славян жазбасы «Игорь жасағы туралы жыр» туралы айтқан кейбір пікірлері. Сондай-ақ О.Сүлейменов «Жырға» талдау жасап, кейбір «көлеңкелі тұстарына» жеке пікір білдіргені оларға тағы ұнамады. Ал оның түпнұсқасына күмән келтіргені ғалымдарды одан сайын түршіктірді.

Орталық Комитеттің бюросы «Аз и Я» кітабын басып шығарған Геннадий Толмачевқа партияның есеп кітапшасына қатаң сөгіс жариялап жазып, ал Олжас Сүлейменовке ескерту жасады. Мәжіліс соңында Д.А.Қонаев ақынның жаңа өлеңдер мен поэмалар жазуына тілектестік білдірді.

Міне, бір кездері Шығыс халықтарының рухын көтерген «Аз и я» кітабын қазір бүкіл ғылым әлемі мойындап, кейбір көне тарихи сөздеріне берген түсініктемелерін ғылыми айналымға енгізді.


Дескриптор

Тапсырмаларды анализдеу

Жас тұлпар» ұйымы, құрылған жаңа ұйымдар туралы біледі

Целиноград оқиғасының тарихи маңызына баға береді

Олжас Сүлейменов «Аз и Я» кітабы туралы түсінік береді

Зерттеу және талдау

(Д/Ж) 1977 жылы қабылданған Констиутциясынан кейбір баптары ұсынылып отыр, осы баптардың іс жүзіндегі орындалысы бойынша дәлелдер келтіруге тапсырма


Конституция негізінде

Іс жүзінде

5 бап. Мемлекет өміріндегі маңызыды сұрақтар халықтық талқылауға ұсынылып, дауыс беру арқылы (референдум) жүргізіледі.


78 бап. КСРО мен РСФСР заңдары бойынша автономиялық республикалар өзінің ішкі жағдайындағы мәселелерді дербес шешеді.


78 бап. Маңызды мәселер халықтық депудаттар кеңесінде қарасытырылып, сессияларында шешімдер қабылданады


46 бап. КСРО азаматтары мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға, ұлттық және жергілікті маңызы бар заңдар мен шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысуға құқылы.



Қорытынды:

Дескриптор

Деректерге аргументтер келтіреді

Ж Оқушыларға Д.Қонаев пен Ж.Тәшенов туралы ақпарат ұсынып, келесі сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастырыңыз.

1. Тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін қалай бағалайсыз?

2. Тұлғалардың өмір сүрген кезіндегі Кеңестік идеология?

3. Қазақ халқының ұлттық мүдесін қорғаудағы қызметіне баға беріңіз.


Бағалау оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды




Қазақстан тоқырау жылдары.

https://www.youtube.com/watch?v=3I-LT1kfqqo


Время, когда правил Брежнев — «застой» или «золотая эпоха» (часть 2)?Время, когда правил Брежнев — «застой» или «золотая эпоха»

http://inance.ru/2016/04/breznev-02/



Әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар.

http://e-history.kz/kz/contents/view/852


советские карикатурысоветские карикатуры

https://www.google.kz/search?q=советские+карикатуры&es_sm=93&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=NDqIU6zWCOSM4gTku4DIDg&ved=0CCkQsAQ



Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.


Қазақстан тарихы. Алматы. Атамұра. 2010ж. 4 том.


С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті жарғы, 2012.


Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012.


К. Бегалин. Империя құрамында. – Алматы: Аруна, 2013.


Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғ. өзекті мәселелері. Өнер, 2014


Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010


Козыбаев М. К., Алдажуманов К. С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. Адилет, 1997


Көркемсуретті Қазақстан тарихи: ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. 4 т.: Қазақстан ХХ ғасырдың екінші жартысынан біздің уақытымызға дейін / құраст. - авт. О. Жанайдаров; қазақ тіліне ауд. Т. Б. Рсаев; бас сурет. Л. И. Тетенко. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. - 312бет: сурет.





















Сабақтың соңы




Үйге тапсырма


Қорыту

Интерпретация:

Д Сабақтың соңында «ХХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ халқының ұлттық мүддесі қорғалды» пікірімен қаншалықты келісесіз.

Критерийлер:

- Өзінің позициясын білдіреді;

- Позициясына нақты дәлелдер келтіріп түсіндіреді;

- Қорытынды ой-түйін жасайды.


1965-1985 жылдар «тоқырау» кезеңі эссе



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?






Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексияСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1

2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
7850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі