400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Уа, еркіндік! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім" 5 орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары 5 орыс сыныптарының жаңартылған бағдарламасы бойынша жазылған. 5 орыс сыныптарына сабақ беретін мұғалімдерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Менің тәуелсіз Қазақстаным

Мектеп: Ақмола облысы

Целиноград ауданы

«№ 2 Қосшы орта мектебі» ММ


Күні: 09.12.2017.

Мұғалімнің аты-жөні:

Зәмзебай Кенже Серікбекқызы

Сынып: 5 «В»

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Уа, еркіндік! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5 Т.2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және негізгі ақпаратты анықтау

5 О.5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы

Мәтінді тыңдау, мазмұнын түсіну

Оқушылардың көпшілігі

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

Оқушылардың кейбірі

Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді қолдану

Бағалау критерийі

  • Мәтінге сай негізгі ақпаратты анықтайды

  • Ақпараттарды мәтін мазмұнына қатысты ажыратады (білу, түсіну)

Тілдік мақсаттар


Сөздердің мағынасына мәтінге сүйене отырып, түсінік беру.

«Шер – мұң», «бодан», «бұғаулану», «өгей», «еркіндік», «қасиет», «қастерлі», «еңсе», «құрсау», «боздақ» сөздеріне түсінік беру.

Құндылықтарға баулу




«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарының ең бастысы – Қазақстанның тәуелсіздігі туралы ой қозғап, оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Слайдтар, интерактивті тақта, www.zharar.com.kz сайты, https://www.youtube.com/watch?v=f_gCsgK1nyQ бейнематериалындағы Қ. Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі

Тақырып бойынша алдыңғы білім




Ақын Қалқаман Сариннің өмірі мен шығармашылығын біледі



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



4 минут

Ұйымдастыру кезеңі

«Жақсы сөз – жарым ырыс» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуына әсер етеді.

Нұсқаулық: Оқушылар шеңберде тұрып, бір оқушы екінші оқушыға тілек білдіреді. Мысалы:

- Мен Сізге табыс тілеймін!

- Мен Сізге бақыт тілеймін!

Оқулық, қазақша-орысша сөздік,

бейне таспа, фотоколлаж, топтық тапсырмалар, «Жүректен жүрекке» флипчарты, жүрекшелер

Сабақтың ортасы









3 минут


















6 минут









































3 минут





























2 минут












7 минут







































3 минут







4 минут


































4 минут

Білу және түсіну

1-қадам. Мына суреттерден не көріп тұрсыздар.



2 -қадам. Миға шабуыл әдісі.

  • Еркіндік деген не?

  • Еркін өмір сүру дегенді қалай түсінесің?

  • Қазір біз еркіндікте өмір сүріп жатырмыз ба?

  • Еркіндік деген сөздің қандай синонимдері бар?

  • «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?


Cуреттегі құстар мен «тәуелсіздік» деген сөз арасында байланыс бар ма?


СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС

Жұптық жұмыс

1-тапсырма. Оқушылар мұғалім берген сөздермен жұмыс жасайды. Оқушыларға сөздіктер таратылады

Сөздіктің көмегімен сөздік қорды байыту


Сөз

Сіздің

ойыңызша,

оның

мағынасы

қандай

Сөздіктегі анықтамасы

Сөзді пайдалана отырып құрылған сөйлем


шер, мұң –

печаль, тоска



Бодан –

подчиненный



бұғаулану –

стать зависимым



өгей –

нерод-ной, некров-ный



еркіндік –

свобода



қасиет –

достоинство, ценность



қастерлі –

дорогой, чтимый



еңсе –

спинная часть тулови-ща



құрсау –

обивать



боздақ –

погиб-ший за Родину молодойпарень



ТЫҢДАЛЫМ.

2-тапсырма. Оқушылар Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін бірінші рет тыңдап, сөздіктегі сөздердің астын сызады.


Өлеңмен жұмыс

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

...

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі

Мұғалім сөзі/Қосымша ақпарат:

Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасына арналған. Ақын өлеңінде тәуелсіздіктің оңай келмегенін айтады. Тәуелсіздік жолында Қайрат, Ләззат, Сабира сынды жастар өз өмірлерін қиған. Олар сол кездегі саясатқа қарсы шыққан. Ақын осы қиыншылықпен келген тәуелсіздікті жырлаған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті 1991 жылғы 16 желтоқсанда алды. Осы тәуелсіздікті сақтау біздерге аманат екенін айтады.


3-тапсырма. Қалыптастырушы бағалау


Бағалау критерийі Білім алушы


  • Мәтінге сай негізгі ақпараттарды анықтайды

  • Ақпараттарды мәтін мазмұнына қатысты ажыратады

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі


Тапсырма.

  • «Тәуелсіздік» өлеңін екінші рет тыңдап, «Дара диаграмма» графикалық органайзеріндегі «Тәуелсіздік» сөзінің айналасына мәтінге сай негізгі ақпараттарды анықтаңыз;

  • Мәтіндегі 8 нақты ақпаратты ажыратаңыз.

Group 1













Дескриптор Білім алушы

  • мәтін мазмұнына сай негізгі ақпараттарды анықтайды;

  • Мәтіндегі 8 нақты ақпаратты ажыратады.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы мұғалім оқушыларға баға береді.

Сергіту сәті. Б. Тілеухан, Н.Назарбаев «Қазағым, елім» әнін тыңдау


Қолдану

Топтық жұмыс

4-тапсырма. «Кофе араластырғыш таяқша» әдісімен оқушыларды таяқшалардың түстеріне сай саралап 3-топқа бөлемін.

То



















Cараланған тапсырмалар:

А тобы. Суреттерге тақырып қояды.

В тобы. Суреттерді сипаттайды.

С тобы. Суреттерді Қ.Сариннің «Тәуелсіздік өлеңімен байланыстырып түсіндіреді. Оқушылар қосымша ақпарат көздерінен алынған ақпараттарды қолданады.


ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы іске асады.



5-тапсырма.

«Ыстық орындық» әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады).

Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып,


Қарапайым сұрақ

Дәлел сұрақ

Интерпретациялық сұрақ

Тәжірибелік сұрақ

Бағалау сұрағы

Шығармашылық сұрақ бағытында берілген сұрақтарға жауап бере отырып, өз көзқарасын жеткізеді. Сұрақтар «Тәуелсіздік сыйы» қобдишасынан алынады.

Сұрақтар:

  1. «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесің?

  2. «Тәуелсіздік» өлеңінің авторы кім?

  3. Еркіндік сөзінің қандай синонимдері бар?

  4. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?

  5. «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  6. 1986 жылы қандай оқиға болды?

  7. Ақын өлеңінде «Тәуелсіздікті» қасиеттім, қастерлім деп неге айтты?

  8. Біздер тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ба?

  9. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту үшін біздер не істеуіміз керек?



ҚБ. «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы іске асады.








Суреттер







































Қазақша-орысша сөздік





























































https://www.youtube.com/

watch?v=f_gCsgK1nyQ сайты

















































































https://www.youtube.com/

watch?v=f_gCsgK1nyQ сайты







































































































































«Тәуелсіздік сыйы» қобдишасы











Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия. «Жүректен жүрекке» кері байланысы арқылы мұғалім жүрегінен оқушы жүрегіне не жеткенін оқушылар жүрекшелерге білгендерін жазып, флипчарттағы жүрекке жапсыру арқылы білдіреді.

Оқушылар жүрекке не жазу керек?

1. Өлеңнің мазмұнын түсінгенін

2. Өлеңнің маңыздылығын

3. Өз көзқарасын білдіруде қиындық болғанын

4 Стрелка вправо 1 . Қиындықты жеңу үшін не істей алатынын

Жүректер жапсырылған флипчарт, жүрекшелер









Үй жұмысы

«Тәуелсіздік» тақырыбына «Синквейн» әдісі арқылы бес жолды өлең дайындау

Оқулық.

9-тапсырма,

43-бет

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы, тапсырмалардың сараланып, кері байланыс арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлаймын.

Сараланған тапсырмалар барысында кейбір оқушылар мұғалімнің көмекшісі ретінде басқа оқушыларға тапсырмаларды түсініп орындауға көмектеседі.

Рефлексия. «Жүректен жүрекке» кері байланысы арқылы мұғалім жүрегінен оқушы жүрегіне не жеткенін, бүгінгі сабақта нені үйренгендерін, нені білмегендерін, не қызықтырғанын жүрекшелерге жазып, флипчарттағы жүрекке жапсыру арқылы білдіреді.



Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1:

2:







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі