400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Я әріпінің жазылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 2 сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақтың тақырыбы: Я әріпінің жазылуы


Мұғалімнің аты-жөні:Баймуканбетова А

Күні:

СЫНЫП: 2 «В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Я әрпін жаза отырып сол әріп туралы түсінік алады, есте сақтап, талдай біледі, оқушы бойына қамқорлық сезім қалыптасады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Ауызша және жазбаша тілді, я әріпінің жазылуы туралы жаттығулар орындау, оларды ажырата білуді қалыптастыру

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Ақпарат көздері арқылы «Я әріпінің жазылуы» туралы ақпаратты толықтыру.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік

Тілдік құзіреттілік

Я әріптері бар сөздерді дұрыс жазу

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

И әріптері

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы


Психологиялық даярлық

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза, мөлдір қөңілмен

Сабағымызды бастаймыз!


Жаңа білім

10 минут




Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

Дыбыс деген не? Әріп деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? – И дыбысы қандай дыбыс? Сый, тый сөздерінің жазылуын айт?

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

1-тапсырма. Сөзжұмбақты суретке қарап шеш. Берілген сөздерге сөйлем құрап айт.

4


1





2












3











Picture 1 Picture 4

2 1

Picture 7 Picture 10


4 3


2-тапсырма. Төртбұрыш ішіндегі әріптерді ретімен құрастырғанда сөздер оқуға болады. Қане, оқып көрейік.


3-тапсырма. Әріп жұмбақты шеш.

1.Қоянда бар,
Қайыңда жок.
Қиярда бар,
Қиында жоқ. (я)

2.Дария да бар.

Дариға да жоқ.

Бояу да бар,(я)

Қалам да жоқ

3.Арықта бар,

Сезімде жоқ.

Балықта бар,

Теңізде жоқ.(қ)

4.Мысыкта бар,

Күшекте жок.

Ыдыста бар,

Алмада жок. (Ы)

Бүгінгі тақырыбымыз «Я әрпінің жазылуы» Барлығымыз оқулықтағы 1–жаттығуға назар аударамыз. Сөздерді оқып, буынға бөліп жаз.

Зиян, қиял, сия, жария, Сәния, қияр, тақия, Дания.

Я әрпі қандай әріптен кейін жазылған? Осы сөздерде қанша дыбыс, қанша әріп бар.

2- жаттығуды қараймыз. И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі? Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

Дәри..., Әли..., Бақти...р, Қи...лбек, Ғали...

И әрпінен кейін қандай әріп жаздың?

Адам аттарын қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.

Сөздердегі и әрпінен кейін а естілгенімен, я жазылады: Жания, мия, пияз, қияр.

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқы.

Ақ мамам

Өзің саған м...ят күн,

Сен деп таңым жиі атты.

Ақ мамамның айқайы

Айналайын с...яқты.

Ә.Дүйсенбиев.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, өлеңді көшіріп жаз. Я әрпінің алдынан келген әріптің астын сыз. Ол қандай дыбыс? Бұл өлеңнің әнін білесің бе? Ана туралы қандай ән білесің?

«Мият» сөзінің мағынасын іздестіріп көр.

5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.

Өтірік өлең

Мая- мая мияны

Жалғыз маса жияды.

Сауыт- сауыт сияны

Тауық тауып құяды.

Т.Елеусізұлы.

Қосарлы дыбыстың орнына жазылған я әрпі бар сөздерді тап. И әрпінен кейін келген я дыбысы қалай естіледі? Осындай сөздерге мысал келтір.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

1-тапсырма. Ребусты шеш. Ребусты шешкен кезде, мақалдың бірінші бөлігін табылыды, екінші бөлігін жалғастыр. Я әрпі кездескен сөзді тап. Мақалдың мағынасын түсіндір.

2-тапсырма. «Кубизм» әдісі. Сұрақтарға жауап бер.
1. Я қандай дыбыс?
2. Сыныпта есімдерінде я әрпі бар оқушылардың есімін ата.
3. Тақия деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
4. Я әрпі қандай дыбыстардың орнына жазылады?
5. Йа естілгенімен жазыла ма?
6. И дыбысы қандай дыбыс?


Кері байланыс

Рефлексия

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.


Үй тапсырмасы

4-жаттығу


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
1007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі