"XXI ғасыр көшбасшысы"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"XXI ғасыр көшбасшысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды озық ойлы, білімді, жан-жақты болуға үйрету. Білімдерін сынау, ойлау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды озық ойлы, білімді, жан-жақты болуға үйрету. Білімдерін сынау, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

-Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»- деп Ш. Уалиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» - деп Қ.Сатбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, мектебіміздің білімді балаларын анықтайтын, оқушының білімге қызығушылығын арттыратын «Озық ойлы оқушы» атты зияткерлік танымдық ойынымызды бастаймыз.

Ендеше ортаға білімді балаларды шақырамыз. Сайысқа 6 оқушы қатысады.

1 оқушымыз -Әлшериева Ұлзат. Мәнерлеп оқудан Аудандық және облыстық байқаулардың жеңімпазы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық Ауыл олимпиадасының 1-орын жүлдегері.

2 ойыншы-Сабыр Бірханым. Орыс тілі пәнінен Аудандық және облыстық Ауыл олимпиадасының 3- орын жеңімпазы.

3 ойыншы- Мырзабай Аруна. Ағылшын пәнінен Аудандық және облыстық Ауыл олимпиадасының 3- орын жеңімпазы.

4 ойыншы-Егембердиева Балжан. Қазақ тілі пәнінен аудандақ олимпиада жеңімпазы.

5 ойыншы-Амантай Нұртөре. Қазақша күрес және дзюдо спорт ойындарының аудандық

Облыстық жеңімпазы.

6 ойыншы-Амантай Алсу. Аудандық пән олимпиадаларының жеңімпазы.



Қызылдар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтар сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ал ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.



Сайыс 6 бөлімнен тұрады:

1 бөлім- «Бәйге».

2 бөлім- «Тіл өнер».

3 бөлім- «Дода».

4 бөлім- «Тапқырлық».

5 бөлім- «Шешендік өнер».

6 бөлім-«Жорға».



Сонымен, оқушылар іске сәт, жұлдыздарың жансын!





1-тур

«Бәйге»

Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын.

Қосатұғын күрең атын, боз атын.

Басталды «Бәйге» атты жарысыңыз,

Шықсын шәкірт шыңдарына қол созатын.

Шарты: 16 сұрақ қойылады, дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1.Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін бөлім.

(пунктуация)

2. Тіл туралы заң алғаш қай жылы қабылданды.(1989 жылы 22 қыркүйек)

3. Қазақ тіліндегі буын түрі.(3)

4. Қазақ шешендік өнерінің түпкі төркіні кімнен бастау алады.( Майқы би)

5. «Музыканың ұлы кітабы», «Логика», «Арифметика» еңбектерінің авторы кім? (Әл-Фараби)

6. Екі адамның сөйлесуі (диалог)

7. «Қалқаман- Мамыр» поэмасының авторы кім? (Шәкәрім)

8. Мақалдың тақырыбын анықтау:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.(ынтымақ, бірлік)

9. Қазақ тілінің зерттейтін негізгі салаларын ата:( Фонетика, Лексика, Морфология, Синтаксис)

10. Ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұл есімдерін қай шығармадан кездестіреміз. (М.Әуезов Қараш-қараш оқиғасы)

11. Үш бәйтерек( Сәкен, Ілияс, Бейімбет.)

12. ҚР тілдер мерекесі қай күні?Қай ақынның туған күнімен сәйкес(5 қыркүйек А.Байтұрсынов

13. «Әдебиет танытқыш» кімнің еңбегі. (А.Байтұрсынұлы)

14. Құлагер кімнің асында мерт болды? (Сағынайдың)

15. Отырар ауданынан шыққан айтыс ақындары кімдер?(Б.Шойбеков,Ә.Қалыбекова,Т.Әбуова,А.Жаппарқұлова)

16. Шоқанның әжесінің есімі? (Айғаным)



2-тур

«Тіл-өнер»

Қазақ халқы қашанда сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, өнеге ретінде данышпандығымен, өлең өрнектерімен өрнектелген. Терең мағыналы сөздермен зерделеп, зерлеп айтуға алдына жан салмаған қазақ емес пе? Сөз зергерлерін аузынан шыққан нақыл сөздері мақал-мәтелге айналдырып, үздіксіз пайдаланып, үлгі-өнеге етіп жүр.

Шарты: Бұл турда мақал-мәтелдер беріледі. Мақалдың ішінен бір сөз жасырылады, сол сөзді ағылшын және орыс тілінде тауып айту керек. Әр аударма 10 ұпаймен бағаланады.

1.Бірлікті не бұзылмас? (ел) страна-орысша, country- ағылшынша.

2. Татулық-табылмас не? (бақыт) счастье- орысша, happiness- ағылшынша.

3. Өтірік не өрге баспайды? (сөз) слова- орысша, word- ағылшынша.

4. Тіліңмен жүгірме, немен жүгір? (біліммен) знание- орысша, knowiedge-ағылшынша.

5. Хан қарақшы, кім сарапшы? (халық) народ- орысша, people- ағылшынша.

6. Тіл не жарады? (тас) камень- орысша, stone- ағылшынша.

7. Екі түйе сүйкенсе, арасында не өледі? (шыбын) муха-орысша, fly-ағылшынша.

8. Ашу-дұшпан не дос? (ақыл) ум- орысша, cleverness-ағылшынша.

9. Не ерлікке жеткізер? (еңбек) труд-орысша, work-ағылшынша.

10. Не оқуғандікі, білім тоқығандікі. (кітап) книга-орысша, book-ағылшынша.

3-тур

Дода-тапқырлық бөлімі

«Мен ұнатқан екі пән»

Келесі кезең бойынша оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім деңгейін, тапқырлықтарын сынап көрейік.

Шарты: Оқушыларымыз сұрақтарды таңдайды және жауап береді.

1.Сол жақтағы 30. Сұрақ: Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» кітабының қазақша атауы? (Даналық кітаабы)

2. Оң жақтағы 30. Сұрақ: Бес арыс (Шәкәрім,А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов.М.Дулатов)

3. Ортадағы 30. Сұрақ: Абайдың шын есімі кім?(Ибраһим)

4. Сол жақтағы 40. Сұрақ: Әйел теңдігі мәселесін көтерген айтысты атаңыз. (Біржан мен Сара)

5. Оң жақтағы 40. Сұрақ: Абай Құнанбаев өлеңінің екі шумағын жатқа айт.

6. Ортадағы 40. Сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

7. Сол жақтағы 50. Сұрақ: 9 ақпан қай ақынның туған күні?(М.Мақатаев)

8. Оң жақтағы 50. Сұрақ: Ғ.Мүсіреповтың шығармалары Есеней қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.(«Ұлпан»романы)

9. Ортадағы 50. Сұрақ: «Қазақ хрестоматиясының» авторы?(Ы,Алтынсарин)

4-тур

«Тапқырлық»

Шарты: Мақал-мәтелердің алғашқы жолы оқылады, ал екінші сыңарың сіздер жалғастырасыздар. Берілетін ұпай саны-10.

1.Өнерлінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөзі алтын).

2. Ұқыптының тоны тозбас, (Ұқыпсыздың ісі оңбас).

3. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, (Ер басына күн туса, етігімен су кешер)

4. Ақыл жастан шығады,(Асыл тастан шығады).

5. Болат қайнауда шынығады,( Батыр майданда шынығады).

6. Берекені көктен тілеме, (Еткен еңбектен тіле).

5-тур

«Шешендік өнер»

Бағалануы 20 ұпай. Ұпайы аз оқушы бірінші таңдайды.

«Егер де мен» «Болашақ» Бағдарламасы бойынша шет елде білім алып келсем не істер едім ?»

6-тур

«Жорға»

Шарты: Ұпайы жоғары оқушы екі нұсқаның бірін таңдайды. Бір ойыншымыз сыртқа шығып тұрады. Ойыншыға 10 сұрақ қойылады. Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі.

1-нұсқа

1.Синоним сөздердің анықтамасы. (Мағыналары бірдей, жазылуы басқа сөздер)

2. ҚР мемлекетінің туының авторы?(Шәкен Ниязбеков)

3. Жиренше туралы аңызда аты аталған ақылды әйелді атаңыз. (Қарашаш)

4. «Ерте, ерт, ерте де Ерназар деген бай болыпты....» қай ертегіден үзінді?(Ер Төстік)

5. Тек, тәйт, жә одағайларының білдіретін мағынасы?(жекіру)

6. Исламның қасиетті кітабы? (Құран)

7. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (шаңырақ)

8. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлігі.(Түбір сөз)

9. Арыстанбаб кесенесін кім салдырған.(Әмір Темір)

10.Қаламның ағылшыншасы(pen)

2-нұсқа

1.Атақты күрес шебері?(Қажымұхан)

2. Мұсылмандарындардың Жаңа жылы қашан?(Наурыз)(

3. Еліне жайлы қоныс, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоршысын ата. (Асан қайғы)

4. Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңі кімге арналған? (Исатайға)

5. Отырар ауданында қандай өзендер бар?(Арыс.Сырдария)

6. Абайдың неше қара сөзі ба? (45)

7. «Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін..» деп жырлаған ақын. (Жұбан Молдағалиев)

8. Жамбыл өзіне кімді пір тұтқан? (Сүйінбай)

9. Үзіндінің авторын табыңыз?

Туғанда дүниеге есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең. (Абай)

10. «Компьютербасты жарты адамдар» кімнің еңбегі? (М.Шаханов)



Қорытындысы: Сайысты сараптау тобының есебі бойынша «XXI ғасыр көшбасшысының» қорытындысын шығару.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2024
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі