Материалдар / У дыбысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

У дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас достарым мұны жақсы ұғайық, Математика құрметтеуге лайық. Дүниеде құбылыстың бәрінде Мүмкін емес есептерсіз түсіну Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2023
134
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

[Дата]


Shape2

Математика ілімінің патшасы

Орындаған: Нургалиева А.А



Математика ілімінің патшасы


Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Көрнекілік:Интерактивті тақта.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін өткізіліп отырған 3 – сынып пен 4 – сынып оқушыларының арасындағы математикалық сайысқа қош келдіңіздер!

Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 3 –сынып оқушыларынан құралған «Білгіштер» тобын және
4 – сынып оқушыларынан құралған «Тапқыр» топтарын шақырамыз.

Сайыстың шарттары:
I. Сәлемдесу.
II «Кім көп біледі?» (сұрақтарға жауап беру)
ІІI. Ойлан.

ІV. Криптограммма


I.Топтардың таныстыруы.

«Білгіштер»тобы:
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл».

Сәлемдесуі: Мәселенің түйінін
Мазмұннан білеміз.
Ізделінді нәрсені
Тез - ақ тауып береміз.
Сайысқа түсу сіздермен
Біздер үшін мол бақыт.
Математикалық фокусты
Көрсетуге біз дайын..

«Тапқыр» тобы:
Ұраны: « Қандай сынақ болса дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске».

Сәлемдесуі: Ақыл – оймен кеңескен,
Күштілермен күрескен.
Біз Тапқыр тобымыз
Жеңілмейміз күрестен.
Қойылған сұрақ – есепке
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты біз өткізбей
Лезде шешіп берейік.

II. «Кім көп біледі?»
«Білгіштер» мен «Тапқыр» тобына қойылатын сұрақтар.



  1. Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)

  2. 120 минут  неше сағатқа тең?(2 сағат)

  3. Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)

  4. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)

5. Тауық  бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)

6. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)

7. Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)

8.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш?

9. 25*3=

10.125*5+25=



ІІІ . Ойлан.

Дұрыс жақша қой.

15 + 7 – 6 = 16 17 + 3 – 9 = 11

20 – 10 + 8 = 18 35 – 5 + 0 = 30

16 + 7 – 3 = 20 4 + 12 – 6 = 10

13 – 3 + 2 = 12 18 – 8 – 3 = 13

V. Криптограммма



Қорытындылау. Әділқазылар алқасы және санақ (ұпай) комиссиясы қай команданың жеңгенін анықтайды. Жеңімпаз топ мүшелері сыйлықтармен марапатталады.

Көңіл бөліп бұл сайысқа,

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!