Материалдар / «XXІ ғасырдың көшбасшысы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«XXІ ғасырдың көшбасшысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2018
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет».

Бөлімі: сөйлеуді дамыту, қарапайым математика дағдыларын меңгерту, қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «XXІ ғасырдың көшбасшысы»

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін, білімділігін, тіл байлықтарын дамыту.Жарыста оздерін еркін ұстауға, ойларын ашық білдіруге, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті ұяшық кестесі, түрлі тақырыптағы логикалық жұмбақтар,балалардың бағасын беретін асықтар, әр түрлі тапсырмаларға байланысты суреттер ТСО т.б.

Полингвалді компонент: Тілші – журналист - journalist

Асық - асык – asyk

Жарыс – copeвнование - competition


-Армысыздар, құрметті қонақтар!

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн, себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр.

- Олай болса шаттық шеңберін құрып қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық!

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық,

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң достарым!


Ал, балалар жақсы көңіл-күймен танымдық жарысымызды бастайық!

Ғажайып сәт: Есік қағылып тілші кіреді, амандасады.

Тілші: -Балалар сендердің балабақшаларыңның аты қалай аталады?

Балалар: -«Раушан» балалар бақшасы

Тілші: -Тамаша дәл тауып келиппін, олай болса мен өзімді таныстырып өтейін:

- Мен Ұлттық «Хабар» арнасының тілшісі Гүлзар Альжанқызы боламын, сендердің жарыстарыңа қатысып, білімдерінді, алғырлықтарынды байқамақшымын.

Тәрбиеші: -Қош келдіңіз!



Тілші:

- І – ші топ қалай аталады?

Балалар:

  • «Тұлпар» тобы

Тілші:

- Ұрандарын қандай?

Балалар:

Біз кішкентай жұлдызбыз.

Тәрбиелі ұл-қызбыз

Жарыстан озып, самғаған,

Жүзден жүйрік тұлпармыз!


«Тұлпар» тобынан жалынды сәлем!

Тілші:

-Жарайсыңдар!

- ІI – ші топ қалай аталады?

Балалар:

  • «Бүркіт» тобы

Тілші:

- Ұрандарын қандай?


Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз

Келіп тұрған жарысқа,

«Бүркіт» тобы боламыз!

«Бүркіт» тобынан жалынды сәлем!

Тілші: Тамаша!

Тәрбиеші: -Бүгінгі «XXI ғасырдың көшбасшысы»: жарысымыз 3 кезеңнен тұрады:

І кезең «Бәйге»

Қалаған ұяшықтағы түс пен санды таңдай отырып, сол ұяшықтағы сұраққа жауап беру.

1.Тәрбие туралы мақал – мәтел

Дәстүрі жараспағанның,

Дәм-тұзы жараспайды.



Сыпайының сыры мол.



Салтын білмеген,

Сауапты түсінбейді.



Дәстүрдің озығы бар,

Дәурені өткен тозығы бар.





Тәрбиелі адам- тағалы атпен тең.


Жақсылық еккен алғыс орады.


Үлкен бастар, кіші қостар.


Мын түзілмей, мін түзілмейді.

Бабасы еккенді, баласы орады.



Әкесі қой баға білмегеннің,

Баласы қозы баға білмейді.



Айтушы ақылды болса,

Тыңдаушы дана болады.



Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.



Қызым саған айтам,

Келінім сен тыңда.

2. Төрт құбыланы атап бер:

1.Шығыс

2.Оңтүстік

3.Батыс

4.Солтүстік

3.Үш арсызды атап бер:

1. Ұйқы

2.Тамақ

3.Күлкі

4.Бес қаруды атап бер;

1.Садақ

2.Қылыш

3.Мылтық

4.Найза

5.Айбалта

5.Төрт түлік пірі не?

1.Түйе атасы - Ойсыл қара

2.Жылқы атасы - Қамбар ата

3.Сиыр атасы - Зеңгі баба

4.Қой атасы - Шопан ата

5. Ешкі иесі - Сексек ата





6. «Мнемо» кесте бойынша мақалды жалғастыр

1. Әке асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ.

2. Бала тілі бал, ана сүті бал.

3. Алты жаста бала келсе 60 жастағы шал келіп сәлем береді.

4. Малды бақсан қойды бақ, май кетпейді шарадан.

5. Ит асырасан адалдан, қой кетпейді қорадан.

7. Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

(Бесікке салу, тұсау кесу, ат қою,келін түсіру,тіл ашар)

8.Қандай ою түрлерін білесіңдер?

(Қошқар мүйіз, сынық мүйіз, ирек, құс қанаты, жауқазын ою-өрнегі)

9. Қазақтың ұлттық аспаптарын атап бер...

(домбыра, дауылпаз, жетіген, асатаяқ, сыбызғы)

10. Телевизиялық сұрақ.

1. Қазақтың ақындарын ата?

( А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ж. Жабаев, М. Мақатаев, Ш. Уалиханов, М. Жұмабаев, С.Сейфуллин )


2. Ақындардың өлеңдерінен бір-бір шумақ айтып бер.

ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл!»

Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту.

2. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой – овца - sheep)


3. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе – верблюд - camel)


4. Сәбиге сәнді үй,

Әжеге ән - күй. (бесік – колыбель - bed)

5. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады. (күн, солнце, sunny)


6. Дәмді, дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан – стол - tablecloth)

7. Жиһазы мол кең бөлме,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (киіз үй - юрта- yurt)





Сергіту сәті: «Нағыз дос болайық»

Қосыл,қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең сенімді дос болып.



Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең зиянды дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең мейірбан дос болып.



Қосыл,қосыл шеңберге,

Нағыз сараң дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз жақсы дос болып.

Тілші:

- Ал,балалар ІІІ кезең бойынша мен сендерге сұрақтар қойып тапқырлықтарыңды байқамақшымын.

Тәрбиеші:

Ал, ендеше тұрмайық,

ІІІ кезеңді жалғастырайық,

Не үйрендік, не білдік,

Соны ортаға салайық!

ІІІ кезең «Жорға»

Берілген сұрақтарға жауап беру

1.Бір жылда неше мезгіл бар?

2.Байқамай қағып кеткенде айтылатын сөз?



3.Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді,

Не деп барып жеу керек?


Тілші: - Балалардың жинаған ұпай санын санау.

Қорытынды:

Тәрбиеші

-Жеңіске жеткен топты мадақтау.

- Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

-Ұнады, себебі оқу қызметіміз танымдық сайыс түрінде өтті.

- Бүгінгі сайыста не айтып жарыстыңдар?

- Қандай салт-дәстүр білесіңдер?

-Бізге қонаққа кім келді?

- Тілші Гульзар Альжанқызы ұпайды немен бағалады?

- Балалардың жауаптары.

-Өзінің алып келген сыйлықтарын табыс етеді. (үлкен – кіші ертегі кітаптар)


Тілші:

Құрметті теле көрмендер. Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы «Раушан» балалар бақшасындағы балалардың «XXI-ғасыр көшбасшысы» атты танымдық сайысы өтті. Бұл сайыста біз келешек ұрпақтың салт-дәстүрімен сусындап өсіп келе жатқанына көзіміз жетті. Бастысы – ел болшағы жарқын болатынына сенімдіміз! – деп тілші Гүлзар Альжановна «Хабар» арнасынан түсірілімді аяқтады.


Тәрбиеші: - Олай болса балалар қонақтармен қоштасайық.


Балалар қонақтармен қоштасады.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!