Материалдар / XXI ғасыр көшбасшысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

XXI ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХІ ғасыр көшбасшысы "Тарих қадамдары"

Мақсаты:
1. Білімділік: Интелектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
2. Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Өткізілу формасы:
сайыс
Барысы: Құрметті оқушылар осы аптада тарих пәнінің «Тарих ғасыр куәсі» атты апталығы жүр жатқанын білесіздер. Сол апталықтың бүгінгі күні 8-11 сыныптар арасында өткізілетін мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырайық. Олар:

8-сынып оқушылары: Мұқашқызы Айгерім және Болат Ниязбек

9-сынып оқушылары: Мәсәлім Еламан мен Төкіш Ания

10-сынып оқушылары: Мұрат Индира

11-сынып оқушысы: Құсайын Толқын

Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Ал енді сайысымыздың өту барысы
І кезең «Бәйге» ( 18 сұрақ оқылыды, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан

беріледі) .
ІІ кезең «Көкпар» ( Ұяшықтарда берілген сұрақтарға таңдау бойынша

жауап беру)

(Осы кезеңнен кейін ұпай саны аз екі ойыншы ойыннан шығарылады.)

ІІІ кезең: «Тұлғалар» (Ұяшықты таңдау арқылы жасырылған тұлғаның кім

екенін табу)

(Осы кезеңнен кейін ұпай саны аз екі ойыншы ойыннан шығарылады.)


ІҮкезең: « Жорға» ( жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын

сұрақтар)

І кезең «Бәйге»

  1. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы (Жеті жарғы)

  2. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы ? ( Мұхамед Хайдар Дулати )

  3. «Отырар опаты» қай жылы болды? (1218 жылы)

  4. «Қазақ» газетінің редакторы ? (А.Байтұрсынов)

  5. Тарихтың атасы атанған кім? (Геродот)

  6. Қола қандай металдардың қоспасы? (мыс-қалайы)

  7. Тарих ғылымында ежелгі тас ғасыры қалай аталады? (палеолит)

  8. «Ханталапай» қандай дәстүр? (хан сайлағанда малын бөліп алу дәстүрі)

  9. Керей мен Жәнібек сұлтандардың қазақ хандығының туын тіккен жері? (Қозыбасы)

  10. Есім хан жасаған далалық заңдар қалай аталды? ( Есім ханның ескі жолы)

  11. Абылайдың бала кезіндегі лақап аты? (Сабалақ)

  12. «Құтты Білік» дастанын Жүсіп Баласағұн қанша уақытта жазып шықты? (1,5 жылда)

  13. Жаңа Конституция қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)

  14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторлары кімдер, ол қай кезде орындалады? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов 2006 ж. Әнұран салтанат кезінде орындалады.)

  15. Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)

  16. «Пайғамбар» сөзінің мағынасы? ( Алланың жердегі өкілі)

  17. Қазақ хандығының құрылған уақыты? (1465-1466 ж.ж)

  18. Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енгізілді? (1993 ж. 15 қараша)



  • Әділқазылар алқасына сөз беру

ІІ кезең «Көкпар»

10 (сол жақтағы)

Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кеңеңсары Қасымұлы)

10 (оң жақтағы)

Алғашқы адамдардың даму сатысын ата? ( Епті адам, Тік жүретін адам,

Саналы адам)

10 (ортадағы)

«Елім-ай» атты зарлы жыр авторы кім болып есептеледі? (Қожаберген -

жырау)

20 (сол жақтағы)

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері қандай генерал

губернаторлықтарға бөлінді? ( Орынбор, Түркістан, Батыс Сібір)

20 (оң жақтағы)

Кеңесары Қасымұлы көтерілісінің басқа көтерілістерден қандай

ерекшелігі болды? (Үш жүзді қамтыды)

20 (ортадағы)

Қазақ хандығының құрылған уақыты, негізін қалаған кімдер?

( 1465-1466 ж.ж, Керей, Жәнібек хан)



30 (сол жақтағы)

Әйгілі Атлах шайқасы қашан және кімдер арасында болған? (751 жылы

арабтар мен қытайлар арасында)

30 (оң жақтағы)

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары туралы халық

арасында қандай сөз қалған ? (Қайың сауған)

30 (ортадағы)

Моғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды не себептен

құшақ жая қарсы алды? (Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы

күресінде батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету)

40 (сол жақтағы)

«Қазақ халқы бойындағы Амангелді Рухы өлген жоқ. Біздің даламыз

ержүрек жігіттер мен сәйгүлік аттар қашанда бар»-деген сөз қандай

мақсатпен айтылған? ( Қазақ халқы дүниежүзінде қайсар халық, қасық

қаны қалғанша соғысатынын көрсетті)

40 (оң жақтағы)

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа арнап 1927 жылы жазылған

романың авторы, роман қалай аталады? (С.Сейфуллин, «Тар жол тайғақ

кешу»

40 (ортадағы)

1598-1628 жылдар аралығында билік құрған Есім ханның басты мақсаты

не еді? (Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру)


ІІІ кезең «Тіл - өнер»

1. Екі немесе одан да көп мемлекеттердің әскер күштерінің немесе бір

мемлекеттің ұйымдастрылған қарулы топтарының арасыендағы ұзаққа

созылған ұрысы? (соғыс-война- war)

2. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен

қарым-қатынас жасай алатын, билікті жүзеге асырушы заңды түрде

құрлған адамдар бірлігі қалай аталады? (мемлекет-государство- country)

3. Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды

бекітетін нормативтік- құқықтық акт ? (заң-закон-law)

4. Саяси қарсыластарға қолданатын саяси бақылау, қадағалау, заңсыз

түртпектеу саясаты қалай аталады? (қуғын- сүргін-репрессия - repration )












ІҮ кезең «Жорға»

«Тұлғалар» сайысында ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
Келесі 5 – бөлім «Жорға» әрбір сайыскерге 10 – 10 - нан жедел сұрақтар беріледі.
1. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)
2. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады ?(жеті)
3. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)
5. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)
6. Шет елде қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші кім? (Ә. Қашаубаев)
7. 1975 жылы Алматыда шыққан «Аз
и Я» кітабының авторы? (О.

Сүлейменов)
8. Қарағанды көмір кенін тапқан кім? (Аппақ Байжанов)
9.
Қазақ хандығының негізін қалағандар? (Керей, Жәнібек)
10. Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

2. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
2. Қазақстанда қанша болыс бар? (14)
3. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)
4. Екінші рет Конституция елімізде қашан қабылда? (1995ж., 30 тамыз)
5. Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған? (Тәуке)
6. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші?

(Р. Рымбаева)
7. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын?

(Ж. Жабаев)
8. Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім? (С. Асфандияров)
9. Қазақ хандығын Қасым хан билеген жылдар? (1511-1518ж)

10. Қазақ
стан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды ? (1991 жылы 16

желтоқсан).


Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Сонымен сайысымыздың нәтижесі бойынша мектебімізде XXI ғасырдың көш басшысы ________________ болып анықталды.
Ендеше, бүгінгі «Тарих қадамдары» атты интелектуалдық, тарихи сайыс аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!