400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"XXІ ғасыр жас технологі"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың білімін тексеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«XXІ ғасыр жас технологі».

Құрметті ұстаздар мен оқушылар !

«XXІ ғасыр жас технологі» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділерін күш сынасуға келіп отыр, ортаға  болашақ жас технологтарын шақырамыз.

Ал, осы жерден әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.

(ол үш адамнан тұрады.)

6-7-8 сынып оқушылары арасында дайындалған

«XXІ ғасыр жас технологі» сайыс сабағымызға алты оқушымен бастаймыз.

Оқушылар өзі жайлы таныстырады.

  1. « Бәйге »

  2. « Тіл өнері »

  3. « Жеті жұмбақ »

  4. « Жорға »

Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға , үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша, бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық өте қажет.

Сонымен бәйге жарысының шарты: жауап нақты , тез болу керек. Қай оқушы алдындағы түймені басып дауысын шығарса, сол бірінші болып жауап береді. Ал, егер жауап дұрыс болмаса келесі оқушы деген менің сөзімнен кейін дауыс шығаратын түймені бірінші басқан оқушы жауап береді.

Барлығы 16 сұрақ беріледі, бағалануы 10 ұпай.

Сонымен бірінші « Бәйге » бөлімін бастаймыз.

  1. Жасайтын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу

  2. Кереге мен шаңырақты бір-бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлігі

  3. Мақта қай талшыққа жатады ?

  4. Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе

  5. Өлшемнің неше есе үлкейтілген немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер

  6. Қазақстанда мақта өсетін аймақ

  7. Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады?

  8. Құрақ қандай фигуралардан тұрады ?

  9. Ою-өрнек латынша қандай мағына береді ?

  10. Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауыт бар ?

  11. Мода сөзінің аудармасы

  12. Ақ киізден тігілетін жаздық баскиім

  13. Этникалық стильге жататын киім

  14. Қалыңдық киетін бас киім

  15. Ылғалды жылумен өңдейтін күнделікті тұрмыста қолданылатын зат

  16. Қалдық матадан не істеуге болады ?

Міне көзді ашып жұмғанша бірінші бөліміміз  аяқталды.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл-өнері».

Жарыстың шарты: мақал-мәтелдерден жасырылған сөзді жұмбақтың жауабын тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аудару керек. Әрбір жауап үшін 10 ұпай. Осы жарыста ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

Сөнімен екінші бөлімді бастаймыз.

« Жұмбақ шешу»

  1. Аяғым бар , қолым жоқ.

Омыртқам бар, қоңым жоқ.

Көріп келем жасымнан,

Ұрады жұрт басымнан.



2.Көзіне қол сұқсақ, жағы ашылады.

3.Бәрі де бір күнде туылған,

Бірақ бойлары әр қилы

4.Кіре салыпбасын шығарады

5.Осыдан кіреді , тосынан шығады

6.Адамның сәні , онсыз жоқ мәні.

7.Бар екен бір жеңешем,

Қап-қара тас, жемейді ,  ішпейді де, болмайды-да.

Халықтың бәрін киіндіріп, дүниеден

Өткен өзі жап-жалаңаш.

  1. Өлеңшінің …… алтын

  1. Жігітке жеті ……де аз.

 

Келесі бөлімді бастамас бұрын әділқазылардан «Тіл өнері» жарысының бағасын беруді сұраймыз. Өкінішке орай, жарыстың аты жарыс, алғашқы екі ойында жинаған ұпайлары төмен екі оқушы ойынға қатысып, өз білімін сынға салғаны үшін сіздермен қош айтысамыз.

Ал енді келесі түрымыз «Жеті жұмбақ» сайысын бастаймыз. Ойын шарты бойынша осы жарыстан кейін екі оқушы ойыннан шығады . «Жеті жұмбақ» жарысының шарты : мониторда сандар ілінген сұрақтар. 4 сала бойынша сұрақ  ұпай санын білдіреді. Сонымен үшінші «Жеті жұмбақ» бөлімін бастаймыз.

І.  Ою-өрнек саласы:

  1. Хандар ман байларға арналған шапанның арқасына қандай ою зерделенген ?

  2. Оюларды мән мақсатына қарай қандай топтарға болуге болады ?



  1. Ою-өрнек мағыналарын ажыратып, оюларды сөйлете аласың ба?

ІІ. «Тамақ әзірлеу технологиясы»

1.Балық фаршынан дайындалатын тағам

2.Үй жағдайында нан қанша градус температурада  піседі

  1. Адам қуат алу үшін ұлаплардың түзілуі мен қайтадан қалпына келуі үшін физиологиялық процестердің жүруі үшін не қажет ?

ІІІ. Мода

  1. Силуэт дегеніміз не ?

  2. Мода неге байланысты өзгеріп отырады ?

  3. Этникалық стильге жататын киім

ІV . Ұлттық киімдерге байланысты сұрақтар.

  1. Қасқыр,түлкі, қарсақ сияқты аңдар терісінен тігілген тон

  2. Қазақтар қай бас киімді аруға лайық деп білген ?

Әділқазылар алқасынан «Жеті жұмбақ» сайысының бағасын беруін сұраймыз. Ұпайы төмен екі оқушыға ойынға қатысып, өз білмін сынға салғаны үшін рахметімізді айтып қоштасамыз.

Біздің келесі турымыз «Жорға» жарысы ең шешуші кезең болып табылады.

«Жорға» жарысының шарты:

Дұрыс жауапты білмесеңіз «келесі »деп белгі беріңіз, әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беіледі.

«XXІ ғасыр жас технологі» сайысындағы соңындағы екі оқушы А және Б нұсқаны таңдайды. Кімге А нұсқасы түссе жарысты бірінші бастаймыз.

А нұсқасы:

  1. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді ?

  2. Адамды жалықтырып еріншіктікке итеретін құбылыс.

  3. Қағаз дайындауға қажетті шикізат

  4. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі.

  5. Төсектің тұсына ұстайтын үй жасауы ?

6.Киіз үйдің ағаш есігі ?

7.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күн

8.Сегіз жердегі тоғызым.

9.Киіз үйдің қабырғасы

10.Жүн иіретін құрал

  1. Қалдық матадан не істеуге болады ?

  1. Табиғи жасалатын өнер тұындысы

  1. Мақтадан не алынады ?

  1. Өлшеушы құрал

  1. Теріден жасалатын сұсын құюға арналған ыдыс ?

  1. Конституция күні

  1. Тамыр жемісті дақыл

  1. Еліміздің ел басы кім ?

  1. Қола дәуіріндегі шеберлер саз балшықтан жасалған құмыраларды қай өрнектермен әрлеген ?

Б нұсқасы:

  1. Шұбат қай түліктің сүті ?

  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ?

  3. Мата шығатын өсімдік

  4. Шаңырақ киіз үйдің қай бөлігі

  5. Түс киізді неге пайдаланамыз ?

  6. Сықырлауық киіз үйдің қай бөлігі

  7. 16-желтоқсан қандай күн ?

  8. Алты жердегі тоғызым

  9. Ұршықпен не істейміз ?

  10. Кереге киіз үйдің несі ?

  11. Құрақты қандай матадан жасаймыз ?

  12. Үйдің ішін сәндеу үшін лілнетін панно неден жасалады ?

  13. Мата шығатын өсімдік

  14. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды ?

  15. Торсық пен саба неден жасалады ?

  16. 30 тамыз қандай күн ?

  17. Сәбіз , картоп қандай жемісті дақыл ?

  18. Н.Назарбаев кім ?

  19. Геометриялық өрнектермен жасалған құмыраларды шеберлер қай дәуірде жасаған ?

Екі ойыншымыздың жауаптарын тыңдадыңыздар. Жорға сайысының бағасын берулеріңізді сұраймын.

Өз өнерлерін көрсету.

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді.

Дегендей осымен «XXІ ғасыр жас технологі» атты сайысымыз мәреге жетті. Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөзді әділқазы алқасына береміз.

 

 

 

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі