15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ы дыбысы мен әріпі" 1 сынып
|
Пәні: сауат ашу Күні: Сынып: 1 |
Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі. |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау 1.2.1.2Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Ы дыбысымен буын, сөздер оқиды. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, талқылайды, кім,не туралы екенін айтады, сөздер оқып, жазады. Кейбірі: Оқудың түрлерін қолданады, сурет бойынша мәтін құрады, талқылайды. |
||||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Ы дыбысы мен әрпі. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 4 минут |
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
|||
|
Сабақтың ортасы 25 минут
|
(Ұ)Жұмбақтар шешу 1.Кесе, шыны, пиала, Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейміз, бәрінің атын не дейміз? ЫДЫС 2.Сырты жасыл, қатты, Іші қызыл, тәтті ҚАРБЫЗ 3.Ұзын мойын, екі ішек, қатар-қатар тепкішек, Басып көрсең бір-бірлеп, үн шығады күмбірлеп. ДОМБЫРА 4.Мұрты бар, сақалы жоқ, Тоны бар, шапаны жоқ. МЫСЫҚ 5.Қаңғырамын үйім жоқ,ауылдардың қойы көп, Ұрлық,зорлық кәсібім, тамақтанар нәсібім. ҚАСҚЫР 6.Орманда тұрағы, тоқ-тоқ етіп тұрады ТОҚЫЛДАҚ -Бұл жауаптардағы сөздердің барлығында ортақ қандай дыбыс бар? -Ы дыбысы (дыбыстату) -Ол қандай дыбыс? Неге? (МК; Ө; Т; Қ) Сюжетті суреттермен жұмыс ұйымдастыру №1 Ы әрпіне келген қонақтардың аттарын тап. Ол сөздерге дыбыстық талдау жаса. Қонжық, тотықұс,қасқыр,тышқан,құндыз Жазылым
№2 Суреттерге қарап, өз топтарыңмен сұраққа жауап беріңдер.
|
Жұмбақтар жинағы
Сюжетті суреттер
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Дәптер 28-бет
Оқулық 57-бет суретпен жұмыс |
|||
|
Сергіту сәті 1 минут |
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|||
|
Қызықты тапсырма 8 минут
Аяқталуы 2 мин
|
«Адасқан буындардан сөз құрау» Ыр, дыс, ыс, ны, шы, ық, су, ы, сық, тор, сын, су. Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша береді -Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық? |
Оқулық, дәптерлер. |
|||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген