|
Бөлім:
|
|
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
|
|
|
Күні:
|
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
У дыбысының дауысты және
дауыссыз болып айтылуы. У әрпінің
жазылуы
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаттары
|
2.4.1.2* у, и, й әріптерінің емлесін
сақтап жазу;
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген
сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап
беру
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
Тыңдаған материал
бойынша түсінбеген сөздерін белгілеуді, мәтін мазмұны бойынша
қойылған сұрақтарға жауап беруді
меңгересің;
У әріпінің емлесін сақтап
жазуды үйренесің;
|
|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы
7
мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі
-Оқу құралдарын
түгендеу
Қызығушылықты ояту
(ынталандыру) әдісі
Ширату
сұрақтары:
Балалар
мектепке келген алғашқы күнді естеріңе түсіріп көріңдер. Қандай
сезімде болдыңдар?
Өте жақсы!
Жарайсыңдар!
Оқыған,
білімді адамның күні жарқын болады. Сол себепті сендерді жақсы
оқуға шақырамын.
|
Оқушылар арнайы
педагогпен амандасады.
Оқу құралдарын
түгендейді.
Арнайы педагог қойған
сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтама
айту:
Жарайсың!
Тамаша!
Сенің қолыңнан
келеді!
Керемет!
|
Жұмыс дәптері,
қалам,
түрлі-түсті
қарындаш
|
|
Сабақтың
ортасы
35
мин
|
Жаңа
сабақ тақырыбын таныстыру: «У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы.
У әрпінің жазылуы»
Сабақ
мақсатын хабарлау:
Бүгінгі
сабақта тыңдаған материал бойынша
түсінбеген сөздерін белгілеуді, мәтін мазмұны бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беруді және у әріпінің емлесін сақтап
жазуды үйренетің
боласыңдар.
Жаңаны
ашу
У дыбысының дауысты
және дауыссыз болып айтылу ерекшелігін есімізге түсіріп
көреміз.
Есіңе
сақта!
Дауыстыдан соң және
сөз басында дауысттыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады:
әуежай,
уақыт,
Сәуле.
Дауыссыздан соң және
сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады:
сусын,
елу,
улап-шулап.
У дыбысының дауысты
немесе дауыссыз екенін дәлелдеу жолына назар
аударыңдар.

Арнайы педагог: ендеше жаңа
ақпаратты пайдаланып тапсырмаларды орындап
көреміз.
|
Оқушылар сабақтың тақырыбы
және мақсатымен танысады. Жаңа тақырып бойынша, қажетті
мәліметтерді естеріңе сақтайды.
|
Жарайсың!
|
|
|
Жаңаны қолдану
әдісі
1-тапсырма.
Ережені еске түсір. Сөздерді кестеге
орналастыр.
Сурет, дәуіт, егеу,
елу, сусын, әуен, бауырмал, уық,
шуақ.
|
Оқушылар ережені еске
түсіреді. Дауысты және дауыссыз у
дыбысын
|
Тамаша!
|

|
|
Сұрақ қою және талқылау
тәсілі
2-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
Түсінбеген сөздерді белгіле.
Дала
гүлдері
(Ертегі)
Далада өсіп тұрған Бәйшешек
пен Бақбақ бір-бірімен таласып
қалды.
-
Ең әдемі гүл менмін! Ең
бірінші өсіп шығып, көктем келгенін хабарлап, елді қуантамын! –
деді Бәйшешек.
-
Жоқ! Ел мені жақсы көреді.
Өйткені менің екі баскиімім бар. Біріншісі – жайнаған сары гүл.
Екіншісі – үлпілдеген үкілі бөрік, - деді Бақбақ
қарсыласып.
Екеуінің сөзін тыңдап тұрған
қарт кісі:
Содан бері Бәйшешек пен Бақбақ
таласпайтын болыпты.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап бер.
-
Бейшешек Бақбаққа не
деді?
-
Бақбақ Бәйшешекке не
деді?
-
Қарт кісі не
айтты?
-
Бақбақ пен Бәйшешек татуласты
ма?
|
Оқушылар мәтінді оқиды.
Түсінбеген сөздерді белгілейді. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап береді.
|
Сенің қолыңнан
келеді!
|

|
|
3-тапсырма. Мәтіннен у
дыбысы бар сөздерді тап. қайсысы дауысты, қайсысы дауыссыз екенін
анықта.
Дала
гүлдері
(Ертегі)

|
Оқушылар мәтіннен у дыбысы бар
сөздерді тауып, анықтайды.
|
Керемет!
|
|
|
4-тапсырма. Өлеңді көшіріп
жаз. У дыбысы бар сөздердің астын сыз. У дыбысының дауысты немесе
дауыссыз екенін дәлелде.
Халқымызда қыздар
көп,
Иеленген гүл
атын.
Әпкем аты –
Раушан,
Қарындасым –
Жауқазын.
|
Оқушылар өлеңді көшіріп
жазады. У дыбысы бар сөздердің астын сызып, дауысты немесе дауыссыз
дыбыс екенін дәлелдейді.
|
Тамаша!
|

|
|
5-тапсырма. Көп нүктенің
орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп
жаз.
Оқушылар қойылымға қажет
жан...арлардың костюмдерін таңдады. Қойылымда қ... түлкі а...ыл
маңын торыды. Та...ыстың киімі әдемі-ақ. Қырға...ыл киімін киген
Дә...ренді алғашқыда танымай
қалдық.
Бүгінгі
сабақта сабақта тыңдаған материал бойынша
түсінбеген сөздерін белгілеуді, мәтін мазмұны бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беруді, дауысты және дауыссыз у
дыбысын ажыратуды үйрендіңдер.
|
Оқушылар көп нүктенің орнына
қажетті әріпті қойып, көшіріп
жазады.
|
Жарайсың!
|

|
|
Сабақтың
соңы
3
мин
|
Рефлексия. Кері
байланыс.
Т үсінбедім
Сұрағым бар Түсіндім
|
Оқушылар сабақтан алған
әсерлерімен бөліседі.
|
|
Смайлдер.

|
|
Үй
тапсырмасы
|
Кестені тиісті сөздермен
толықтырып жаз.
|
Оқушылар үй тапсырмасын
орындайды.
|
|
|