Материалдар / «Ы» «І» дыбыстарын ажырату
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ы» «І» дыбыстарын ажырату

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелернің қимыл-қозғалыстарын жетілдіру; «Ы» және «І» дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін меңгерту; «Ы» және «І» дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру,сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ы» «І» дыбыстарын ажырату

Сабақтың мақсаты: а) Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелернің қимыл-қозғалыстарын жетілдіру; «Ы» және «І» дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін меңгерту; «Ы» және «І» дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру,сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

ә) Түстерді ажырата білуге үйрету;есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру;

б) Білімге деген құштарлықтарын арттыра отырып,ана тілін құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер: Ы және І фонемаларының артикуляциялық кескіндері, осы дыбыстарға қатысты суреттер,дыбыстық талдауға арналған түсті текшелер,жуан,және жіңішке дыбыстарды аджыратуға арналған шаршылар,перфокарталар.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Бүгін нешесі ? Аптаның қай күні? Қазір қандай сабақ? 2.Артикуляциялық жаттығу «Күрекше»,»Кесе», «Төбешік», «Сағат», «Алтыбақан»,«Ат шауып келеді».

3.Өткенді қайталау.

4.Жаңа сабақ. 1.Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын есімізге түсіріп алайық. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыздар ше? «Д» дыбысы қандай дыбыс? «Т»дыбысы қандай дыбыс? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ы»-«І» дыбыстарын ажырату. Бұл дыбыстарды бір-бірінен ажырату үшін олардың артикуляциялық ерекшелігін білуіміз қажет.Алдымен мына кескіндерге назар аударайық

«Ы» - төменгі және жоғары тістердің арасында саңылау болады,тіл ұшы төмен,тіл үстінің орта бөлігі таңдай ортасына көтерілген,тіл бүйірлері түпкі азуға тиеді.Жұмсақ таңдай көтеріліп,мұрын жолын жабады.Оқушылар артикуляциялық кескін бойынша айтады.

«І» - еріндер дыбыстың шығуына қатыспай жатады,жоғарғы және төменгі тістер бір-біріне өте жақын келіп тұрады,тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де,үсті көсіліп жатады,жұмсақ таңдай көтеріліп мұрын ауа жолын жабады. (Артикуляциялық кескін бойынша айту). Осы дыбыстардың қайсысы жуан қайсысы жіңішке? Жуан дауысты дыбыстар қызыл түспен,ал жіңішке дауысты дыбыстар сары түспен белгіленеді.

2.Буындар оқу: ы ыс ды ты ны ғы сы

і іс ді ті ні гі сі

3.Суретпен жұмыс. Тақтаға «Ы» дыбысына байланысты суреттер ілінеді.Оқушылар суреттегі заттын атап, «ы» дыбысы сөздің қай жерінде екенің айтады. Мысалы:ыдыс-«ы» дыбысы сөздің басында және ортасында естіліп тұр. «І» дыбысына байланысты жұмыс та осылай жүргізіледі.

4.Сергіту жаттығуы. 5.Дәптермен жұмыс. «Ы» дыбысы қатысты сөздерге мысал келтір: дыбыс сөздің басында дыбыс сөздің ортасында дыбыс сөздің аяғында. Әр сөзге жазбаша түрде дыбыстық талдау жасап,сөзді баспа әріптермен жазу. Бір сөзді байланыстырып сөйлем құрату.

«І» дыбысы қатысты сөздерге мысал келтіру: дыбыс сөздің басында дыбыс сөздің ортасында дыбыс сөздің аяғында. Ә сөзге дыбыстық талдау жасап,дәптерге жазу,сөйлем құрату.



6.Ойын «кім жылдам»? Мұғалім алдымен буындар оқиды,ал оқушылар «Ы» дыбысын естісе қызыл шаршыны,ал «І» дыбысын естісе сары шаршыны көрсетеді. Шы ны сі тік лі міс бын лім дыс қы Бы ғы сы лық лы мыс пін лым тіс кі

Келесіде мұғалім тұтас сөздер оқиды. Ыстық-істік қиық-киік жық-жік ыс-іс Ірімшік,білім,шыны,піл,қиық,сабын,жеміс,келін,тауық,кісі,торсық, іні тыс.

7 Перфокартамен жұмыс 8Тақпақ жаттату

Қарындаш. Мынау-сары қарындаш Мұнымен күнді бояймын. Мынау-қоңыр қарындаш, Мұнымен құмды бояймын. Мынау-қара қарындаш, Мұнымен түнді бояймын. Мынау – жасыл қарындаш, Мұнымен гүлді бояймын.

Мынау –көк қарындаш, Мұнымен туды бояймын. Мен суретші баламын.

Қарындашты аламын Ақ маманың суретін, Ақ бояумен саламын.

5.Қорытынды. Сонымен,бүгінгі сабақта біз қай дыбыстарға тоқталдық? Әр дыбысқа сипаттама бер Жуан түс қандай түспен белгіленеді? Жіңішке дыбыс ше?

6.Оқушылар білімін бағалау.

7.Үйге: тақпақты жаттап келу



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!