жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосомалардың химиялық құрамы және құрылысы, жасушадағы атқаратын қызметі.
Класы: 9 Күні: 28.09.13 Рет саны: 8 Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы: Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Оқушыларға ядроның құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру. ядроның жетекші рөлі жайында түсінік беру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ядроның құрылысын, атқаратын қызметін есте сақтау қабілетін дамыту Оқушылардың, синтездеу, талдау, нақтылау, қорытындылау қасиеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларға білімділікпен дамытушылықты бере отырып, ядроның құрыылысы мен қызметін түсіндіргенде пайдалана білуге баулу.
Міндеті: Ядроның құрылысы мен қызметін білу. Ядроның жетекші рөлін білу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақ барысы:
Әдістемелік шешім : Әңгіме-сұхбат, сұрақ жауап, баяндау, көрнекілік.
Құрал – жабдықтар : Суреттер, кестелер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, кезекші есебін тыңдау.Оқушылардың назарын сабаққа аудару,
II. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
§ 7 мазмұнын сұрау. Қосымша сұрақтар қою (ауызша)
-
Плазмалық жарғақшаның құрылысы қандай?
-
Өсімдік жасушасында пластидтер қай типтерге бөлінеді?
-
Лизосомалар мен Гольджи жиынтығы арасында қандай байланыс бар?
-
Эндоплазмалық тор және рибосомалар қандай қызмет атқарады?
-
Митохондриялар неге энергетикалық станция деп аталады?
а) органоидтар мен олардың атқаратын қызметтері арасындағы сәйкестіктерді анықтаңдар?
|
Органоид |
Атқаратын қызметі |
|
1. Жарғақша |
А. Нәруыздар биосинтезін іске асырады |
|
2.Центроилдар немемсежасушалық орталық |
Б. Бөліну шүйкесін түзеді – хромосомаларды еншілес жасушалар бойынша біркелікі бөліп орналастыратын ерекше органоид. |
|
3.Лейкопластар |
В. Жасушалар қозғалысын іске асырады |
|
4.Лизосомалар |
Г. Зиянды немесе қоректік заттарды ыдыратады, автолизді іске асырады. |
|
5.Ядро |
Д. Заттардың жасушашілік көлігі. Майлар синтезі, нәруыздар және көмірсулар биосинтезі. |
|
6.ЭПТ– эндоплазмалық тор |
Е. Жарғақшалық көпіршіктерді синтездейді, заттарды сақтауды іске асырады, жасушаішілік көлік, майлар мен көмірсуларды синтездеуді іске асырады. |
|
7.Талшықтар, кірпікшелер |
Ж.Өсімдіктер жасушаларындағы жасушаішілік (тургорлық қысым) |
|
8.Гольджи жиынтығы |
З.Жасуша тіршілігін басқару, рибосомалар қалыптастыру.
|
|
9.Хлоропластар |
И. Тұқым қулау ақпаратын сақтау және жеткізіп беру, нәруыз биосинтезіне басшылық жасау. |
|
10.Митохондриялар |
К. АТФ және кейбір май қышқылдарын синтездеу. |
|
11.Нағыз нәруыз |
Л. Фотосинтезді іске асырады. |
|
12.Рибосомалар |
М. Крахмал синтездейді. |
|
13.Хромопластар |
Н. Қоректік немесе зиянды заттарды жинақтайды, каротиноидтары болады. |
|
14.Хромосома |
О. Жасушаны қорғайды, таңдап сіңіруді іске асырады, фагоцитоз және пиноцитоз. |
ІІI.Жаңа материалды оқыту.
Ядро нәруыз (белок) түзілуді реттейді. Ядродағы ДНҚ молекулаларында түқым қуалаушылык ақпараты болады хромосоманың негізгі болігін құрайды . Адам денесіндегі әрбір сомалык жасуша ядросында 46 хромосома, ал жыныс жасушаларының ядросында 23 хромосома болады.
Ядроны сыртынан ядро мембранасы қоршайды. Ядро ішінде ядро шырынымен мен рибосомалар түзілетін бір немесе бірнеше ядрошық болады. Рибосомалар жасушада нәруыз-дарды синтездейді.Ядро пішіні әр түрлі жасушаларда ғана емес, бірдей жасушаларда да жай-күйіне байланысты өзгергіш. Олар сопақша, дөңгелек, таяқша тәрізді, кейде сегменттелген болады.Ядро гиалоплазмадан (мелдір матрикс), ондағы органоидтер мен қосындылардан тұратын цитоплазмада орналасады.
Ядро – хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдылар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады. Ядроның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.
Ядрода ядро шырын сөлі, хроматин және бір немесе бірнеше ядрошық болады. Ядро шырын сөлі ядроның құрылым аралық кеңістігін толтыратын мөлдірлеу тұтқыр сұйықтық болып саналады. Ядро шырын сөлінің құрамында нәруыздар, ядро ферменттері, хроматин нәруыздары, бос нуклеотидтер, РНҚ-ның барлық түрлері, ядрошық пен хроматин әрекеттерінің өнімі болады.
Хроматин дегеніміз – ДНҚ және нәруыздары бар ядроның жіп тәрізді құрылымы. Ол хромосомалардың шиыршықтана ширатылған және тығыз үлескісі болып есептеледі.
Хромосомадан бірінші реттік кермеленуді немесе центромерді ажыратып көруге болады, ол хромосоманы екі иыққа бөледі. Ағзаның тәндік жасушалардың барлығындағы хромосома саны бірдей, қосарлы, ал жыныс жасушаларында хромосомалар екі есе аз – жеке жиынтық болады. Бір түрге жататын ағзалардың барлығының жасушаларындағы хромосомалардың құрылысы, саны мен мөлшері бірдей. Ағзаның тәндік жасушаларының хромосомаларының барлық белгілернің жиынтығы кариотип деп аталады. Ағзалар түрінің көпшілігінде хромосомалар саны тақ болып келеді. Тәндік жасушаларда пішіні мен мөлшері бірдей екі хромосома болады, оның біреуі – аналық ағзадан, екіншісі – аталық ағзадан тұрады. Сондықтан пішіні, мөлшері және құрамы бойынша бірдей хромосомалар ұқсас хромосомалар деп аталады.
III. Сабақты бекіту:
-
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жазыңдар:
а) _____________ - тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі.
ә)_____________ жасушаның сыртын қаптайды, ______ мен ________ заттардан түзілген.
б) Плазмалық жарғақшаның тесігі бар жерін _________ дейді.
в) _______________ жасушаның ішінде үздіксіз қозғалады.
г) Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек __________________ болады.
ғ) __________________ бөліктерін «ген» дейді.
д) Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ____________________, басқа кезеңінде қайта түзіледі.
IҮ. Оқушы білімін бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан, сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды бағалау.
Ү.Үйге тапсырма: §6 оқу. Жасуша органоидтарының атқаратын қызметіне арналған кестені толтырыңдар (жұмыс дәптерінен 17 беттегі №37 тап).
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген