жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
XX ғ. ІІ жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?
Тарих әдістемелік бірлестік жетекшісі:_______________ Сүлейменова Г.М.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : 10.2 А. Қазақстан Тоқырау кезеңінде (1965-1985 жж.) |
Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ |
||||||||||||||
Күні:05.12.2019ж Сынып: 10 |
Мұғалімнің аты-жөні: ҚасымбековА.С Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
XX ғ. ІІ жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды? |
||||||||||||||
Кәсіби даму мақсаты |
Тарихи деректерді қолдана отырып оқушылардың жазылым дағдысын дамыту. |
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау 10.3.1.4 – әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру; 10.3.1.2 – мемлекет қайраткерлерінің, соның ішінде Д.Қонаев пен Ж.Тәшеневтің қызметтеріне баға беру; |
||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын анықтау. |
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
1965 жылғы экономикалық реформалардың негізгі мақсаттары ... Тоқыраудың негізгі себептері... Қазақ зиялыларының арасында наразылық туындау себептері... КСРО-ның ұлттық саясатының кемшіліктері.... Қорыта айтқанда... |
||||||||||||||
Жаһандық азаматтық |
Ұлы тұлғалардың қызметтерін бағалау. |
||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну - патриотизм - ұлттық сана-сезім - тәуелсіздік - ар-ождан бостандығы |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ әдебиеті. |
||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта. Ғаламтор ақпараттары. |
||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Тоқырау туралы біледі. |
||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы |
Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату. БЫМ) «Мағынаны тану» әдісі бойынша «Ұлттық мүдде» сөзін интерактивті тақтаға шығарып кластер жасатамын. Әр жылдардағы ұлттық мүдденің қорғалуы бойынша білімдерін еске түсіреді. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырамын. |
Интербелсенді тақта
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Зерттеу сұрақтары: Тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өзгерістер қазақ халқына қаншалықты әсер етті? (Т) Тоқырау жылдарындағы ҚазақКСР-ғы маңызды оқиғаларды «R5 маңыздылығы» әдісі бойынша талдауды ұсыныңыз. І топ. «Жас тұлпар» ұйымы ІІ топ. «Целиноград оқиғасы» ІІІ топ, О.Сүлейменов «АЗиЯ» кітабы IV топ. Д.А.Қонаев ғасыр саңлағы V топ. Ж. Тәшенев-ұлт мүддесін қорғаушы Дискриптор: «Жас тұлпар» ұйымының негізгі мақсатын анықтайды «Целиноград оқиғасы» шығу себебін анықтайды. О.Сүлейменов «АЗиЯ» кітабының негізгі мақсатын анықтайды. Д.А.Қонаев және Ж. Тәшенев қызметтеріне баға береді. (Кенестетикалық және визуалді қабілетті оқушылар өз мүмкіндіктерін көрсете алады) І топ. «Жас тұлпар» ұйымы туралы 1963 жылы Мәскеуде білім алған бір топ жас қазақ ұлтының тамырын іздеп, ертеңіне алаңдаушылық танытып, ұлттық мүдде үшін күресуге бел буған еді. Білімді, ұлтшыл, текті отбасылардан шыққан қазақтың қайсар ұл-қыздарының серпілуіне себеп болған сол кездегі жас студенттер Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжан сынды біртуар азаматтар болатын. Олар "Жас тұлпар" атты ұйым құрып, ең алдымен Мәскеуде оқитын 1438 қазақ жастарының басын қосты. "Жас тұлпар" өзінің эмблемасын, туын жасады. Жастұлпарлықтардың үш түстен тұратын (қара, қызыл, көк) туына тұлпардың суреті салынған болатын. Осы туды сол тұста Мәскеуде білім алған белгілі қырғыз суретшісі Асаналы Бейшенов салған екен. Идеясы белгілі суретші Бахтияр Тәбиевтікі. Қара түнектен шығып, қызылды аттап, көкке жетеміз деген көкейдегі арманды ту еткен жастар кейіннен Ресейдің басқа қалаларында оқитын қазақ жастарын да осы ұйымға тарта бастады. Алғашында әдеби, мәдени үйірме ретінде жұмысын бастаған бұл ұйым туралы сыбыс Қазақстандағы жастардың құлағына да жете бастады. Егемендікті армандауға да батылы бармаған қазақ жастарында үміт пайда болды. Жиындарда жастар қазақ ақындарының өлеңдерін оқып, тарих жайлы ой бөлісіп, ұлт мәселесін талқылайтын. "Жас тұлпардан" кейін еліміздің әр қаласында, айталық, Қарағандыда "Жас қазақ", Қостанайда "Жас түлек", Өскеменде "Ұлттық мамандарға әділеттілік тобы", Семейде "Тайшұбар", Павлодарда "Жас ұлан", Алматыда "Сарыарқа", Шымкентте "Адыр қасқырлары" секілді жасырын ұйымдар құрылып, жұмыс атқара бастады.
дереккөзі:
http://e-history.kz/kz/contents/view/4819 ІІ топ. Целиноград оқиғасы. КСРО үкіметі 1979 жылдың 31 мамырында Қазақстан Компартиясы ОК Қазақстанда немiс автономиясын құру туралы құпия қаулы қабылдады. Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының бiрнеше ауданын бiрiктiрiп, Ерейментауды немiс автономиясының орталығына айналдыруды көздеген қаулы жария етiлмесе де, оның дайындық жұмыстарын жүргiзу қолға алынды. Құпия шешiм 1979 жылдың 15 маусымында әшкере болды. Өйткенi сол күнi Қазақстан Компартиясы ОК немiс автономиясын құру туралы шешiмiн бекiту тұрғысындағы ұсынысын КОКП ОК-iне жолдаған болатын. Бұл, әрине, жергiлiктi халықтың наразылығын тудырды. 1979 жылдың 16 маусымында таңғы сағат сегiзден бастап Ақмола көшелерiне топ-топ болып бас бiрiктiргендер шыға бастады. Қала көшелерiн кесiп өткен олар Ленин атындағы орталық алаңға жиналды. Қолдарына қазақ және орыс тiлдерiнде «Халықтар достығы жасасын!», «Қазақстандағы совет халқы iшкi шекарасыз өмiр сүредi!», «Қазақстан бөлiнбейдi!», т.б. ұрандар жазылған плакаттар ұстанған. Алаңға жиналған демонстранттардың талабы үй iшiнен үй тiгiп, автономиялық облыс құру туралы қаулының күшiн жою болатын. Ал айтқан уәжi «егер немiстiң мемлекеттiк құрылымы қазақ жерiнде өмiрге келетiн болса, жергiлiктi екi халықтың арасына сына қағылады. Ұлтаралық қырғиқабақтық туып, алауыздық белең алады, бұрынғы достық дұшпандыққа айналады» болды. Сонымен Қазақстан Компартиясы ОК-нiң құпия қаулысына қарсы 16 маусымда алаңға шыққан жастар Кремльдiң құтын қашырды. «Автономия құру туралы шешiмнiң күшiн жоймайтын болса, бiз аянып қалмаймыз», – дестi олар. Сөйтiп билiкке өз шешiмiнен бас тарту туралы талаппен үш күн уақыт бердi. Яғни маусымның 19-ы күнi тағы да алаңға шығамыз, егер билiк шешiмiн өзгертпейтiн болса, маусымның 22-сi күнi «шырақты төңкерiс» жасауға дейiн барамыз дестi... Кейбiр дерек көздерiне қарағанда, алғашқы күнi алаңға шыққандар саны бес жүзден бес мыңға дейiн жеткен. Өйткенi сол күннiң өзiнде алаңда ғана емес, көше-көшелерде, тiптi үй-үйдi аралап, автономия құру мәселесiне қарсы көптi тiзе қосуға шақырған шерушiлер жүр едi. Осылайша көптiң толқуынан сескенген Целиноград обкомының бiрiншi хатшысы Николай Морозов пен облыстық атқару комитетiнiң төрағасы Жұмахметов трибунаға көтерiлдi. Морозов Мәскеумен тiкелей хабар ала отырып, немiс автономиясы құрылмайтынын мәлiмдедi...
Дереккөзі: http://e-history.kz/media/scorm/294/368/text/text.htm
ІІІ топ. Олжас Сүлейменов «Аз и Я» кітабы туралы 1975 жылы «Жазушы» баспасынан өте сирек кездесетін және ерекше «Аз и Я» деген атпен О.Сүлейменовтің кітабы жарық көрді. Онда автор көне славян және түркі ескерткіштерін зерттеген еді. Бұл кітаптың ой тағылымынан туындаған, жалпы тілтану ғылымынан алшақ ақ ниетті оқырмандарға арналған. Автор шыққан кітабының өзі түгіл таратылып үлгермей жатып, есімдері әлемге белгілі мәскеулік ғалымдар мен сыншылдардың орынсыз шабуылына душар болды. Олар кітапты «антирусский» деп жариялап үлгерді. «Москва», «Жас гвардия», «Тарих мәселесі», тағы басқа Ресей журналдары бұл кітапты ұлтшылдық қатарына жатқызды. Орталық қаһарына іліккен аталмыш кітапты дүкен сөрелерінен, кітапханалардан алып тасталынды. Осылайша жазықсыз кітап. 1976 жылы 13 ақпанда кітапты КОКП Орталық комитетінің үш бөлімі: ғылым, мәдениет, үгіт және насихат талқыға салды. Оған орыстың мықты деген тілтану ғалымдары қатысты. Талқылау біржақты, айыптау бағытында өтті. Белгілі академиктер Д.С.Лихачев, Б.А.Рыбаков және басқалары кітапты былай қойып, автордың жеке басына тиісті. Олардың қынжылу себебі ақынның көне славян жазбасы «Игорь жасағы туралы жыр» туралы айтқан кейбір пікірлері. Сондай-ақ О.Сүлейменов «Жырға» талдау жасап, кейбір «көлеңкелі тұстарына» жеке пікір білдіргені оларға тағы ұнамады. Ал оның түпнұсқасына күмән келтіргені ғалымдарды одан сайын түршіктірді. Орталық Комитеттің бюросы «Аз и Я» кітабын басып шығарған Геннадий Толмачевқа партияның есеп кітапшасына қатаң сөгіс жариялап жазып, ал Олжас Сүлейменовке ескерту жасады. Мәжіліс соңында Д.А.Қонаев ақынның жаңа өлеңдер мен поэмалар жазуына тілектестік білдірді. Міне, бір кездері Шығыс халықтарының рухын көтерген «Аз и я» кітабын қазір бүкіл ғылым әлемі мойындап, кейбір көне тарихи сөздеріне берген түсініктемелерін ғылыми айналымға енгізді. Дереккөзі: Әмірхан БӘКІРҰЛЫ https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-24736 Зерттеу және талдау: (Д) Берілген оқиғалардың талдап болған соң, осы оқиғалардың салдарларын талдауға тапсырма беремін.
Зерттеу және талдау (Д/Ж) 1977 жылы қабылданған Констиутциясынан кейбір баптары ұсынылып отыр, осы баптардың іс жүзіндегі орындалысы бойынша дәлелдер келтіруге тапсырма беріңіз.
(Кенестетикалық және визуалді қабілетті оқушылар өз мүмкіндіктерін көрсете алады) Ж Оқушыларға Д.Қонаев пен Ж.Тәшенов туралы ақпарат ұсынып, келесі сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастырамын.
Интерпретация: Д Сабақтың соңында «ХХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ халқының ұлттық мүддесі қорғалды» пікірімен қаншалықты келісесіз. Критерийлер:
Қорытынды ой-түйін жасайды.
|
«Жас тұлпар дүбірі» кітабы оқырманға жол тартты https://www.youtube.com/watch?v=u0ulDMsmT8U
Неміс автономиясы туралы ақпарат. http://e-history.kz/media/scorm/294/368/text/text.htm
Қазақ КСР-ң 1978 жылғы Конституциясы. http://constitution.garant.ru/history/ussr-rsfsr/1978/red_1978/5478721/
КСРО-ның 1977жылғы конституциясы http://constitution.garant.ru/history/ussr-rsfsr/1977/red_1977/5478732/
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
О.Сүлейменов туралы мәлімет http://www.tarih-begalinka.kz/ru/history/independent/figures/suleimenov/
Слово о полку Игореве ⁄ Аз и Я Олжас Сулейменов https://www.youtube.com/watch?v=YThTM47oW7s
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.
Б.Аяған, Х.М. Абжанов, Д.А.Махат Қазіргі Қазақстан тарихы. Алматы. Раритет. 2010
http://www.youtube.com/watch?v=-pbGPc8fJyg Д.Қонаев мұражайы (3 мин)
Д.Қонаев. «Өтті дәурен осылай». А.,1992.
Д.Кунаев. «От Сталина до Горбачёва».А.,1994.
Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: Санат, 1994.
Қосымша: Д.Қонаевтың өсиеттері: «Өмір – теңіз. Ол үнемі құлаққа ұрған танадай тып – тыныш қалыпта тұрмайды. Дауыл тұрған кезде тап болсаң, асау толқындар түпсіз тұңғиыққа да батырады, жағалауға да лақтырып тастайды. Онда соған шыдас бергендер ғана ғұмыр кешеді. - Көргенді жақсы ғана көңілдегідей іс тындырады. - Елді ерте білген мықты емес, ерді пана тұтып, сенім арта білген ел – мықты. - Жаңылмайтын адам жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. - Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде жан таппайды екенсің. - Жалпы, алауыздықтан бойды аулақ салғанға не жетсін?! - Адамның атынан гөрі жаман атына қаңқу сөз үйір келеді, сондықтан лайымда жақсы іс қылу керек». Топтарға таратып беруге болады.
С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті жарғы, 2012.
Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012.
К. Бегалин. Империя құрамында. – Алматы: Аруна, 2013.
Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғ. өзекті мәселелері. Өнер, 2014
Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс:
|
|
|||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
|
|
|
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
|
|||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген