400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

XXI ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Зияткерлік сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:XXI ғасыр көшбасшысы

Сабақтың мақсаты:1.Сынып оқушыларынан білгір,интеллектуалдық,даму деңгейі жоғары дүниетанымы ой-өрісі кең оқушыны анықтау2..Оқушылардың бойына білімге,білуге деген танымдық белсенділіктерін дамыту.3.Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,нақыл сөздер,тест тапсырмалары.

Сабақтың түрі:зияткерлік ойын

Сабақтың барысы:Құрметті «XXI ғасыр көшбасшысы»зияткерлік сайысқа жиналған қауым.Бүгін 1 а сынып оқушылары өздерінің білімдерімен күш сынасуға келіп отыр.ХХI ғасыр –Ғылым мен Білімнің ғасыры деп Елбасымыз айтқандай біз осы сайыс арқылы өз сыныбымыздың «XXI ғасыр көшбасшысын» тауып алмақпыз.

Өзінің кім екенін танытатын,

«Дарынды» аты қандай жарасымды-ай.

Суырылып топтан озып шыға алатын

Болсашы-ай шәкірттердің бәрі осындай,-деп жүректен шыққан жылы лебіздер арқылы шын ниетпен сайысқа қатысатын оқушылармен таныстырып өтейін.Бүгінгі сайысқа қатысатын 6 оқушының 6-да сабақты жақсы оқитын әрі сынып белсенділері.

1 Өксікбай Нұртай Өрнекұлы сыныбымыздың топ басшысы,сабақты өте жақсы оқиды,спортпен айналысқанды ұнатады.

2 Кудайберген Хафиза Арыстанбекқызы сыныпта гүлге жауапты.Сабақты өте жақсы оқиды,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.Әдепті,үлгілі оқушы.Сурет салғанды ұнатады.

3Жексенқұл Айбике Тынысқызы сыныбымыздың мәдениет секторы.Сабақты өте жақсы оқиды.Би билегенді ұнатады.

4 Шінасіл Нұрым Серикжанұлы сыныбымыздың тәртіп секторы.Сабақты жақсы оқиды.Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады,спортпен шұғылданғанды ұнатады.

5 Жолшыбек Диас Жанболатұлы сыныбымыздың ақпараттық секторы.Сабақты өте жақсы оқиды.Үлгілі,тәртіпті,оқушы.Сурет салғанды ұнатады.

6 Гайдарқызы Нұрлана сыныбымызда тазалық секторы.Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.Үлгілі,тәртіпті оқушы.Музыка тыңдағанды ұнатады.

Біз ойыншыларымызбен танысып алдық.Осы сайыскерлеріміздің құрметіне ду қол шапалақ.

Сайыс бар ма қазыларсыз ағасыз,

Оның әрбір сөздеріне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі

Адамдардан әділдікті табарсыз-дей отырып төрдегі әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Аманбаева Әсем Әбдекқызы

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Садуақасов Мұрагер Есенқұлұлы

3.Директордың ғылым и –әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары:Сулейманова Гулнара Өмірзаққызы.

4.Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі:Садыханова Айнұр Асқарқызы

Әділқазылар алқасын сайлап алдық.Әділқазылар алқасы әр сайыс бөлімінен кейін қорытынды жасап отырады.Ойын соңында ұпайы көп оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы»атанады. Келесі кезекте бүгінгі сайысымыздың іс-жоспарымен таныстырып кетейін.

Ойын 5 бес кезеңнен тұрады.

1.Кезең «Бәйге»

2.Кезең «Ойлан,тап!»

3.Кезең «Ғажайып алтылық»

4.Кезең «Тапқыр болсаң,талас жоқ!»

5.Кезең «Жорға»

Ал балалар іске сәт,енді ойынымызды бастаймыз.

I.кезең «Бәйге» бұл кезеңде 30 сұрақ бар.1 сұраққа 3 ойыншыдан қатысады.1-ші №1 ,№2, №3 ойыншы ойынды бастайды.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қосылады.Сенімдерің серік болсын.

1.Жылдың неше мезгілі бар? 4

2. 5 жұмыртқа 5 минутта піседі.1 жұмыртқа неше минутта піседі. 5 минут

3. Есеп шығаруға үйрететін оқулықтың аты? Математика

4.Жеті атаңды ата?

5.Қазақстан Республикасының президенті елбасымыз кім? Н.Ә.Назарбаев

6. 1 кг темір мен 1 килограмм мақтаның қайсысы ауыр? Бірдей

7.Азайту амалындағы сандар қалай аталады? Азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні.

8.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата? Ту,елтаңба,гимн

9.Қ.Р.Мемлекеттік тілі қай тіл? Қазақ тілі

10.Екі аяғымен тұрған тауықтың салмағы 4 кг,ал бір аяғымен тұрған тауықтың салмағы қанша? 4 кг

11.Қандай математикалық амалдарды білесің? Қосу,азайту

12.Самал мен Айгүл құрдас.Самал сегізде. Айгүл нешеде? 8

13.Екі сабақтың арасындағы бос уақыт? Үзіліс

14 . 10-ға дейін тура бағытта сана 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

15. Сегіз бен екі сандарының қосындысы? 10

Ойынды №4, №5, №6 ойыншы ойынды жалғастырады.

1.10-нан 1-ге дейін кері бағытта сана 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,

2.Түйе сүті қалай аталады? Шұбат

3. Қандай математикалық таңбаларды білесің? Артық,кем,тең

4.Қазір жылдың қай мезгілі? Күз

5. Сиырдың төлі қалай аталады? Бұзау

6.Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш? Тік төртбұрыш

7. 2 орындықтың аяғы нешеу ? 8

8. Он мен үш сандарының айырмасы? 7

9.Қосу амалындағы сандар қалай аталады?

Қосылғыш, қосылғыш,қосындының мәні

10.Сиырдың төлі қалай аталады? Бұзау

11.Ең үлкен бір таңбалы сан? 9

12.Циркте ең күлкілі әртіс кім? Сайқымазақ.

13.Бірге бірді қосқанда қандай жағдайда 3 болады? Қателесіп қосқанда

14. Тудың түсі? Көк

15. Төрт түлікті ата? Жылқы,сиыр,қой,ешкі,түйе

Әділқазылар алқасы бәйге бөлімі бойынша әр ойыншының ұпай санын айтсаңыздар.Ойынымызды жалғастырайық.



























II кезең «Ойлан, тап»

Әр сайыскерге 2 жұмбақ есептен беріледі.Жұмбақтың шешулерін табуларың керек.

1. Жоқ өзінде бас та,

Қас та,мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында Сызғыш



2. Машинаның бесеуін

Егінжайға жібердім.

Машинаның бесеуін

Еділбайға жібердім.

Жұмсадым сонда нешеуін,

Білмей тұрмын есебін? 10



3.Алты жерге қолайлы,

Қаз екіден қонады.

Бәрі қанша болады? 12



4. Төрт шарды

Шара қолға алды.

Екеуін жарды,

Нешеуі қалды? 2



5.Табақта 5 алма,

Қолымда 5 алма.

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма? 10



6. Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу,бас нешеу,

Жауабын кім табады? 4 бас,8 аяқ



7. Жаңа туған шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт жүргенін айырып? 5



8.Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады.

Қамқор болған ағамыз,

Біздер қанша баламыз? 4 бала

9. Қайыңда 10 жаңғақ өсіп тұр.Қатты соққан желдің әсерінен 5 жаңғақ үзіліп түсті.Қанша жаңғақ қалды? Қайыңда жаңғақ өспейді?

10. Үстелді 2 ыдыс тұр.Оның біреуінде 8 алма бар.Ал екіншісі бос.Бір ыдысты алып кеткенде үстелде қанша алма қалады? 8 алма

11. Бұтақта 7 торғай отыр.Оның біреуін атып түсірсе бұтақта нешеуі қалады? Бұтақта торғай қалмайды.



12. Аулада қаздар жүр.Олардың аяқтарының саны-6. Аулада қанша қаз жүр? 3

III кезең «Ғажайып алтылық»

6 ұяшық берілген бұл кезеңде тәрбиенің әр саласынан сұрақтар беріледі.Жауап берсе сан ұпай болып қосылады.Ойынды ұпайы аз ойыншы бастайды.Ұяшықты таңда.

(2) 1.Білім бұлағы не? Кітап

2.Орман емшісі аталатын құс? Тоқылдақ

3.Ешкіні қалай шақырады? Шөре

(3)1.Жапырақ қай кезде сарғаяды? Күзде

2. Сандыққа не салуға болмайды? Жарық

3. Көзді жұмғанда не көресің? Түс

(2) 1.Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүру керек? Жасыл

2.Жемістің тәтті суы қалай аталады? Шырын

3.Қойдың төлі? Қозы.

(3) 1.Ата анасының бірінші баласы? Тұңғыш

2.Қазақтың екі ішекті,көп пернелі саз аспабы? Домбыра.

3.Елтаңбаның реңдік белгісі қандай? Алтын және көк

(2) 1.Астана сөзінде неше буын бар? 3

2.Тісі бар бірақ тамақ жемейді? Шанышқы

3.Қыста ақ тон киетін жануар? Қоян

(3) 1.Адамды жылататын өсімдік? Пияз

2. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Тола бөшкеге

3. Жұма сөзіндегі әріптер саны? 4

Әділқазылар алқасы осы бөлім бойынша әр сайыскердің ұпай санын айтсаңыздар.Осы кезеңнен кейін ойынның шарты бойынша,ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.Ойыннан жеңілсең де,өмірден жеңілмеңдер деп ду қол шапалақпен ойыншыларымызды шығарып салайық.

IV кезең «Тапқыр болсаң,талас жоқ!»

Бұл кезеңде суреттермен жұмыс жүргізіледі.Жұмбақ суреттің шешуін дұрыс тапқан ойыншыларға бір ұпайдан қосылып отырады.

Интерактивті тақтадан суреттер көрсету

Келесі кезеңге дейінгі сайыскерлеріміздің ұпай санымен танысайық.Осы кезеңнен кейін ойын шарты бойынша ұпайы аз екі сайыскер ойыннан шығады.Ду қол шапалақпен сайыскерлерімізді шығарып салайық.

V кезең «Жорға»

Бұл сайысқа жеңген екі сайыскеріміз қатысады.Бұл шешуші кезең болып табылады.Сұрақтар қойылады,сұраққа бір минут ішінде жауап беру керек,сонымен бірге уақытты үнемдей білуі тиіс.

«А»

1.Бірде дауысты,бірде дауыссыз дыбыс? У

2. Құстың үйі? Ұя

3.Қосылғыштардың мәні? Қосынды

4.Өткен айдың атын ата? Қыркүйек

5.Тышқанның жауы ? Мысық

6. 2 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? 10

7.Жаңбыр жауғанда қарға қандай ағашқа қонады? Су ағашқа

8.Жемістің тәтті суы қалай аталады? Шырын

9.Қазақстанның астанасы ? Астана

10. Төрт тышқанның құлағы? 8

11.3 сиырдың мүйізі? 6

12.Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны? 8

13.Ертегідегі айдаһардың басы? 3

14.Бағдаршамның неше көзі бар? 3

15.Жылқының сүті қалай аталады ? Қымыз

16.Ханның орындығы? Тақ

17. Адамды жылататын өсімдік ? Пияз

18.Айранға су қосып жасайтын шөл басар сусын? Шалап

«Ә»

1.Екі қолыңдағы саусақ саны? 10

2.Жалғыз өркешті түйе? Нар

3.Адамға үйренген қоян? Үй қояны

4.Ертегідегі айдаһардың басы ? 3

5. Жылқыдан аласа,құлағы үлкен,күтімді онша қажет етпейтін,еті арам,үй жануары? Есек

6. 1 аптада неше күн бар? 7

7.Орман дәрігері? Тоқылдақ

8. Түңгі жарық? Ай

9.Үйде балық ұстауға болатын су айдыны? Аквариум

10. Түйенің төлі ? Бота

11.Тышқанның ұнататын тамағы? Бидай

12.Тақтаға немен жазады? Бормен

13.Қ.Р.Мемлекеттік рәміздерін ата Ту,елтаңба,гимн

14.6+4= ? 10

15.Қанаты бар,алысқа ұша алмайды? Тауық

16.Түйенің жүні? Шуда

17.Ерте пісетін,домалақ,кішкене сары қауын? Әңгелек

18.Майға қуырылған мал еті? Қуырдақ

Дарынды бала өнерін,тамашалап қанықтым,

Қолпаштады ағайын,өзіне тәлім алып тым.

Қанағат тұтып қалмаңдар,іздене бер жалықпа,

Мақтанышы болыңдар қазақ деген халықтың- дей отырып бүгінгі сайысымыздың жүлдегерлеріне сый-құрмет көрсетуге руқсат етіңіздер.

Міне бүгінгі біздің сайысымыз аяқталды.Сонымен бүгінгі біздің сыныбымыздың «XXI ғасыр көшбасшысы» марапатталады.Қанаттарың талмасын! Жеңіс тұғырынан көріне беріңдер.Ойыннан жеңілсең де,өмірден жеңілмеңдер.Ақ жол,сәт сапар деп сайыскерлерімізді шығарып салайық.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,

Олай болса уысыңнан шығарма.

Сіздермен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысын жүргізген Сауранбаева Қаламқас Айдарқызы

Көріскенше күн нұрлы болсын. Хош,сау болыңыздар!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі