400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

XXІ ғасыр нақты ғылымдар ғасыры онкүндіктің жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін дамытып, сындарлы ойлауға дағдыландыру. Жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры

К.К.Карбузов

«ХХІ ғасыр нақты ғылымдар ғасыры»

атты онкүндіктің ашылуы

(Математика,химия,физика,биология,география,информатика ,музыка пәндері)


Онкүндіктің мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін дамытып, сындарлы ойлауға дағдыландыру. Жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылықтарын арттыру


Мұғалім: Құрметті ұстаздармен оқушылар!

Бүгінгі «ХХІ ғасыр нақты ғылымдар ғасыры»

Онкүндіктің ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Осы апталықта өз білімдеріңді көрсетіп белсенділік танытыңдар.Апталықтың ашылуындағы сайыста топ жарған оқушылар марапатталады.


  1. Жүргізуші 
    -Уа, халайық, халайық, 
    Бәріңе жар салайық. 
    Бүгінгі кеш төрінде 
    Дарындылар елінде 
    Тапқыштардың тілінде, 
    Есеп шешіп, жарысып 
    Жұмбақ шешіп аңдысып 


2- Жүргізуші 
Шабыт тасып шалқысып, 
Есеппенен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық 
Жұмбақ шерді шашайық 
Ат салысып аянбай 
Бар өнерге басайық 


1-жүргізуші 
Асып әсте саспайық 
Батыл қадам бастайық 
Еркіңді билеп барынша 
Жарыста сірә, қалыспа 
Кеш қызығын ей, достар. 
Осылайша шабытпен 
Кәне енді бастайық. 


2-жүргізуші 

Мұнда қызық табылар 
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар. 
Айтыс, тартыс тағы бар 
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ. 
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ. 
О-о-ой, бір қызық кеш болар, 
Өздеріңмен бес болар.
 


1 - жүргізуші:

Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болған математика, физика, информатика пәндерінің тапсырмалары

1-тапсырма «Логикалық есептер»

2 - жүргізуші:

Келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарына кезек берсек.


Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін


2-тапсырма «Қызықты сұрақтар»


1-жүргізуші

Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.


2-жүргізуші

О табиғат сырың да терең екен,

Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.

Қанымдағы қасиет сенен екен,

Недеген керемет ең, керемет ең!


3-тапсырма «Сөз жұмбақтар»


1-жүргізуші:

Мықты болсаң – алдағыны басып оз, 
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. 
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, 
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. 
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, мықтыларға арналған

топтарды анықтаймыз.7,8, 9 сыныптар топтар бойынша тапсырмаларды өткізіңіздер

І кезең «Логикалық есептер»

ІІ кезең «Қызықты сұрақтар»

ІІІ кезең «Сөз жұмбақтар»

Әр топтың ұпайын бағалайтын.Қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Мектеп директоры К.К.Карбузов

Бірлестік жетекшісі Р. Батихан

Мектеп психолог А.М.Исағожаева

Әлеуметтік педагог Г.Рахымбаева


.

2-жүргізуші:

Қайта келмес өзеннің толқынындай,
Қайталанбас алау оттың жалынындай!
Қайта тумас қазақтың дарасындай,
Қазақта қайсар қыз бар дәл осындай

Ортаға үш топты шақырамыз. Әр топтың көшбасшысы келіңіздер.

2-топ «Алғырлар» І орын

1-топ «Білгірлер» ІІ орын

3-топ «Тапқырлар» ІІІ орындарға ие болды.


Онкүндік бәрі бар-спорттық жарыстар, бейнлеу өнерінен сайыстар, үлгілі сабақтар, ХХІ ғасыр көшбасшы интеллектуалды сайыс.Тамашалап,белсенді ат салысып,білімді жастар екенімізді көрсетейік!


 












«Таутүрген негізгі орта мектебі» КММ

2023-2024 оқу жылы





«ХХІ ғасыр нақты ғылымдар ғасыры»

он күндіктің ашылуы


Picture 1















ӘБ жетекшісі: Батихан Рина


«Бекітемін»

Мектеп директоры

К.К.Карбузов





Үлгілі сабақ


Тақырыбы: ELSE циклін басқару




Picture 3



Сынып: 8

Пәні: Информатика

Мұғалім: Ыбрашев Б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.03.2025
230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12