XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара. Жаратылыстану бағытындағы пәндерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайыстың

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, әділқазы алқасы мен оқытушылар !

2-жүргізуші: «Жаратылыстану пәндері» апталығына орай ұйымдастырылып отырған апталыққа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бүгін сіздер 1 курс білімалушылар арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар.

2-жүргізуші:

Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын —

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыс бұрын, бүгінгі ойынның әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: 1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

1-жүргізуші:

Өнер мен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде,

Өзіндік менің үнім бар.

Білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін.

2-жүргізуші:

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

«БӘЙГЕ»

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз

дей келе  біз  келесі  кезең БӘЙГЕ  кезеңін бастайық.

1-жүргізуші: Ойынның шарты.

2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 5 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа 5 секунд уақыт беріледі.

2-жүргізуші:



1 студент

1.Квадраттың қабырғасы 8 см. Периметрі нешеге тең? ( 32)

2.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар не деп аталады?(Күрделі заттар)

3. Астана қаласының ортасында ағып жатқан өзен(Есіл)

4. Астраномия нені зерттейді? (аспан денелерін)


2 студент


1. Толық бұрыштың градустық өлшемі неге тең?   ( 360)

2. Коэффицент нені көрсетеді?(молекула санын көрсетеді)

3. Қазақтың тұңғыш географ - ғалымы (Ш.Уалиханов)

4. Дене дегеніміз? (кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе)


3 студент

1. 7 жай сан ба, құрама сан ба?( жай)

2. Күкірт қандай валенттілік көрсетеді? (2,4,6)

3. Жердің үстіңгі қатты қабығы қалай аталады?(литосфера)

4.Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)



4 студент

1. Екі санның теңдігі (пропорция)

2.Металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?(Тұздар)

3.Дүние жүзіндегі ең биік тау (Гималай)

4.Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым? (И.Ньютон)

5 студент

1.Тәуліктің төрттен бір бөлігі (6 сағат)

2.Атомдардың белгілі бір түрі?(Элемент)

3.Жер шарындағы ең үлкен ойпат(Амазонка)

4.Тоқ қүшін өлшейтін құрал? (амперметр)


6 студент

1.Қабырғасы 4 см шаршының ауданы (16 )

2. Қаның құрамына кіретін металл?(Темір)

3.Қазақстан неше елмен шектеседі?(5)

Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Түркіменстан)

4.Электр кернеуін өлшейтін құрал? (вольтметр)


7 студент


1.75 пайызы санның қандай бөлігі          (3/4)

2.Судың салыстырмалы молекулалық массасы?(18)

3. Д.Ж ең үлкен мұхит (Тынық 180 млн.км кв)

4. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама? (Күш)



2-жүргізуші: «Дода» кезеңінің шарттары.

4 білімалушы қатысады. Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.  Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады.
Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.


Математика

20 . 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)

30. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)

40. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)


Физика

20.     Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон)

30.     Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

40.     Дисперсия құбылысы дегеніміз не ?(Жарықтың спектрге бөлінуі)

Химия

20. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Резерфорд)
30. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
40. Металдардың бұзылуы. (коррозия)

География

20     Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)

30.     Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)

40    АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)

Информатика

20.     Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)

3.     Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(0Антивирус)

40.     Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoftкомпаниясының президенті ?(Билл Гейтс) 


 ҮШІНШІ

Ұлы тұлғалар ”

Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын,
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын, — деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.Ұпай саны ең аз ойыншы бірінші болып сұрақ таңдайды.
Дұрыс жауап бермеген жағдайда сұраққа жауап беру қарсыластарына беріледі.

  1. Дмитрий Иванович Менделеев Орыс ғалымы, 1834 жылы 8 ақпанда Тобольскіде дүниеге келген , отбасында он жетінші бала болған. ( Дмитрий Иванович Менделеев)

  2. Швеция және Болонья Ғылым академияларының Құрметті мүшесі болған, 1711 жылы 19 қарашада Архангельск маңындағы Мишанинское ауылында дүниеге келген. Заттар массасының сақталу заңының ашқан ғалым. (Михаил Васильевич Ломоносов)

  3. 1727 наурыздың 31-і күні дүниеге келген ағылшын ғалымы. Денелердің күші, жылдамдығы мен қозғалысына қатысты 3 заңы бар. (Исаак Ньютон)

ҚОРЫТЫНДЫ.

Ақыл керек білім таңдап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, нұрын саған шашатын.


Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды. Сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.06.2023
316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі